Home » Мақалалар » ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ

ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ

 Қызылорда қаласы
Сұлтанназар Ақтоты Хайруллақызы
№217 Б. Шалғынбаев атындағы IT мектеп- лицейі
ағылшын тілі мұғалімі

       Әлемдік білім беру кеңістігіндегі өзгерістер, біртіндеп Қазақстан Республикасының отандық білім беру жүйесіне еніп келеді. Әлем қарыштап дамып, жаһандану кезеңінде тұр. Білім саласындағы өзгерістер, біздің елімізге де әсер етпей қоймайды. Еліміздің өзге мемлекеттермен терезесі теңесіп, білім беру жүйесінде білім алушылар және оқушылар үшін керемет мүмкіндіктер көрсетіліп жатыр.
    Бүгінгі ұрпақты білімі мен біліктілі, сәні мен салтанаты жарасып өсіп келе жатыр десем қателеспеген болар едім. Елбасы Н.Ә.Назарбаев жыл сайынғы жолдауларында білім саласы мен жастар тақырыбын айналып өтпеді. Соның соңғы легінде мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мақсатында үштілділік және жаңартылған бағдарлама бойынша балаларға білім беру турасында айтылды. Білім мазмұнын жаңарту – білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады. Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру – жаңартылған білім мазмұнын енгізудің нәтижесі болуы керек [5] «Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқалады», – дейді Абай. Сол себепті бала бойына білім беру үшін, ұстаздың да махаббаты ерекше болуы тиіс. Оның білімі бірінші орынға келеді.
Жаңа бағдарлама мұғалімдерге қазіргі заманға оқыту әдістерін жеті модуль арқылы ұсынады.
1.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
Жаңа тәсілдерді жетілікті меңгерген ұстаз ғана, шәкіртіне үйрете алады. Сондықтан бірінші ұстаздардың біліктілігі арттырған жөн деп есептеймін. Сонымен қатар жаңа технологиялармен жұмыс істер қарқынын көбейту керек.

  1. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Оқушы берілген тапсырма немесе сабаққа байланысты, өзінің пікірін еркін жеткізе алу қажет. Сонымен қатар баланы еркін сөйлеуге үйрету.

  1. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.

Бұл тұсы мұғалімдердің бағалаудың түрін өзгерту туралы айтылып отыр. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Спиральділік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» (1960) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Оған оқу мақсаттарын зерделей отырып тапсырмаларды, сабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздік. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалды бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналасуға ықыласын туғызады.
4. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.

Шет елдік бақтардағы немесе білім беру жүйесінде қолданатын әдістер бойынша жұмыс қарқындылығын арттыру. Балалармен кері байланыс орнатуды естен шығармау.

  1. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Ортасынан оза шабатын оқушылар қаншама! Солардың қабілетін уақытында тани біліп, әрі қарай дамуы үшін барын салу.

  1. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай білім беру және оқыту.
    Әр жастағы баланың дамуы түрлі болады. Сол себепті жас ерекшелігіне мән берген абзал.
  1. Білім берудегі басқарушы және көшбасшылық.
    Сабақ барысында топтық жұмыс жүргізген уақытта айқын көрінетін бөлімнің бірі. Себебі топ ішінен өзінің үздік екенін, ойын анық жеткізе алатын оқушылар көзге түсетіні анық.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Тамыз кеңесінде 2021 жылы еліміздегі мектептерді жаңартылған білім беру мазмұнына көшіру толық тәмамдалатыны айтылды.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі неде?

  1. Ең бірінші пән мазмұнының  спиральді берілуі керек. Өйткені спиральді білім арқылы пәнді оқушы терең меңгереді.
    Оқу мақсатарына жету.
    3. Ортақ тақырыптардың берілуі.
    4. Оқу мазмұнының қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді болуы жоспарлармен ұйымдастырылуы.

Ел ертеңі – білімді жастар қолында! Үйдің іргетасы қалай қаланса, оның беріктігі мен ұзақ уақыт қызмет етуі де содан болмақ. Адам өміріндегі білім көкжиегінің алғашқы баспалдағы білім ордасында алынған білімнің биіктігі қаншалықты екенін оның болашақтағы білікті маман болғанынан байқауға болады.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.