Home » Мақалалар » Оқытудың тиімді әдістері

Оқытудың тиімді әдістері

Қызылорда қаласы
Қойшыбай Нұрсәуле Бауыржанқызы
№217 Б. Шалғынбаев атындағы IT мектеп- лицейі
ағылшын тілі мұғалімі


 «Білімді болу деген сөздің мағынасы — белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым»,- деп ұлы ойшыл Әбу Насыр Әл-Фараби өсиет етіп қалдырған. Елімізде қазіргі таңда білім беру жүйесін инновациялық технологиялармен жабдықтап, халықаралық тәсілдерді қолдана отырып балаларға білім берудің маңызы ерекше. Оқушы бойындағы өзіне тән ерекшелік пен жеке қасиеттеріне, қабілетін жетілдіріп, заман талабына сай жетелеп отырсақ белесті бағындығанымыз болады.
       Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған орай ұстаздарымыздың біліктілігін арттырып, мемлекет тарапынан оңтайлы шешімдер қабылданды. Сонымен қатар өздерін жаңа технологияларды қолдануды, сабақ беру мазмұнындағы әдіс-тәсілдерді өзгерте отырып, оларды тиімді қолдану міндеті бар. Шет тілдерін меңгеріп, еркін форматта кітаптарды және электронды сабақтарды түсіне алатындай деңгейге жетуге тиістіміз. «Болашақ – білімді жастар қолында», — бүгінгі оқушы ертең елдің тұтқасын ұстар жан!
Жаңартылған білім мазмұны мұғалімнен әрекеттік технологияларды енгізу, балалармен адамгершілік қатынас қағидасын іске асыруы арқылы сыныптағы әрбір оқушының жеке қабілеттері мен шығармашылық қатынасын дамытуды қамтамасыз ететін іс-әрекеттерін ұйымдастыруды талап етеді. Заманауи мұғалім оқыту стратегиясының барлық мүмкіндіктерін қолдану үшін түрлі педагогикалық тәсілдерді құрамдастыруда әртүрлі арсеналы болу қажет. Білім беру стратегиялары барлық сыныппен, топта жүргізілетін жұмыс, жеке жұмыс және білім алушылармен кері байланыстан тұрады. Мұғалім әріптестерімен бастауыш сыныпта оқыту бойынша желілік кәсіби қауымдастық шеңберінде, коучинг және менторинг процестерінде кәсіби ынтымақтастық орнату қабілеттерін жетілдіруі қажет деп ойлаймын. Қазіргі таңда мұғалімдердің басты міндеттерінің қатары толықты:

  • оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетiлдiрiп отыру
  • педагогикалық технологияларды меңгеру

Балаларды оқыту барысында, жаңаша  тәсілдер өзінің жемісін беріп келеді. Олар баланың жеке қасиеттерін аша отырып, танымын қалыптастыруға, білім көкжиегін кеңейтуге, білімін тереңдетуге бағытталып отыр. Соның ішінде ең көп таралғаны  «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы. Бұл технологияның  ұтымды жері —  баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі. Яки оқушының қызығушылығын оятуды басты назарға ұстаған жөн.
Бала – ізденуші, өздігінен шешім қабылдай отырып, алға қарай ұмтылады.
Мұғалім – бағыттаушы, бағыт береді, ізденудің жолдарын ашып береді. Педагог орасан зор көлемді ақпарат әлемінде оқушыға өзіндік көзқарас, түсінік пен құндылықтарды қалыптастыруда  жанашыр көмекші іспеттес.
      Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырды адамзат дамуы көшінен қалмай ілгерілеу күші» деген еді. Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында, жас ұрпақты болашақ өмірге сеніммен аттандыру  ұстаздың қолында. Ұстаз осы жолда аянбай еңбек етіп, тынбай ізденуі, оқытуға қажетті жаңа, тиімді әдіс-тәсілдерді іріктеп, сұрыптап алуы шарт.
Осы мақсатта Тиімді оқыту теориясының «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулінің берері мол. «Балалар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылады» [1, б. 12] демекші бала білім беру үрдісіндегі басты тұлға. Біз оған тек дайын білімді беріп қана қоймай, өз сана-сезімімен түсіне отырып алуына мүмкіндік жасауымыз керек. Мұғалім оқушыны оқыту үрдісін бастамас бұрын «Қалай оқыту керектігін» басты мәселе қылып алуы тиіс. Осы мәселені шешуде «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модуліне жүгінген абзал. Тиімді оқыту теориясындағы бұл модуль  «Диалог негізінде оқыту және оқу» (Mercer, 1995; Alexander, 2008), метасана немесе «Қалай оқу керектігін үйрету» (Flavell, 1976; Vygotsky, 1978) деген атаулармен танымал педагогикалық тәсілдер әлеуметтік-сындарлылық идеяларының қазіргі заманғы маңызды түсіндірмелері ретінде қолданылады»[1, б. 12] деп баса айтылған.
«Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы»  деген нақыл сөз бар. Ұстаздың берген білімі, шәкіртке мәңгіге азық. Шәкіртінің шыңға шыққаны, ұстаздың еңбегінің жемісі екені анық. Сонымен қатар студент және білікті маман болары сөзсіз. Халықаралық деңгейде болуымыз үшін, ұрпағымыздың білімді болуы басты мақсат!

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Интербелсенді оқу әдістемесін мектепте қолдану»  Оқу құралы /Әлімов А.Қ., Астана, 2014ж. «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы.
  2. «Ел және мұғалім» газеті, №5 (0014), 10 ақпан, 2017 ж.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.