Home » Жаңалықтар » Әлеуметтік кәсіпкерлік жобалары жүзеге асырылуда

Әлеуметтік кәсіпкерлік жобалары жүзеге асырылуда

  Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласында: «Туған жеріне көмек жасағандарды  қолдап-құрметтеудің түрлі жолдарын табу керек», — делінген. Кеше Тараз қаласының төрінде «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Осыған орай «Жыл меценаты», «Туған өлке», «Жыл тұлғасы», «Жылдың үздік ұйымы», «Ерен еріктілік» номинацияларына лайықты тұлғалар марапатталды.

        Іс-шараға ат салысқан Жамбыл облыстық Ішкі саясат Басқармасының ұйымдастыруымен 13 әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жобаларының ішінде 3 жоба алдыңғы қатардан көрініс тауып жүлделі орындар иеленді. Бірінші орынды «Жас директорлар клубы», екінші орынды «Дизайн-Бюро» иеленсе, үшінші орынды «Тау-туризмін дамыту клубы» қанағат тұтты. Үш жобаның ерекшелігі — өз жоспарларын ғана іске асырып қоймай, өзге де дарынды жастарға көмек көрсету болып табылады. Байқауды ұйымдастырушылардың келісімшарты бойынша «Дизайн-Бюро» 3 жас кәсіпкерлерді таңдап, бренд жасауға көмек көрсетеді, ал «Жас директорлар клубы»  таулы өлке бизнесіне қол ұшын созса, «TarTau» туризм клубы әлеуметтік белсенді жастарға таулы өлкеге саяхат жасауға міндетті.

P.S. «Жамбыл облыстық Ішкі саясат Басқармасы елімізде алғашқылардың бірі болып әлеуметтік кәсіпкерлік жобалардың жүзеге асырылуына өз үлесін қосып келеді. Жоғарыда аталған жобалар «Жамбыл облысының КЕҮ Ассоциациясы» тарапынан іске асырылуда», — дейді «Жамбыл облысының КЕҮ Ассоциациясы» Заңды тұлғалардың бірлестігінің төрағасы Айнұр Орынтайқызы Заурбекова.

Жансая Құрманғалиқызы,

«BILIM AINASY» газеті,

Тараз қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.