Мектептен тыс қосымша білім беру — бұл бала тәрбиесіндегі маңызды әрі шешуші фактор болып табылады. Қосымша білім беру бұл баланың таным көкжиегін кеңейтуге, шығармашылық қасиеттерін арттыруға мүмкіндік береді.
ҚР БжҒМ мәліметінше, бүгінгі таңда Қазақстанда әрбір үшінші оқушы мектептен тыс қосымша біліммен қамтылған. Білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде қосымша біліммен қамтылған балалар саны айтарлықтай өсті.
2019 жылы 18 қазанда Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетовтің төрағалығымен балаларға қосымша білім беруді дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті
Кеңесте балаларға қосымша білім беруді одан әрі дамыту, қосымша білім беру жүйесінде жан басына қаржыландыру, Оқушылар сарайларының стратегиялық дамуы, балаларға қосымша білім беру жүйесін дамытуды басқарудың әлеуметтік тетігі мәселелері қаралды.
Жиын қорытындысы бойынша Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов колледждер мен ЖОО жанынан үйірмелер, студиялар мен балаларға арналған секциялар ашу мәселесін қарауды тапсырды. Сондай-ақ, балаларға қосымша білім беру жүйесінде жан басына қаржыландыру тетігін әзірлеу жоспарлануда.
АРНАБЕК Нұрбол
BILIM AINASY газеті
Нұр-Сұлтан қаласы