Home » Жаңалықтар » Колледж студенттері 3 ұқсас біліктілікке дейін алу мүмкіндігіне ие болды

Колледж студенттері 3 ұқсас біліктілікке дейін алу мүмкіндігіне ие болды

Үкімет сағаты барысында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қатысушыларды техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы қазіргі жағдаймен таныстырды. Ведомство басшысының айтуынша, «Барлығы үшін тегін кәсіптік және техникалық білім» жобасын іске асыру аясында жыл сайын 98 мың орынға, оның ішінде 21 мың орынға республикалық бюджеттен мемлекеттік тапсырыс бөлінеді.

Халықаралық талаптар негізінде кадрларды даярлау сапасын арттыру үшін, оның ішінде «WorldSkills» үшін студентке және еңбек нарығы үшін қолайлы модульдік-құзыреттілік бағдарламалар әзірленді. Енді колледж студенттерінің бір оқу кезеңі шеңберінде 3 ұқсас біліктілікке дейін алу мүмкіндігі пайда болды.

Бизнестің көмегімен 6 колледжде Құзыреттілік орталықтары ашылды. ҚР БҒМ 2023 жылға дейін мұндай орталықтар барлық жерде жұмыс істейтін болады деп жоспарлап отыр.

Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап колледж студенттерінің стипендиясы артқанын атап өту керек. Оның аясында 180 колледж және 20 ЖОО базасында үш жыл ішінде жаңа стандарттар бойынша 200 мыңнан астам маман даярланады, 15 мыңнан астам оқытушы біліктілігін арттырады.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.