АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ПИЛОТТЫҚ ЖОБА
«Өрлеу «БАҰО» АҚ Солтүстік Қазақстан филиалы базасында ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған «Өрлеу және British Council» деген тақырыптағы пилоттық жоба бойынша баспасөз конференциясы өтті. Бұндай пилоттық жоба теріскейде ғана емес халықаралық деңгейдегі жобаның бір бөлігі. Бүгінгі таңда аталмыш жоба бойынша Қазақстан, Грузия, Украина, Өзбекстан, Армения және Әзірбайжан сияқты алты мемлекет қатысып отыр.
Баспасөз конференциясына пилоттық жобаның республикалық үйлестірушісі Н. Сүлейменова, ағылшын тілі жобаларының менеджері «British Council» А.Бектұрова, Г.Есенгенова, білім басқармасы білім мазмұны және сапасы бөлімінің басшысы Черных, аудандық (қалалық) әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, әдіскерлер, тәжірибелі педагог-практиктер, жобаға кірген мұғалімдер қатысты.
Мұғалімдер бұл жобаға «British Council» платформасында тәуелсіз іріктеуден өткен және В1 деңгейінен төмен емес ағылшын тілін еркін меңгерген ағылшын тілі мұғалімдері қатысты.
Бұл жоба British Council Online Teacher Community онлайн платформасында 10 апта бойы оқытуды көздейді.
Жобаға СҚО-дан 55 мұғалім қатысады, оның ішінде 72% Ауылдық жердегі педагогтар.
Петропавл қаласы бірінші қалалық жалпы білім беретін IT-лицейінің ағылшын тілі мұғалімі Т. Арендаренконың ағылшын тілінен feedback – тиімді өткізілген баспасөз конференциясының басты құрамдас бөлігі болып табылады.
Бұндай ірі жобаларды ұйымдастырудың негізгі мақсаты ағылшын тілі мұғалімдерінің білім, білік дағдыларын қалыптастыру және қайта даярлау болып есептеледі. Бұл жоба арқылы шетелдерде де өз білімдерін жетілдіру мүмкіндігі туындайды,- дейді ұйымдастырушылар.
Көкбасқызы Жазира
«BILIM AINASY»,
СҚО