Home » Мақалалар » Жұмбақ жайлап, аңыз өрген  Маңғыстау!

Жұмбақ жайлап, аңыз өрген  Маңғыстау!

Шахаева Турсынай Базарбековна,
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы білім басқармасы
«№6 жалпы білім беретін мектеп»КММ
тарих пәні мұғалімі педагог-сарапшы

Жұмбақ жайлап, аңыз өрген  Маңғыстау!

Мұғалімдер арасында өткізілген интеллектуалдық-танымдық сайыс
Қатысушы: Жас мамандар
Мақсаты: Маңғыстаудың тарихи-мәдени нысандарының тарихын, ерекшеліктерін, құрылысын білу. Оқушылар арасында осындай сайыстарды өткізіп дарынды оқушылардың қабілетін арттыру. Сайыстың аудандық облыстық республикалық сайыстарға оқушыларды дайындауға бейімделу. Отан, туған жер, атамекен, елім, ауылым деген – жүрек тебірентіп, шаттық сезімді оятып қасиетті сөздер мен туған жердің тарихын, шежіресін білу – әрбір азаматтың азаматтық борышы.
Сайыс 3 кезеңнен тұрады.
Топ құрамында 4 ойыншы болуы тиіс. Әрбір топ өз басшыларын таңдауы керек.
Сайыстың өткізу тәртібі:
Барлық топтар бір уақытта, бір залда ойнайды. Топтың міндеті жүргізушінің берген сұрағына 1 минут ішінде жауап беруі керек. Жауаптар жазбаша түрде секунданттарға тапсырылады.
Бағалау критерийлері: Әр дұрыс жауап үшін 1 ұпай.  Жауап нақты, сұраққа сай болуы тиіс. Әр сұрақ үшін ойлануға  1 мин беріледі. 
Рeсурстaр: А — 4 парақтары, стикер, интерактивті тақта, маркер, қалам. 1-кезең.  «Маңғыстаудың халқы,  географиясы мен табиғаты»

  1. Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданында неше елді мекен бар?
  2. Қазақстанның жеті кереметінің бірі, Маңғыстау облысы табиғатының символын атаңыз?
  3. Маңғыстау облысы халқының саны?
  4. Маңғыстау түбегінде орналасқан Қазақстандағы жеті кереметінің бірі-Қарақия ойпаты теңіз деңгейінен неше метр тереңдікте жатыр?
  5. Маңғыстау түбегінің қай бөлігі Каспий теңізімен қоршалған?
  6. Маңғыстаудағы жайылымның негізін құрайтын, басты мал азығы не?
  7. Форт-Шевчевко қаласынан 35 шақырым жерде орналасқан, тобылғы, үйеңкі, бұталармен жабылып, сұр-ескемен көмкерілген жасыл дала қалай аталады? Осы жерде жылауық тастар туралы аңызды естуге болады?
  8. Маңғыстаудың жануарлар дүниесінің бір өкілі дала тасбақалары. Тасбақалар жылдық азығын қалай жинайды?
  9. Қоянсүйек, Қаңғыбас, Түйесіңгір, Сүттіген. Бұлар ненің атаулары:
  10. Маңғыстау тауларының ең биік шыңы қалай аталады?
  11. Ғасырлар бойы түбектің табиғи ерекшелігіне сай қалыптасқан, өміршеңдігімен экономикалық тиімділігі жоғары тұқымдық қор болып есептелінетін адай тұқымды үй жануарының бірін атаңыз?
  12. Каспий теңізі неше мемлекетті біріктіретін су қоймасы? Осы мемлекеттерді атаңыз.

2-кезең. «Маңғыстаудың сыр тұнған нысандары»

  1. Суреттегі тарихи орынды анықтаңыз:
  2. Шерқала тауының орналасқан жерін анықтаңыз:
  3. Үш бидің ескерткіші Маңғыстаудың қай тарихи -мәдени нысанында орналасқан?
  4. 2007 жылы ашылуы болған «Адай Ата» кесенесі орналасқан шың қалай аталады?
  5. Шопан ата жер асты мешітінде кімнің ескерткіші орналасқан:
  6. Суретте көрсетілген тарихи-мәдени ескерткіш қандай тұлғаға тиесілі:
  7. 1908 жылы Қамысбай аулының адамдары жаз жайлауынан қыстауға көшіп келе жатқанда Есет тауы маңында 15 жасар Малика қайтыс болған. Оны сол кездері аруақ қысып, ұстай алмай жүрген кезі екен. Сондықтан көтеріліп те ауырған көрінеді. Қызды сол жерде арулап көміп, әкесі жергілікті қараш руының үлкендеріне белгі тас қоюы үшін шеберлердің қол ақысы ретінде бірнеше малын тастап кетеді. Олар ауылдарына шеберлер келген уақытта басына құлпытас пен сандықтас орнаттырады. Татар шебер құлпытасқа қыздың аты-жөнін жазып, сандықтасқа қыздарға қажетті түрлі әшекей бұйымдарын салған. 2008 жылға дейін, яғни Қамысбай ұрпақтары зират салғанға дейін белгі құлпытас пен сандықтас болып қана тұрды. Бұл қандай ескерткіш:
  8. Барақ батыр жайында көптеген аңыз-әңгімелер кездеседі. Барақ батыр Айшуақ ханды орыстардан босатуға кеткенде, 13 жастағы баласын үйге тастап кетіпті. Содан ұйықтайын десе Шалдар асамен қайта-қайта түртіп Әкеңе көмектес деп ұйықтатпаса керек. Тымағын әкесі танып қалмас үшін бастыра киіп қосынның алғы шебінде жүріп орыстармен айқасса керек. Барақ баласын, айналасында жүрген Шалдарды байқап, Балам маңдайыңнан аққан терді сүртпе деп айқайлайды. Беріліп кеткені соншама, байқамай терін сүртіп қалғанда, бағанадан тимей жатқан оқтардың біреуі иық тұсынан тиеді. Бекет ата мен Барақ ата замандас, бір-бірін сыйлап өткен жақсы дос болып өтіпті. Бекет ата мен Барақ батыр аңызында жеті аққудың ұшуы бар. Ол аңызда Барақ батыр: Бекет атаға «Келе жатқаныңда алдыңнан жеті аққу ұшты, қасиетің жеті атаңа жетер», – десе, Барақ батырға «Алдыңнан үш аққу ұшты, зайырлығың үш атаңнан аспас», – дейді.
  9. Т.Г.Шевченконың кемелденген шығармашылық өмірі Маңғышлақ жерінде өтті.Ақын Орынбор аймағында, Арал теңізінде болып, Маңғышлақ түбегінде неше жыл тұрды. Ол қатаң климат, «құм мен тастар», еріксіздік мәжбүрліктің салдарынан Шевченко бұл жерді «шекарасыз зындан», «қазылған мола» деп атаған. Қазақ жерінде қазақ халқының дәстүрін, мәдениетін, күнделікті тұрмысын зерттеген. Арал теңізін зерттеу экспедициясының құрамында болды.
  10. Маңғыстау сөзінің топонимикалық мағынасы:
  11. Өлеңді толықтыр:

Маңғыстау үш қиянның өрген жері,
Жерленбей жеті жұрттың кеткен жері.
Атамыз _______ мекен еткен жері,
Той қылып _______ туын тіккен жері.

3-кезең. Ойлан, тап!

  1. Маңғыстаудың Бекет ата жер асты мешітінің суреті мектебіміздің қай жерінде орналасқан?
  2. Каспий теңізі жағалауының суреті мектебіміздің қай жерінде салынған?
  3. Мұнайлы ауданы туралы түсірілген фильм атауы:
  4. Адайдың жеті қайқысын атаңыздар:
  5. Қазақстанның ең жұмбақты және құпия маңыздылыққа толы орындарының бірі:
  6. Шақпақ ата несебепті Шақпақ ата аталған:

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.