ТАЛҒАР ҚАЛАСЫ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ
№7МЕКТЕП ОРТА ЛИЦЕЙІНІҢ
6”А” СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
ҰЛАН АЙАРУ
Ертеде, Есімдік деген қария болыпты. Қарияның жеті ұлы бар екен. Бірінші ұлының аты Сілтебек болыпты. Неге?- десеңіздер ол елдің бәрін сілтеп жүре береді екен. Екінші ұлының аты Сұраққали болыпты. Себебі, ол әрдайым :«Не?Қалай? Кім?»- деген сұрақтарды қоя беріпті. Ал, үшінші баласынына Болымсызбай деген есім беріпті. Өйткені,ол өте қырсық және біреу оған сұрақ қойса:«Ештеңе!Ешқандай!»- деп сөйлейтін болған. Төртінші баласы аты -Өздікбек. Себебі,ол тек өзін ғана ойлайды екен. Белгісіз — бұл бесінші баласының аты. Ол есім оның сұрақ қойса, әр нәрсені жасырып, жауап қайтаратындықтан қойылған екен. Алтыншы ұлы -Жалпылаубай. Себебі, сөйлесе жалпылап сөйлейді екен. Мысалы, «- Жұмыс істе!-десе, -Неге бәрі істемейді?» -деп айтса керек. Ендігі ,ең соңғы кенжетайдың есімі -Жіктеубек , ол кенже болсада ерекше бүлдіршін болғаны анық. Өйткені, Жіктеубек 3 кез келген адамның дауысын салып сөйлей алады екен. Мысалы , 1-ші әкесі болып сөйлесе, 2-ші өзін салып, ал 3-ші ретте ағаларының бірі сияқты сөйлей алады. Барлығы кенже Жіктеубекке қатты қызығады,және оның өнерінің сырын білгісі келіпті. Мүмкін, ол 7-ші бала болғандықтан ба , әлде 7 деген киелі санға байланысты ма?Кім білсін…
Соңында, Есімдік қария ешқай баласын бөлмей жақсы көріп, 7 ұлымен тату-тәтті өмірін кешуді жалғастырыпты.