АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ, ТАЛҒАР ҚАЛАСЫ,
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ
№7 МЕКТЕП ЛИЦЕЙ АТЫНДАҒЫ
6А СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
МҰСАХАН ДАНА.
«ҮШ ҚАСИЕТ»
- Ертеде есімдік деген қария болыпты . Қарияның жеті ұлы бар екен. Үлкен ұлының аты Сілтеу екен. Ол барлықтарымызға атымен емес осы, мынау, ол деп атаған .
Алтыншы ұлының аты -Сұрау. Ол көп сұрақтар қоя беретін 7 баланың ішінде көрген затына, естіген сөзіне қызығушылығы жоғары бала екен.
Бесіншісі баласы- Болымсыздық. Ол деген әр сұраққа ешқашан ешбір деген сөздермен қосып жауап айтады екен.
Төртінші ұлының аты- Өздік екен. Ол әр істі ешкімді тыңдамай, өзі істеген.
Үшіншінің аты -Белгісіздік екен. Ол бала түсініксіз және тұйық .
Екінші ұлының аты Жалпылау екен, ол барлықтарын ойлап өзі түксіз қалады.
Және ең бірінші кіші баланың аты- Жіктеу екен. Жіктеудің артық ешбір жері болмапты. Әкесі өзінен кейін таққа отыратын баланы іздейді де барлық алты балалары өнерлерін көрсетіп береді. Сосын әкесі кіші баласы ештенке көрсетпегенін айтады. Баласы келіп:
-Менің көрсететін өнерім жоқ,бірақ үш жақсы қасиетім бар дейді. Әкесі қандай? деп сұраса , бала:
1.Тәртіп
2.Құрмет
3.Ақыл
Осыны әкесі естігенде ойланып баланы таққа алады. Неге таққа кіші баласын алды? Оның өнері жоқ қой деп ойлауыңыз мүмкін. Алайда, 6 балада жоқ үш қасиет бар. Демек, ол осы үш жағымен елді жақсы басқарады.