Home » Ашық сабақтар » «Р дыбысы мен әрпі»

«Р дыбысы мен әрпі»

Тлешова Дамира Орынбасаровна
Жамбыл облысы  әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті»
КММ-нің логопеді

Технологиялық карта
Б.А.Ж:  Қанат Нұрали
Аңғарымы: ФФТД.
Сабақтың тақырыбы: «Р дыбысы мен әрпі»
Мақсаты:
Білімділік: артикуляциялық жаттығуларды жасай отырып  «Р» дыбысының дұрыс артикуляциясын меңгерту.
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, фонематикалық есту қабілетін дамыту.
Түзетушілік: Қозғалыс  координациясын дамыту және тілдің грамматикалық құрлымын қалыптастыру
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: жануарлар мен құстар бейнеленген суреттер, ойыншықтар, массаж, айна, дельфа.

Сабақ барысы:  

 І.Ұйымдастыру кезеңі.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

— Қане, алдымен бізге сабаққа келген ұстаздармен амандасып алайық (сәлеметсіздерме!)
— Қане, күліп қонақтарды жақсылап қарсы аламыз.
-Нұрали: қәнекей,екеуміз жануарларға айналамыз.
Логопед:- Жолбарысты бейнелейік, ол қалай ақырады, салайықшы.
Нұрали: –ррррр.
Логопед: -тоқылдақ ағашты қалай тоқылдатады
Нұрали: – тр-р-р, тр-р-р.
Логопед: -мысық қалай дауыстайды, көрсетейікші
Нұрали: —  мур-р-р-р.
Логопед: -Қарғаның кішкентай баласы қарны ашып анасын жіңішке дауыспен шақырады.
Нұрали: — кар-р-р, кар-р-р.
Логопед: -Енді бүгін біз сабақта қай дыбысты айтып үйренетінімізді білдік па?
Нұрали: -ия, Р дыбысы.
ІІ. Мимикалық және тіл жаттығулары
Көзімізді ашып-жұмамыз
Қабақ тию
«Піл» ернімізді түтікше тәрізді алға созамыз
«Бақа» жымию
«Тарақ»
«Тоқылдақ»
«Мотор»
«Сылақшы»
ІІІ. Дыбысты буында айтуын машықтандыру.
Тақтаға таудың суретін саламыз.
Мынау не?
Тау.
«Р» дыбысына осы таудан өтуге көмекке «А» дыбысын жіберейік. Қандай буын шықты?
Ра.
Осылай Нұрали басқа дауысты дыбыстармен қосып басқа да буындарды айтып жаттығамыз. ру-ро-ры.
Барлық буын тіркестерін бірге айтып, «р» дыбысына таудан өтуге көмектесейік: ра-ро- ру-ры                  ры

Тау жылжып, «Р» дыбысына жол ашылды.
ІY. Бет бұлшық етіне және тіл жүйесіне арнлған массаж.
Сергіту сәті.
 — Р дыбысының көңілі көтеріліп, өлеңдете бастады. Бізде оған қосылып оның өлеңін айтайық.
— Ра-ра-ра                                       Ар-ар-ар                            Ыр-ыр-ыр\
Ұшып келді ара.                         Тауға жауды қар.           Шаршап қалсаң отыр
Р әрпімен таныстыру.
Жұмбақты тыңдап, қай дыбыс туралы айтылғанын табамыз.
Қарда бар,                                   Жарда бар,
Мұзда жоқ.                                 Құзда жоқ.         (Р)
YІ. Дельфа ойын түрлері:
«Дауыс ырғағын қалыптастыруға арналған жаттығу түрлері» А – а – а.             У — у – у – у.  О — о – о – о. И – и – и – и.
Үйге тапсырма.
Берілген тапсырманы қайталап келу.
Р дыбысын бояу.
YІІ.Сабақтың қорытындысы.
Бүгін қандай дыбыс өттік?. Қандай тіл жаттығуларын орындадық?
Сабақтың тақырыбы: «Р» дыбысын дұрыс айтуға машықтандыру.
Мақсаты: «Р» дыбысын жеке, буында, сөзде, сөз тіркесінде, сөйлемде анық айтуға машықтандыру.«Р» дыбысын басқа буын, сөз, сөйлем ішінде дұрыс ажырата білуге үйрету. Фонематикалық қабылдауын дамыту, ойын тапсырмалар арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Білімділік: артикуляциялық жаттығулар арқылы дыбыстарды сөзде, буында дұрыс айтуға машықтандыру, фонематикалық қабылдауын дамыту
Түзетушілік: ойын тапсырмалары арқылы ойлау, танымдық процестерін дамыту,ұсақ моторикасын дамыту-түзету
Тәрбиелілік: қызығушылық ояту, зейінді, белсенді болуға тәрбиелеу
Сабақ түрі: топтық
Көрнекілік құралдар: дыбыстардың артикуляциясы, артикуляциялық жаттығулар, айна, слайд, қыстырғыштар,телефон, құм, «тіл» үйшігі.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
-Амандасу
-Мимикалық гимнастика:
Көзімізді ашып-жұмамыз
Ернімізді түтікше тәрізді алға созамыз
Жымию
«Дауыс ырғағын қалыптастыруға арналған жаттығу түрлері» А – а — а У — у – у – у О — о – о – о И – и – и – и
II.Негізгі бөлім
-Балалар қазір далада жылдың қай мезгілі?
— Көктем мезгілі
-Көктемде далада қандай өзгерістер болады?
— Күн жылынып, қар ериді. Ағаштар бүршік жара бастайды.
— Балалар, біздің бүгінгі сабағымызға «Көктем»ханшайымы келіпті. «Көктем»ханшайымы өзімен бірге көктемде шығатын әдемі «Қызғалдақ» гүлін ала келіпті.
— Балалар, Қызғалдақ гүлі орысша қалай аталады?
— «тюльпан»
— ағылшынша ше?
— «Tulip» деп аталады.
-Көктем айларында болатын қандай мерекелерді білесіңдер?
— Аналар мерекесі, ұлыстың ұлы күні Наурыз
— Жарайсыңдар!
-Ал, Наурыз ағылшынша қалай аталады?
— March
Мереке ше?
— Holiday
-Жарайсыңдар!
-Ендеше, «қызғалдақ гүлінің иісін сезінейік»
ІІІ.Тыныс алуға арналған жаттығулар.
( дұрыс дем алуға арналған жатығулар)
Мұрынмен ішке тыныс алып, беске дейін санап шығару. 3- рет.
« Көктем»ханшайымы біздің бүгінгі түзету сабағымызға өзімен бірге «р» дыбысына қатысты бірнеше тапсырмалар әкелген екен.
— Тапсырмаларды бірге орындаймыз ба?
— Иә
ІV.Артикуляциялық жаттығулар
1.Тапсырма «Көңілді тіл» ертегісі.
(айнаға қарап артикуляциялық жаттығуларды орындайды).
Ертеде бір «Көңілді тіл» өмір сүріпті. Оның үйі «Ауыз» деп аталады екен. Үйінің б
Тақырыбы: Үй жануарлары.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Ұзақтығы: 30 мин.
Сабақтың мақсаты: Үй жануарлары және олардың төлдері туралы түсінік беру.
Білімділік: Үй жануарлары және олардың дыбыстарын ажырата білуге үйрету.
Түзете-дамытушылық: Танымдық қабілеттерін жетілдіру, ойлауын, жалпы және ұсақ қол моторикасын дамыту.
Тәрбиелік: Үй жануарларына деген сүйіспеншілік сезімге және қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Әңгімелету, түсіндіру, көрсету, саусақ жаттығуы, сергіту.
Жұмыс түрі: жеке
Қажетті құрал – жабдықтар: Видеоролик, үй жануарларының суреттері, сүрет салуға

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.