Алматы қаласы,
Жетісу ауданы,
мектепалды «Балбөбек»
тобының тәрбиешісі
Салимбаева Құралай Елтайқызы
Қазіргі заман талабына сай оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастыру, яғни әр баланы жеке тұлға ретінде қабылдап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді ойына, бойына шақ әдеби мұралармен сусындатып тәрбиелеу, тәрбиешінің алға қойған міндеті. Ертегі, әңгімені, өлең – тақпақтар мен жаңылтпаштарды, сондай -ақ мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды мәнерлеп оқып беру мен әсерлеп айту – тек қана олардың сөздік құрамын байытып қана қоймайды, сонымен қатар, сәбидің ақыл-ойының жетілуіне әсерін тигізеді. Баланың әдепті, көргенді болып өсуіне ықпалы өлшеусіз, баланың Отанын, өз ұлтын, өз жерін сүюі, оны қадірлей білуі ауыз әдебиеті мен көркем әдебиеттің әсері деп білеміз. Өйткені, бала кітаптағы жағымды кейіпкерлерге еліктеп, ер атанғысы келіп, еркелікке, еңбекке құлшынып өседі. Жас кезінде әңгіме, жырларды көп тыңдаған бала өз көрген- білгенін қиыстырып, тұжырымдап достарына, тәрбиешілеріне, ата -аналарына айтып бере алса, тіл шеберліктері артады. Мұндай жақсы қасиеттер баланың парасатты, инабатты, әдепті, еңбексүйгіш, көргенді болып өсуіне әсер етеді.
Қазақ балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин де балаларды оқыту – тәрбиелеу ісінде ауыз әдебиеті шығармашылығының маңызды орын алатынын айта келіп: «Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша, қай – қай тілде болса да еркін, жүйелі сөйлеу мүмкін емес», -деген болатын.
Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық және практикалық мақсаты – жас ұрпақтың ой – өрісін, сана сезімін кеңейте отырып, өмірге қажетті білім – дағдыларға үйрету. Сол себепті педагогика мен «Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасында» сәбидің тілін дамыту, ауызекі сөйлеуге үйрету, үйренгенін күнделікті өмірде пайдалана білуге жаттықтырып отыру ісіне назар аударады. Мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді өздерінің бойына шақ әдеби мұралармен сусындатып тәрбиелеу педагогтардың алдындағы міндеті. Ертегі, әңгімені, өлең – тақпақтар мен жаңылтпаштарды, сондай -ақ мақал — мәтелдер мен жұмбақтарды мәнерлеп оқып беру мен әсерлеп айту – тек қана олардың сөздік құрамын байытып қана қоймайды, сонымен қатар, сәбидің ақыл — ойының жетілуіне әсерін тигізеді. Баланың әдепті, көргенді болып өсуіне ықпалы өлшеусіз, баланың Отанын, өз ұлтын, өз жерін сүюі, оны қадірлей білуі ауыз әдебиеті мен көркем әдебиеттің әсері деп білеміз. Өйткені, бала кітаптағы жағымды кейіпкерлерге еліктеп, ер атанғысы келіп, еркелікке, еңбекке құлшынып өседі.
Ежелгі қазақ әдебиеті өкілдерінің балаларға қалдырған әдеби мұрасы, Алтынсарин, Абай Құнанбаевтың өлең — әңгімелері осы күнге дейін тәрбиелеу мен оқытуда, ғылым жолын танытып, өнер — білімге баулуда қастерлі қасиетін еш жойған жоқ. Жамбылдың, Сәкеннің, Жансүгіровтың, Майлиннің, Мұқановтың сондай – ақ көптеген жас жазушылардың балалар сүйсінерлік қызығып тыңдарлық жақсы шығармалары бар. Мұның бәрі, жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуде баға жеткісіз қазына. Әрбір тәрбиеші соларды іздестіре отырып, термелеп жинап жүрсе, өз жұмысына өте демеуші дәнекер таппақ.
Өйткені, баланың айналадағы өмірді танып, білудегі басты жәрдемшісі – тіл болып табылады. Ал тілдің дамуы оның сана – сезімін, ой –өрісін жетіле түсуіне негіз болады. Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын бала айналадағы адамдармен, құрбылас балалармен белсенді түрде сөздік қарым -қатынас жасайды. Өмірдегі түрлі іс – әрекет жайын білуге құмарта түседі. Өзі түсінген түрлі жайттар туралы әңгімелейтін болады. Баланың өмірлік тәжірибесін дамыту, айналадағы дүниеден алған әсерін әрі қарай кеңейте отырып, бір арнаға түсіру балабақшада арнайы дүниеден алған әсерін әрі қарай кеңейте отырып, бір арнаға түсіру балабқшада арнайы өтетін сабақ, ойын, еңбек процестерінде тәрбиешінің басшылығымен іске асады. Балаға бағдарламалық материал негізінде білім беруге басаназар аудару қажет. Оқу жылында жоспар жасағанда баланың жақсы сөйлей білуін бағдарлау, сөздік қорын дамыту, ой – өрісін кеңейту жұмысында өте мұқият қарау қажет. Ол үшін әр тәрбиеші, әрбір бақша меңгерушісі бағдарламада берілген материалдарды ыждағатықпен оқып, үйренуі керек. Осыдан соң тәрбиеші қандай тақырыпты қай кезде, қалай, қандай мақсатта, қай сабақпен байланыстыра өткізу керектігін анықтай отырып, әр сабаққа қажетті материалды балаларға қойылатын нақты сұрақтарды (көркем әдебиет, тақырыбы, ойын) көрсетіп жоспарлайды.
Тіл дамыту сабақтарында көзделетін негізгі мақсат – баланың сөздік қорын байыту, сөйлем құрап айтуға, әңгімелей білуге үйрету. Баланы сөйлеуге үйрету, тілін дамыту, ой -өрісін кеңейту жұмысында бір топтағы әр баланың сөйлеу дәрежесін байқап, анықтау керек. Сонда ғана оқыту – үйрету ісінде неге көңіл бөлуге болатыны айқындалады. Баланың сөздігі балаларды жекелей бақылау негізінде, нақтылы, көрнекі материалдарға сүйене жүргізіледі.
1. Әңгімелеу, әңгіме құрастыру (өзі көріп білген жайттар туралы, сурет мазмұнын, оқылған шығарманың мазмұнын әңгімелету).
2. Сөзді түсініп айту дәрежесін байқау. Ол үшін балаға таныс және таныс емес заттарды көрсетіп сұрау, әңгімелесу.
А) Балаға бірнеше таныс заттар мен ойыншықтарды көрсетіп (суреттен немесе заттың өзін) сұрап, түр – түсін, атын, пішінін, қайда, не үшін жасалатынын айтқызу.
Б) Балаға күн сайын жиі пайдаланатын заттарды суреттен көрсетіп, оның атын, қажеттілігін, неден жасалғанын айтқызу.
Бұл жұмыстар сабақта және сабақтан тыс уақытта жүргізіледі.Бұл әдістерді қолдану кезінде баланың тұрмыста кездесетін заттарды, олардың атына байланысты сөздерді түсініп айта білуін, пішіні ұқсас заттарды бір – бірінен даралап, ажыратуға талпыну әрекеттерін байқау мақсаты көзделеді. (Әр түрлі жастағы балалардың сөздік қорын анықтау үшін жинақталған әдістемелік құралдар бар) . Қазіргі таңда мектепке дейінгі мекеме балаларына мемлекеттік тілді меңгерту бірінші жолға қойылды. Мектепке дейінгі мекемеде қазақ тілін оқыту жұмыстары тәрбиешілердің көп еңбек етіп, ізденіс пен дайындығын қажет етеді. Сондықтан қазақ тілін оқыту мәселесінде мектепке дейінгі мекемеде білім беру, тәрбиелеу ісіне қоғам,ұжым болып бір ауыздан атсалысуымыз қажет.
Қорыта айтқанда балалардың ана тіліндегі дыбыстарды анық айтып, тілінің дамуында, дұрыс сөйлей білуге баулуда балабақшада берілер тәрбиенің ықпалы зор. Сондықтан қазіргі заман талабына сай оқу -тәрбие үрдісін ұйымдастыру, яғни әр баланы жеке тұлға ретінде қабылдап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді ойына, бойына шақ әдеби мұралармен сусындатып тәрбиелеу, әрбір тәрбиешінің алға қойған міндеті.