Амангелдиева Динара Бауыржанқызы
Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық
университетінің 2 курс магистранты
Қазақстанда соңғы жылдары сөйлеу тілінің бұзылысы бар балалардың білім алуына жағдай жасалуда. Оларға ерекше ден қойып, уақытында өзге балалар секілді сөйлеп кетуіне байланысты педагогикалық технологияларда жүргізіліп келеді. Логопедиялық қызмет жүйесінің негізгі мақсаты – сөйлеу тілінде кемшіліктері бар балаларды уақыт оздырмай анықтап, оларға тиісті түзету-педагогикалық көмек жүйесін көрсету болып табылады. Осы мақсаттарға орай бірқатар міндеттері жүзеге асырылып, түзету-педагогикалық жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп отырады.
Бұл саланың зерттеу үшін, шетел ғалымдарының еңбектеріне көз жүгірткеніміз абзал. Өйткені нақты ақпарттар мен тұжырымдар берілген. Мәселен, А.Р. Лурия ұсынған балаға қойылған диагноз арқылы түзету əдістемесін нақтылайтын неврологиялық симптоматиканы анықтаушы нейропсихологиялық əдістемелер кешенін қолдану арқылы жоғары көрсеткіштерге жетеріміз хақ. Сонымен қатар сөйлеу тілі бұзылыстары бар балаларды терең зерттеу үшін И.Ф. Марковская жеке тапсырмаларды орындаудың сандық көрсеткішерін қолданады. Ол өз кезегінде қойылған диагнозды нақтылайды. Дефектология ғылымында маңызды орынды кіші мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тілі дамуын бағалауға арналған диагностикалық жүйені құру тəжірибелері алады.
К.Фопель «…қазіргі балалар бір-бірімен, сондай – ақ, ата-аналарымен де аз қарым-қатынас жасайды», деп өзінің пікір айқын білдірген. Отбасы мүшелері өздерінің бос уақыттарын телебағдарламалар мен видеофильмдерді көруге, сондай ақ компьютер арқылы түрлі ойындарды ойнауға арнайды. Бастауыш сынып оқушыларын қарым-қатынас жасау үдерісін меңгерту үшін қандай тапсырмаларды шешуді үйренуі тиіс? Бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас жасау біліктілігін дамытуда коммуникативтік тапсырмалардың ролі қандай? Осындай заңды сауалар туындауы айқын.
Ғалымдар: Г.А.Баллдың құрылымдауы бойынша – ойлау тапсырмалары, И.Я.Лернердің – танымдық тапсырмалары, А.М.Матюшкиннің және М.И.Махмутовтың түсіндірмесі бойынша – интеллектуалдық тапсырмалар секілді тапсырмалар түрлерін бөліп көрсетті. Психолог Я.А.Понамарев «…Жағдаят тапсырма секілді қажеттіліктің жиынтығы және оны қанағаттандырудағы мәлімет болып табылады. Бұл мәліметтер оған қол жеткізудегі мақсаттар мен мүмкіндіктерден құралады» деп түсіндіреді.
Баланың білім алуға ерекше қажеттілігін бағалау мамандардың кешенді тексеруінің нәтижесінде, диагнозы анықталғаннан кейін, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияда (ПМПК) жүзеге асырылады.
Арнайы білім беру қажеттіліктері бар оқушыларда біліктілікті, дағдыларды және денсаулықтың психо-совматикалық резервін меңгерудің түрлі мүмкіндіктері бар. Жалпы білім беретін мектептер осы айырмашылықтарды ескеру керек. Атап айтқанда, жалпы білім беретін ортаға балаларды енгізудің түрлі нысандарын қамтамасыз етуге қажетті:
а) қалыпты сыныпта оқыту — танымдық қабілеттері сақталған оқушыларға арналған. Олар үшін арнайы білім беру бағдарламаларының қажеттілігі жоқ, тек мұғалімнің жеке көмегі керек болуы мүмкін. Осы сыныпқа ерекше қажеттіліктері бар 1-2 оқушыны оқытуға болады. Мұндай сыныпта, ауытқуы жоқ оқушыларды оқытатын білім беру саласындағы педагог мамандар сабақ бере алады. Қажет болған жағдайда, мұғалім, психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандарынан, ресурс орталықтарынан қосымша кәсіби ақпараттар ала алады.
б) арнайы сыныпта оқыту – арнайы жағдайлар талап етілетін (арнайы бағдарламалар, арнайы әдістер мен оқыту тәсілдері, арнайы жабдықтар мен
дидактикалық құралдар, психологиялық-педагогикалық үздіксіз қамқорлық)оқушыларға арналған. Бұл сыныптарда арнайы педагогикалық білімі бар немесе курстық даярлаудан өткен мұғалімдер жұмыс істеуі тиіс. Оқытуды ұйымдастыру арнайы білім беру ұйымдарына қойылатын барлық талаптарға сәйкес арнайы оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша жүргізіледі.
Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар оқушылар үшін зейіннің тұрақты болмауы, алаңдаушылық, тілдік құбылыстарға байланысты байқағыштықтың жеткіліксіз болуы тән. Олар ауызша материалды есте сақтау барысында қиындық көреді, өз бетінше орындаған оқу тапсырмаларында көптеген қателер жібереді. Жазбаша тіл ауызшаға қарағанда екінші орында болады және ауызша тілдің негізінде құрастырылады, сол себепті жазбаша тілді меңгеру деңгейі сөйлеу тілінің даму деңгейімен анықталады.
Сөйлеу қабілеті күрделі бұзылған оқушыларды арнайы сынып жағдайында мектепте оқытудың ұзақтығы:
— бастауыш білім беру деңгейінде – 0 (даярлық), 1-4 сыныптар; — негізгі орта білім беру деңгейі – 5-10 сыныптар. Негізгі мектепті бітіргеннен кейін жеткіншек білімін ТжКБ ұйымдарында жалғастыра алады. 33 Оқыту мерзімінің ұлғайтылуы балалардың психикалық дамуының тежелуімен, сөйлеу тілі бұзылуының нәтижесінде жазу мен оқуды меңгерудің қиындығымен, түзету-сауықтыру шараларын өткізудің қажеттігімен байланысты болып отыр.
Балалардың әрқайсысының психологиясымен таныс болуы тиіс. Сонымен қатар оларға ерекше мейірім мен көңіл бөлу қажет. Себебі олар өзіне көңіл бөлгенді ұнатады. Сонымен қатар бала дамуындағы өзгерістерді жиі байқап, оның қандай нәтижеге жеткендігі туралы айту керек. Ұстаз тарапынан мынандай жағдайлар болуы тиіс:
- Балаға бар ынтасымен көңіл бөлу
- Жетістіктері туралы көбірек айту
- Түрлі тақырыпты қаузағанда, өзгеше көрнекіліутер пайдалану арқылы баланың тілін жаттықтыру
- Миына көп күш түсірмеу, белгілі бір мерзімде ғана үйрету
- Ата-анасымен тығыз байланыс орнату
Мұғалім-логопед ана тілі мен тіл дамыту сабақтарына оқытудың мазмұны мен əдістерін жақсы білуі керек, сонымен қатар сыныпта қандай уақытта жəне қандай тақырып бойынша өтетінін білуі қажет, себебі логопед өзінің сабақтарында ана тілі жəне тіл дамыту пəндерінің бағдарламалық талаптар деңгейін ескеруі міндетті [5, 35 б.].
Балаларда кездесетін сөйлеу тілінің бұзылыстары көп жағдайда, ерте жасында дұрыс тілдік тəрбие алмағандығы салдарынан болатыны бұрыннан белгілі. Көп жағдайда олар сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық жағы бұзылыстарына жатады. Ғалымдардың зерттеулері бойынша, 5 жасқа дейінгі қалыпты дамып келе жатқан бала 2,5-3 мың сөзді меңгеруі керек. Осылайша, баланың дамуында отбасындағы дұрыс тəрбиенің маңызды рөлге ие болады. Жəне бұл ойды ата-аналардың қаперіне логопедтен басқа ешкім жақсылап жеткізе алмайды.
Сонымен қатар баланы ересектерден сұрауға, еркін жүруге мүмкіндік беру керек. Мүлдем түсініксіз сөздерді ересектерден сұрау керек екендігін кішкентай балаға үйретіп қою керек. Кез келген балаларға арналған кітаптарда, яғни ата-аналары баласына оқып беретін кітаптарда оған түсініксіз сөздер жиі кездеседі. Сондықтан, бала түсінбеген сөзінің мағынасын сұраса, оқылған мəтінді тек тыңдап қана қоймай, оны терең ойлап, түсінгісі келеді деген тұжырымдамаға тоқталу қажет. Сөздік жұмыссыз, түсінбеген сөздерін жəне сөз тіркестерін түсіндермейінше кез келген кітап, соншалықты өте қызық кітап болса да еш пайдасы болмайды [7, 25 б.].
«Түзету ырғағы» курсының негізгі мазмұнын сөздер мен музыканың үйлесімді ырғағындағы қозғалыс әрекеті құрайды. Сабақтар оқушылардың қозғалыс жүйесін, интеллектуалдық және сенсорлық мүмкіндіктерін түзетуге және дамытуға, сөйлеудегі кемшіліктерін жоюға бағытталған. Логопед сабақтары сөйлеудің күрделі бұзылуларын жеңуге, сонымен қатар бастауыш мектепті аяқтаған кезде оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілі қалыптасып, сөздерді айтудағы кемістіктерін жоюға бағытталады. Логопедтік 34 сабақтар жеке және 2-4 адамнан тұратын шағын топтарда да өткізіледі. Негізгі және орта білім беру деңгейінде логопедтің жұмысы жазу, оқу, дауыс, сөйлеу жылдамдығы мен ырғағын түзетуді қамтамасыз етуі тиіс.
Қорыта айтқанда, бала ата-анасының көз қуанышы. «Адам ұрпағымен мың жасайды», — деген бар. Сондықтан олардың жүзінен күлкі көріп, ел қатарлы өмір сүріп кеткендігін қалайды. Ал педагогикалық оқыту технологиясына келер болсақ, жоғарыда айтып өткендей әр ғалымның өзіндік теориясы мен тәжірибесі бар. Әрине біз де ғалымдардың ізімен жүріп келеміз. Дегенмен қазір ақпараттың заманы болғандықтан, кейде жаңаша сабақтарды кірістіріп отырамыз. Мәселен, видео және суреттерді көбірек қолдануға тырысамыз. Баланы құр сөзбен емес, оның тілінің жаттығып кетуі үшін және сабақтан жалықпауы үшін барлық қолайлы жағдай жасаймыз.
Бала- мемлекеттің болашағы!