Home » Айтарым бар » Мамандығым —мақтанышым!

Мамандығым —мақтанышым!


Низамиддин Аида Мадиханқызы
Түркістан облысы, Шардара қаласы,
Өтеғұл елді мекені
«Нұр-Көркем» бөбекжай бақшасы
логопед-психолог

Мамандығым —мақтанышым!

Алғаш білім беріп,   қолыма қалам ұстатқан ұстаздарымның жарқын бейнесі, жылы сөзі әлі көз алдымда….

Үлгі тұтқан ізгі жандардың жолын жалғап педагогикалық мамандық иесі атанғаным бала күнгі  арманымның орындалғаны. Баланың бал күлкісі,  еркелігі  елітетін кіршіксіз ортада кішкентай ғана тәрбиеленушілермен жұмыс жасап келемін.

Ішкі ойымда өз жолымды адаспай тапқандаймын… Елімнің болашағы-білімді, салуатты ұрпақ. Мен жүрек қалауымен осы жолды таңдадым.

Нәзік жүректі сәбилерге қорған болып, көмек көрсетіп, білмегенін  үйретіп, тәрбиелеуді  қаладым.

Әсіресе, бүгінде көмекке мұқтаж сөйлеуде, дыбыс айтуда кемшіліктері  бар балалармен жұмыс істейтін маман ретінде ата аналардан алғыс естіп, құрметке бөленгенім жауапкершілік жүгін арттыра түсті.  Өмірге енді қадам басып келе жатқан бүлдіршіндердің  әлеуметтік өміріне бейімделуіне, өзін-өзі жетілдіру жағдайына,  дамуына көмек қолын созатын психолог маман ретінде де жұмысымды жалғастырып келемін.

Ата аналарға кеңесімді айтып,  әріптестеріммен бірлесе әр бүлдіршіннің жеке дамуына үлесімді қосып келемін.

Әр ата-ана мен бала таңертең жүздері жарқын қуанышпен келсе, маған одан асқан қуаныш болмайды. Егер де болашақта алдымдағы шәкірттерім қоғамға бейім, білім нәрімен терең сусындаған, тәрбиелі де ізгі жүректі  мақсаттарға жету жолдарын таба алатын талапшылдықпен, алға қарай ұмтылатын болса – бұл өмірімнің мәні.

Болашақ саналы ұрпақ тәрбиелеу- әр тәрбиеші-педагогтың міндеті.  Педагог болу  ұрпақтың бағыт-бағдарын жасаушы, жол көрсетушісі.

Менің ұстанымым да  баланы жеке тұлға ретінде тани біліп, пікірімен санасу, олардың кішкентай сәби жүрегінің нені қалайтынын, яғни «бала үнін» ести білу және бәсекегеге қабілетті, сенімді бала  тәрбиелеу. Алға қойған мақсатым ел ертеңі үшін еңбек етсем, жарқын болашақ үшін қосқан  үлесім.  Мен–ұстазбын!   Елім үшін еңбек ететін мамандықты дұрыс таңдағаныма сенімдімін!  Мәртебелі мамандық иесі атанғаныма мақтанамын!

6 комментариев

  1. ??????????????????????????еңбегіңнің жемісін көр бер!

  2. керемет жазба?сәттілік

  3. Меруерт

    Керемет жазба

  4. Гүлжамал

    Керемет мақала ????????????

  5. Мақала өте керемет алға

  6. Биіктерден көрне бер Алға Жарайсың ?

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.