Home » Мақалалар » Мектепке дейінгі ұйымды жаңаша басқару

Мектепке дейінгі ұйымды жаңаша басқару

Жолдасова Күлжамал Жәмиқызы
«Қызылорда облысының білім басқармасының
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
«Айгөлек» бөбекжай балабақшасы» КМҚК
меңгерушісі

Тәуелсіз ел тірегі  — білімді ұрпақ. Қазіргі балабақша жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдіс тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық диагностиканы қабылдай алатын, нақты тәжірибелік іс- әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог- зерттеуші, ойшыл тәрбиеші болуын қажет етеді.

Бүлдіршіндердің денсаулығын нығайта отырып, оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру және бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу міндеті  педагог мамандарды заман талабына сай жаңа технологияны игеруді, іскерлік пен ізденімпаздықты, білімділік пен біліктілікті талап етеді. Сондықтан да мектепке дейінгі мекеме басшысының бүкіл қызметі мектепке дейінгі балаларға жан-жақты тәрбие беру міндетін шешуге бағытталған. Меңгеруші  балалар бақшасында педагогикалық және гигиеналық талаптарға толық сәйкес білім, тәрбие процесін ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажетті жағдай жасалуын қамтамасыз етеді. Ұжымда іскерлік, мақсат қоя білушілік және ынтымақшыл жағдай туғызады, оған жалпы басшылықты жүзеге асыру  күрделі механизм, соған орай басшының қызметі де сан қырлы. Басшы  мемлекеттік мекеменің басшысы, сондықтан психо-педагогикалық теорияны үнемі оқып үйренуі,

ҚР-ның қазіргі кезеңдегі ішкі және сыртқы саясатын білуі әрі оларды өзінің тәжірибелік жұмысында басшылыққа ала отыруы маңызды. «Басқару үшін  білімді, білікті,іскер болу мен қатар жетік маман, ой-өрісі кең, тәрбие процесін жақсы білетін адам болуы керек.

Мектепке дейінгі мекеме басшысының қызметі үш бағытта  тәрбие мен әдістемелік жұмысқа басшылық ету, әкімшілік-шаруашылық мәселелерін шешу, отбасымен жұмыс жүргізіп, ата-аналар мен қалың бұқара арасында педагогикалық ағарту жұмысын ұйымдастыру бағытында жүргізіледі.

Бұл міндеттерді іске асыру үшін мен басшы ретінде кадрлармен жұмыс істеудің әр түрлі формаларын: жеке жұмыс түрлерін (топта болып, соңынан онда көріп-білгеніне талдау жасау, өзара араласу, кеңестер, жұмыстың әдістері мен тәсілдерін жеке өзінің көрсетіп беруі және басқалар) және ұжымдық жұмыс түрлерін (педагогикалық кеңестер, семинарлар, практикумдар, тәжірибелі тәрбиешілер ұйымдастырған ойын-сауықтарды, сабақтарды, серуендерді және т.с. басқалардың келіп көруі, кейіннен ұжым болып талқылауы, ұжымдық кеңестер және басқалар) қолданамын. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мекемелерінде баланы тәрбиелеу ісі көбіне басшы мен тәрбиеші-әдіскердің бірлесе отырып жасаған басшылығының тиімділігіне байланысты болады.

Әдістемелік жұмыста ұйымшылдықтың, жоспарлылықтың, қойылған міндеттің мейлінше қысқа мерзімде оңтайлы шешімін табуды қамтамасыз етудің, басталған істі аяғына дейін жеткізудің, болашақты көре білудің және соған ұжымды жұмылдыра алудың маңызы зор. Басшы өзінің қалай басқарып отырғанына ғана емес, сонымен қатар өзінің басқаруындағы адамдардың не істеп отырғанына да жауап береді.

Тереңөзек кентінде 2015 жылдың 1 қыркүйегінде сәбилердің сыңғырлаған күлкісімен балбөбектеріміздің жүздеріне қуаныш ұялатып, «Айгөлек» бөбекжай балабақшасы салтанатты түрде қайта ашылған болатын. Қазіргі уақытта екі топта 50 бала жан – жақты білім алып, тәрбиеленуде.

Балабақша жаңа заманауи жабдықтармен, оқу – әдістемелік құралдармен  интербелсенді тақталармен, компьютерлермен, психолог кабинетімен толық жабдықталған. Балабақшада 21 қызметкер, 8 педагог  жұмыс жасаса оның ішінде:  жоғары білімді 6 маман,  сарапшы педагог – 1, модератор -2, жаңартылған білім бойынша курстан өткен – 3 педагог бар. меңгеруші ретінде жұмыс өтілім 31 жылды құраса, осы бөбекжай балабақшада 3 жыл жұмыс жасап келемін. Осы жылдар ішінде бөбекжай балабақшасында аудандық, аймақтық деңгейде түрлі тақырыптарда семинарлар өткізіліп, жоғары бағасын алды.  Үнемі біліктілік курстарынан өтіп білімімді жетілдіріп отыру өмірлік ұстанымым, үстіміздегі жылы жаңартылған бағдарлама бойынша «Мектепке дейінгі ұйымды басқарудың тиімді менеджменті» тақырыбында курстан өттім.

Жаңартылған  бағдарлама бойынша балабақшамызда тәрбиешілер өз білімдерін шыңдап, тәрбиеленушілердің білім, білік және дағдыларын қалыптастыру мақсатында өз біліктерін  жетілдірді. Біз білім беру мазмұнын жаңарту шеңберіндегі мектепке дейінгі тәрбие және оқытудың құндылықтарын ескере отырып, әр маманның білім деңгейінің  нәтижесін көре аламыз.

Жаңартылған бағдарламаның түйінді идеялары, 4К моделі- креативтілік,  командамен жұмыс істеу, коммуникативтілікті дамыту, сыни ойлау.Бала үні-  дербестігі,  қызығушылығы, қажеттіліктері. Ойын -тәрбиеші жетекшілігімен жүргізілетін ойын,  құрылымдалған ойын, еркін ойын.Бағалау –қадағалау, танымдық оқиға, фактілерді негіздеу,  деректерді тіркеу. Жоғарыда аталған түйінді идеяларды басшылыққа  ала отырып жүйелі жұмыс жүргізу нәтижесінде  «Тұтас бала» бейнесі құрылады.

Бала – Тәрбиеші – Ата – ана үштік одақпен жүйелі жұмыс жақсы нәтижеге жеткізеді.

Балабақшамызда перспективалық жылдық жоспарымызға стандарттан баланың жас ерекшеліктеріне сәйкес дағдысын, үлгілік оқу бағдарламасын бес білім беру саласын мақсатын және күтілетін нәтежелеріне СМАРТ мақсат қойып бірінші, екінші  жарты жылдық бойынша жинақтап жасақталынады. Бұл дегеніміз әрбір маманға күнделікті өз білімін жетілдіруге үлкен мүмкіндік деп білемін. Сондықтан жаңартылған оқу бағдарламаларының құрылымының қағидаттары мен ерекшеліктерін пайдалана отырып өз оқу қызметтерін тиімді  ұйымдастыруға қол жеткізеді.

Бағдарламаның түйінді идеяларын негізге алып мектепке дейінгі ұйым түлегінің моделін құрастырамыз:

  • дене бітімі дамыған;
  • білуге құмар;
  • өзіне сенімді және белсенді;
  • эмоционалды елгезек;
  • әлеуметтік дағдыларды және ересектермен, құрдастармен өзара қарым қатынас жасаудың, өз бетінше үйренудің дағдылары мен әдістерін меңгерген;
  • өзі, отбасы, қоғам (жақын әлеуметтік), мемлекет (ел), әлем және табиғат жөнінде алғашқы түсініктер бар тұлға.

Жалпы жаңартылған бағдарламаның түйінді идеялары арқылы оқу қызметтерін өткізу тиімді. Себебі, жаңа бағыт, жаңа әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы баланың деңгейі мен дағдысын қалыптастыру мақсатында ең бірінші оқу қызметіне педагогтар СМАРТ мақсатты қоюды және күтілетін нәтижеге  жету үшін нақты ұйымдастыруды үйренді. Мектепке дейінгі ұйымдарда ойын арқылы баланың білім, білік, дағдысын қалыптастыру үшін әрбір маман күнделікті өз білімін жетілдіруі қажет. Сонда ғана тұтас бала бейнесін дұрыс  қалыптастырамыз.

Ұжымды жетістікке жеткізуге дем беретін жаңартылған білім курстарының ықпалымен бала тәрбиесіне үлкен мән беретін жаңа жобалар дүниеге келіп педагогтардың қызу қолдауына ие болуда.

Бөбекжай балабақшада түрлі әдістемелік пен мақалалар республикалық, облыстық баспа беттерінде үнемі жарияланып отырады.  Педагогтар тәрбиеленушілермен бірге қашықтықтан ұйымдастырылған түрлі сайыстарға қатысып жүлделі орындар иеленіп жүр.

Бірге жиналу – істің басы, Бірге қалу    — прогресс,  Бірлесіп жұмыс жасау – жетістік.

(слайд) Жаңашыл іскер, білікті, білімді басшы, білім беру ұйымының мәдениетін, бәсекелестік орта, көшбасшылық команда құру мен кәсіби біліктілікті жетілдіру, тәрбие мен оқытудың тиімділігін арттыру, балабақша тәжірбиесін жетілдіру, үнемі кері байланыс жасау, бір — бірінің жұмысына пікір айту, рефлексия жасау демек өз- өзіңе баға беру, өз балабақшаңның миссиясына қарай стратегия жасау, мектепке дейінгі ұйымға өзгерістер енгізу үшін қажеттіліктерді уақытылы анықтау – нақты жоспарлау, мақсат қоя отырып, үлкен нәтижеге қол жеткізері сөзсіз.

Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Бізге ой-өрісі жоғары дамыған зерделі, жан-жақты, парасатты, дені сау ұрпақ керек екені бұлтартпас шындық, бұлжымас ақиқат. Тәрбие мен оқу  бір-бірінен бөлек алынып қаралмайтын үрдіс. Жаңа заманның жаңашыл басшысы екі үрдісті бірдей теңестіріп алып жүруі оның шеберлігі мен іскерлігін көрсетеді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.