Home » Мақалалар » АҚЫНМЕН ӨТКЕН КЕЗДЕСУ

АҚЫНМЕН ӨТКЕН КЕЗДЕСУ

2021 жылдың 10 қыркүйек күні Алматы қаласы Наурызбай ауданына қарасты №200 мектеп-гимназиясында Мәдениет қайраткері, ақын, Халықаралық, Республикалық айтыстардың жүлдегері, композитор Серік Әкрамұлы Қалиевпен кездесу кеші өтті.

Кеш барысында оқушылар Серік Әкрамұлының өлеңдерін оқып, әндерін шырқады.

Оқушылар ақынға көкейіңдегі сұрақтарын қойып, әр қырынан тани білді. Ақынның шешендігі, ақындығы көрерменді тамсандырмай қоймады. Ақын ағамыздың тұшымды әңгімесінен көрерменнің алған әсері ерекше болды.

Сонымен қатар кеште әнші, жыршы, термеші Шаттық Уатқан ақынның «Менің тілім» термесін орындады.

«Ақын көңіл теңізіне батады –

Інжу, гауһар, жақұт нұрын шашады» — деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, кеште дүйім жұрт ақынның әсерлі, әдемі әңгімесін, ән-жырын тыңдап, керемет әсер алды. Серік Әкрамұлы өзінің «Уақыт керуені» атты жыр жинағын оқушыларға және мектеп кітапханасына сыйға тартты. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ақмарал Лесбекқызы ақынға мектеп ұжымы атынан алғысын айтып, ыстық ықыласын білдірді.

 №200 мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Амангүл Кеңесқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.