Жакипова Улман Жусиповна
Нұр-Сұлтан қаласы
№ 20«Арайлым» балабақшасының
тәрбиешісі
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Білім беру саласы: «Таным».
Бөлімі: Экология негіздері.
Тақырыбы: «Пияз отырғызу».
Мақсаты: Балаларға пияздың әртүрлі болатындығын, өсуі, тұқымы туралы түсінік беру. Пияздың түрлерімен таныстыру.
Өсімдікті отырғызудың және себудің, күтіп баптаудың жолдарын көрсете отырып, өсімдіктерді өсіруге, оларды күтіп баптауға талпындыру. Зерттеу, тәжірибе жасау қорытындысын шығару. Өзіне, өзінің мүмкіншілігі мен күшіне сенуіне жағдай жасау, белсенділігін арттыру, өзін және өзінің еңбегін бағалауға дағдыландыру.
Қажетті көрнекі құралдар: Пияздың бірнеше түрі бейнеленген слайд, пияздың тұқымы, пияздың көшеті, жәшіктер барлық бала санына жететіндей пиязды отырғызуға арналған топырақ салынған ыдыстар. Балалар қолдарына киетін жұмыс қолғабы, алжапқыш.
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балаларды шаттық шеңберге шақыру.
Бір шаңырақ астында,
Тату-тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.
-Жарайсыңдар, балалар, енді орнымызға отырамыз.
Осы мезгілде есік қағылады.
— Бұл кім екен?
— Сәлеметсіңдер ме балалар?
-Сәлеметсізбе, атай!
— Балалар, мен «Шалқан» ертегісіндегі атаймын мен сендерге қонаққа келдім.
— Сендер мені танисыңдар ма?
— Балалар танитындығын айтып, таң қалады.
— Мен сендерге сиқырлы қорапша алып келдім.
— Бұның ішінде не бар деп ойлайсыңдар?
— Қане, барлығымыз ойланайықшы. Ол жанды табиғатқа жатады.
— Оны біздер күнделікті пайдаланамыз.Ол көкөністер тобына жатады.
Оны пісіріп те пісірмейде жейміз. Оны тамақтың барлық түріне пайдаланамыз. Оның түсі сары, әрі бірнеше қабаттан тұрады.
Ол туралы мынандай жұмбақ та бар.
Ұрмай-соқпай жылатады,
Әркім бірақ ұнатады. Ол не?
Әрине, ол- пияз.
Атай: Мен пиязды жақсы көремін. Сонымен қатар менің ертегімде үлкен шалқанды өсіріп қызығына бөленгенімді де білесіңдер.Сондықтан мен бүгін сендермен бірге пияз отырғызғым келіп тұр. Сендер келісесіңдер ме, балалар?
Тәрбиеші: Балалар, пиязды екпестен бұрын сендер мына слайдқа қараңдаршы. Мұнда сендерге пияз туралы, пияздың қандай түрлері болатындығы туралы және оны қалай егіп, күтіп баптауға болатыны айтылған, барлығымыз қарайық.
Міне, балалар, пияздың бірнеше түрлері болады екен.
Мысалы: Жыл сайын тамырланып өздігінен өсе беретін көп жылдық түрлері бар, олардың жер бетіндегі бөлігі тамаққа пайдаланылады. Бұдан пияздар тұқым арқылы өседі. Сол сияқты көшеті арқылы өсетін пияздар болады. Олар домалақ пішінде болады, қысқа сабақтан және оған тығыз, біріне-бірі қысыла орналасқан етті қабықтардан тұрады. Пияздың сырт келбеті үш бөліктен тұрады екен. Жапырағы, дәнегі, тамыры.
— Пияз көкөніске жатады ма ,әлде жеміске жатады ма?
— Пияз көкөніске жатады.
— Ол бақшада өседі ме, әлде бақта өсе ме?
— Бақшада өседі.
— Пиязды өсіру үшін не керек?
— Топырақ, су, жарық, жылу керек.
Дұрыс айтасыңдар кез келген өсімдіктің өсуіне қажетті топырақ, су, жарық керек екен. Пияздың да басқа өсімдіктердегі сияқты тамыры, жапырағы болады. Қазір біз пияз отырғызамыз. Алдымен алжапқыштарыңды тағыңдар, қолдарыңа жұмыс қолғабын киіңдер. Сендер бірінші алдарыңда тұрған пиязды алып, қараңдар. Пияздың жоғарғы жағында кішкентай жасыл өскін болады, сол өскінді жоғары қаратамыз. Екі ыдысқа бөліп пиязды отырғызу. Балаларға пиязды қалай отырғызу керектігін көрсету. Балалар, қалай ойлайсыңдар осы пияз тұқым арқылы тез өсе ме, әлде отырғызған пияз тез өсе ме? Балалар отырғызған пияз тез өседі. Балалар, енді осы ыдыстағы пияздарды күтіп баптау керек. Олардың өсуіне бақылау жасау керек.
Сергіту сәті:
Атамның алып күрегін,
Бақшаны қопарып беремін.
Әжеме мен құдықтан,
Су әкеліп беремін.
Бау-бақшаны күтемін,
Арам шөпті жұламын.
Атай: Енді балалар, мен басқада балабақшаға баруым керек, бүгінгі пияз отырғызғанымыз сендерге ұнады ма? Бәрін түсіндіңдер ме?
- Ал, сау болыңдар, көріскенше. Балалар атаймен қоштасады.
Тәрбиеші балалардың берген жауабына қарай толықтырулар еңгізіп, түсінік береді және екі жәшіктегі пиязды да күтіп баптап, олардың өсуіне бақылау жасайтындығын айтады.
Дәптермен жұмыс: Балалар,берілген тапсырманы орындап, іс-әрекет-тегі көңіл-күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін пысықтайды.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Пияздың да басқа өсімдіктердегі сияқты тамыры, жапырағы болатындығын, олардың тұқым және көшет арқылы көбейетінділігін, бақшада өсетіндігін, көкөніс тобына жататындығын, өсу үшін су, топырақ, жарықтың қажеттілігін.
Қандай түсініктерді игерді: Пияздың әртүрлі болатындығын, ащы болатындығын, пияздың тұрмыста қолданылуын, оларды өсіру үшін су,топырақ жарық және күтім керектігін бақшада өсетіндігін.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Өсімдікті отырғызудың және себудің қарапайым түрін күтіп баптауды, пиязды отырғызу барысында құралдарды ұқыпты пайдаланды.
Пияз отырғызу
Пиязды күтіп баптау
Дәптермен жұмыс