Амалханова Әсемгүл Ерболқызы
«Жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
“Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек”, – деген екен шығыстың көрнекті ойшылы Әбу Насыр әл Фараби.
Мынау қайнаған заманда жаңа технологияларды қолданып, жаңаша еңбек ету – менің ұстанымым. Еңбегімнің бағасын ата-ана, жұртшылық береді. Өскелең ұрпаққа білім бере отырып, ел ертеңін қолға алар ізбасарларды тәрбиелеудемін.Ұстаз талантты болса, шәкірт талапты болады деп халық даналығы қандай жақсы мысал келтірген. Мен өзімді аса таланттымын деп санамаймын, дегенмен қолымнан келгенше тырысудамын. Сөзімнің дәлелі ретінде оқушыларымның жетістіктерімен бір марқайғым келіп тұр.
Оқушылардың жетістігі.
Бүгінгі ұрпақ- бақытты ұрпақ. Себебі, технологияның дамыған кезеңінде өмір сүріп жатқан жастарға алаңсыз білім алуға жан- жақты жағдай жасалған. Елбасының айырықша көңіл бөлуі нәтижесінде білім мекемелерін көбейту және олардың материалдық базасын заманауи қондырғылармен жабдықтауарқылы білім сапасын дамытуға барлық жағдай жасалып келеді.Осының барлығы білім сапасын арттыруға, кәсіби шеберлікті нығайтуға, мұғалімнің әлеуметтік мәртебесін жоғарылатуға ықпал ететіні сөзсіз. «Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін» деген Серке Қожамқұловтың сөзінен ұстаз қауымына деген үлкен құрметтеушілікті байқаймыз. Жақсы ұстазға екі ғана нәрсе керек, оның бірі- терең білім болса,екіншісі – үлкен жүрек.
Биылғы жыл барша ұстаздар қауымы үшін педагогтердің кәсіби мәртбесін арттыратын жаңа заң мен алдағы бес жылды қамтитын мемлекеттік бағдарламаның іске асырыла бастауымен жақсылық жоралғысындай қадірлі. Қазақ халқы қашан да жыл басын ерекше бағалағаны тарихтан белгілі. Осы жыл шеңберінде білім нәрімен сусындатып жатқан шәкірттердің жетер жетістігі мен алар асулары көп болуын тілеймін!
2021 жыл – берекесі мен ырысы тасыған табысқа толы жақсылықтарымен елдің есінде қалатындығынан үміттіміз.