Home » Баяндамалар » ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БОЙЫНША ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА  ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БОЙЫНША ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА  ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

Бегенова Адеми Дюсембековна
№ 1 ЖББМ КММ, Жезқазған қаласы 

 «Ұстаздың биігі ойлана қарасаң  биіктей береді, үңіле қарасаң тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» — деп Сократ айтқандай Егеменді  еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттердің бірі. Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.

Егеменді еліміздің өскелең ұрпағын тәрбиелеуде ұстаздардың алатын орны ерекше. Бүгінде білім беру саласында оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгермейінше, сауатты, жан-жақты болу мүмкін емес. Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеру мұғалімнің интеллектуалды, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да адами құндылықтарының қалыптасуына әсер етіп, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Жас ұрпақтың өз бетінше шешім қабылдай алатын, өзіне нық сенімді, батыл, жігерлі, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат болуы ұстаздан өте қажырлы еңбекті талап етеді. Бұл міндеттерді шешу үшін ұстаздың күнделікті тынымсыз ізденісі, барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық тәжірибе мен қарым-қатынасқа өтуі қажет деп ойлаймын.

Бүгінде заман көшіне ілece алaтын оқушыларды дайындау барысында мұғалімнің  ізденімпаздық шеберлігі аса  қажет. Кез келген уақытта күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін  сабақта  оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауға жетелеп, табысқа жеткізе алуы нәтижелі бола бермек. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды түрлендіріп өткізу- интербелсенді әдістерді пайдаланудың тиімділігенде. Бастауыш сыныпта оқушылардың өзіндік жұмысының жоғары формасына олардың өз еркімен амал-тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары, жеке ұжымдық жұмыстар ұйымдастыру, пәндік апталықтар мен ғылыми-шығармашылық апталық, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор. Оқу  үрдісінде   оқу үшін және оқыту  үшін бағалаудың қолданылуы да  оқушының алға жылжуына, нені біліп, нені меңгере алмағанын аңғаруға, жіберген қателіктерін дер кезінде түзеуге көмектеседі.

«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады.» — деп Абай атамыз айтқандай, озық ойлы білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне үлесін қосып келеді. Осындай қоғамдық әлеуметтік мәдени өзгерістер, дамулар,  мектептің оқу процесіне әсер ететіні сөзсіз. Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алады. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің ролін анықтау — педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді.

Педагогикалық шеберліктің негізі – балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу – тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықтар, жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып табылады.

Елбасымыз әрбір қазақстандық, ХХІ ғасыр аазаматына лайықты қасиеттерге ие болуы керектігін де баса айтты. Ол үшін болашақта   компьютерлік сауаттылығы жоғары, шет тілдерін меңгерген білімді ұрпақ тәрбиеленуі тиіс. Осы айтылған мақсаттарға жету үшін ұстаздарға үлкен жауапкершілік артып отыр. Мұғалімге  өзінің біліктілігін  жетілдіруі, тиімді әдіс-тәсілдермен қарулануы-оқушылардың  сабаққа деген қызығушылықтарын арттыра түспек. Елбасы: — Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы,- деп тегіннен тегін айтпаса керек.

Осы орайда, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жасалған бағдарламаның мәні зор боп отыр. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқушылар ерекше дағдыларды меңгеруде. Мұғалімнің кәсіби білік дағдылары оның жеке кәсіби педагогикалық мәдениетін көрсететін өлшемі  боп отыр. Жаңаша өмірге бет бұрып, жаңаша ой түзеген егемен еліміздің ұрпағын білім нәрімен сусындататын саналы тәрбие, сапалы білім беретін жеке тұлға, мәдениеті мен кәсіби шеберлігі шыңдалған мұғалім – ғасыр көшін бастаушы болып табылады.

Бұл бағытта әр педагогтың өз ісіне шебер болуы, ізденіп, өз білімін үнемі жетілдіруі,  шәкіртіне жағдай жасауы қажет-ақ. Бұған дәлел 2017-2018 оқу жылында Қарағанды қаласындағы педагогоикалық шебер орталығының ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан курсында өз білімімді жетілдіріп, жаңаша оқу бағдарламасының қыр – сырын біліп, үйрендім. Осы курстың маңыздылығы оразан зор екенін білдім. Заманауи білім процесінің нені талап ететінін ұқтым. Яғни біз өз тәжірибемізде шәкіртке сыни тұрғыдан ойлауды тереңірек үйретіп, сыни ойлауды басшылыққа алуымыз керек. Мен осы курс арқасында жаңа технологияларды меңгеріп, белсенді оқытудың әдіс – тәсілдері және саралау тәсілдерінің тиімді екенін ұқтым.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.