Home » Білім және тұлға »  «Үлкендер жолы — ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!»

 «Үлкендер жолы — ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!»

Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,

Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағаттышуақсепкен, ұстаздар,

Өздеріңнен бастау алар бар арман, – дегендей,ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейін ізіне ерген шәкірттеріненізеттігін аямайтын, алдындағы  ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ардагер ұстаздарымыздың орны ерекше біз үшін.

Қанай мектеп – бөбекжай-балабақша кешенінде 2002 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан ардагер ұстаз Бикжанова Қорылғайым Тасбулатовна 1960 жылдың 07 маусымында Ресейдің Самара облысының Отрадный деген жерінде қарапайым қазақ отбасында дүниеге келген. Отбасы жағдайына байланысты жас кезінде Орал облысы, Бөрлі ауданы, Байшеркеш ауылына қоныс аударып, 1975 жылы қазіргі Қанай ауылындағы  Байшеркеш сегізжылдық мектебін бітіріп, Бөрлі ауылындағы Бөрлі орта мектебінде қалған білімін жалғастырады. 1977 жылы аталмыш мектепті аяқтап, Орал қаласындағы А.С.Пушкин атындағы Педагогикалық институттың жаратылысытану – география факультетіне оқуға түседі. 1982 жылы жоғарғы оқу орнынан «география-биология» пәні мұғалімі деген мамандығын алып шығып, Орал қаласындаңы №13орта мектебіне жолдама алып, алғашқы еңбек жолын биология пәні мұғалімі қызметімен бастайды.

1986 жылы отбасылық жағдайына байланысты аталған мекемеден жұмыстан шығып, 2002 жылы Данилякөл мектебінің жабылуына байланысты, Қанай ауылына қоныс аударып, әлі күнге дейін осы мектепте қызмет етіп келеді. 2008 жылы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. Отбасылы: жолдасы және қызы бар.

Талай жылдан бері тұрақты қызмет атқарып келе жатқан жоғарғы санатты  ардагер ұстаз 2014 жылы «Формирование интеллектуальных и творческих способностей учащихся через исследовательскую деятельность», 2015 ж «Lesson study – в МКШ» деген тақырыптарымен облыстық семинарларға шығып, 2017 ж РФ Болшая Черниговка селосында өткен V Межрегионалдық – ғылыми практикалық конференциясына қатысып, дипломмен марапатталған.

Шәкірттері де талай белестерді бағындырып жүр. Атап айтар болсақ,  2016 ж Гайсиева Жанель «Дүниежүзілік жануарларды қорғау» облыстық конкурсынан 3 орын, 2018 жылы Бегимова Азиза «Туған жер. Экология. Мен» облыстық ғылыми-практикалық конференциясынан 3 орын, 2018 ж Бегимова Азиза география пәнінен аудан көлеміндегі ғылыми жобалар жарысынан 3 орынды иеленді.

«Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» демекші, арамызда айтары мол, әр қадамы тәрбие тұнған ұстаздар барда өскелең ұрпақтың да, ізінен ерген жас буын – педагогтердің де алар асуы биік боларына сенімдіміз!

БҚО, Бөрлі ауданы
Қанай мектеп – бөбекжай-балабақша кешені
ДОІЖ орынбасары О.Шундыбаева

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.