Home » Білім және тұлға » Біздің Жібек

Біздің Жібек

Бултанова Жібек Қамызбайқызы Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы Жалпақтал ауданында дүниеге келген.  Жалпақтал ауданы Қараөзен ауылы, Жас ауылында  бірінші сыныпқа барған, 1991 жылы Қараөзен ауылы мектебін  тәмамдаған.

Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетіне  оқуға қабылданып, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша диплом алған.

Орал қаласындағы Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан Өнер институты филология кафедрасының оқытушы.

Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Спорт министрлігі спорт комитетінде бас маман.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасында ізденуші-тәлімгер.

2002 жылы осы кафедрада 10.01.02 — қазақ әдебиеті мамандығы бойынша аспирантураның күндізгі оқу бөліміне қабылданған.  2007 жылы кандидаттық диссертация қорғаған, филология ғылымдарының кандидаты.  Ғылыми жетекші – ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, профессор Р.Н.Нұрғали.

«Қазақстан темір жолы» ҰҚ»АҚ —  Бас маманы.

«Аударма» баспасында редактор, 2008 жылы Редакциялық директор, «Аударма» баспасының директоры.

Қазақстан инновациялық және телеоммуникациялық жүйелер университетінің аға оқытушысы.

 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультеті  кафедрасының доценті.

«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК

Маркенинг және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы. «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК «Astana Musical»  мемлекеттік театры труппа меңгерушісі.

Шайсұлтан  Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы,  Орфография басқармасының ғылыми қызметкері.

Шайсұлтан  Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы,  Ақпараттық басқармалар басқармасының редакторы.

 

Отбасын құрған. Жұбайы және ұлы бар.

Айтыстары: Мэлс Қосымбаев, Салауат Исақаев, Оразалы Досбосынов,  Бекарыс Шойбеков, Айбек Қалиев сынды ақындармен сөз жарыстырған.

 

Қосымша:  Алматы қаласында өткен І республикалық әнші, жыршы, термешілер конкурсының лауреаты (1988), Алматы қаласында өткен «Студенттер көктемі» фестивалінің лауреаты (1994), Алматы қаласында өткен Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығына арналған халықаралық айтыстың дипломанты (1996), Астана қаласында өткен «Ана тілім ардағым»  республикалық айтыстың бас жүлдегері (1999), Түркістан қаласының 1500 жылдығына арналған халықаралық айтыстың І орын жүлдегері (2000), Ақтау қаласында өткен дәстүрлі «Қашаған» айтысында (2007) Бас жүлде, Қызылорда қаласында өткен Көкен Манаповтың 80 жылдығына арналған республикалық айтыстың 1 орын жүлдегері (2008).

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы сериясы бойынша «Әлем әдебеиті» 100 томдық (қазақ тілінде);

«Библиотека Казахской Литературы» сериясы бойынша 100 томдық (орыс тілінде);

«Әлем балалар әдебиетінің інжу-маржандары» сериясы бойынша жасөспірімдерге арналған шығармалардың жарық көруіне ат салысқан.

Отбасын құрған. Жұбайы және ұлы бар.

Казталов ауданы Жас  ауылы,
Жас нжбб мектебі
Тапалова Сандуғаш Науановна

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.