Білім әлемінің жарық шамына айналып,ағартушылық саланың қркендеуіне үлес қосқан ұлағатты ұстаздардың еңбегі өлшеусіз екені белгілі.
Дана халқымыздың «Мұғалім мамандығы барлық мамандықтың атасы» деп бағалауы тегін емес.Ықылым заманнан ұстаздарға деген құрмет бәрінен биік саналып келеді. «Мектептің жанына балаған мұғалім тұлғасы» қоғам дамуына қарай қызметтік бағытына өзгеріс енгізгендей.Қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуде өзінің маңызды міндеттерінің бірі санаған,кейін халық қалауымен әкім болып,халыққа жоғары деңгейде қолайлы жағдай жасай білген бүгінде ауданымыздың мәдениет пен спорт бөлімінің басшысы қызметі абыроймен атқарып отырған.
Галимов Ернар Бахтиярұлы-1984 жылы Казталов ауданы,Казталов ауылында дүниеге келген.1990 жылы Мирон орта мектебіне қабылданып,2001 жылы Мирон орта мектебін аяқтаған.2001-2004 жылдары Орал гуманитарлық колледжінде «Дене шынықтыру» факультетін бітіріп алғашқы еңбек жолын 2004 жылы Мирон ОЖББ мектебінде дене шынықтыру пәні мұғалімі болып бастады.Пән мұғалімі болып жүрген жылдары түрлі спорттық тегін үйірмелер ұйымдастырды,атап өтсем: бокс,гандбол,баскетбол, пионербол,волейбол,футбол.Үйірмелер бойынша оқушылар аудандық,облыстық жарыстарға қатысып нәтижелі жетістіктерге қол жеткізді.Балалардың қызығушылығын оятып жалпы үйірмелерге мектетің 100% ұлдары мен қыздары қатысты.2004-2007 жылдары Батыс Қазақстан Гуманитарлық Академиясының «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша оқыған.2013 жылы Богатырев ОЖББМ –нің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,2013-2015 жылдары Тереңкөл ОЖББМ-нің директоры,2015-2017 жылдары Мирон НЖББМ-нің директоры,2017-2019 жылдары Тереңкөл ауылдық округінің әкімі қызметтерін жауапкершілікпен атқарса,бүгінгі таңда Казталов аудандық мәдениет,тілдерді дамыту,дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.
Шәкірттерді тәрбиелеуде ұшқыр ойлы ұтаз бейнесі шәкірттердің жадында сақталған.Әсіресе спорттың дамуына зор ықпалын тигізген жанашыр тұлғалардың бірі. Ауданның білім мен тәрбие саласына қосқан өлеусіз еңбегі үшін 2019 жылдың маусым айында Казталов ауданының әкімі А.А.Шыныбековтың Алғыс хатымен марапатталды.
Орыс ойшылы Лев Толстой «Егер мұғалім өн бойына,өз ісіне,шәкіртіне деген сүйіспеншілік жинақтаса,ол-нағыз ұстаз» десе,Антон Чехов «Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен сыйлата білмесең,құр қаталдықтан түк те шықпайды» деген.Осы ретте,Ернар Бахтиярқлы сырт көзге қатал,талапшыл көрінгенмен,мектепті және округті басқару қызметін шебер ұйымдастыратын.Ұстаздар күніне орай 2018 жылдың қазан айында Казталов аудандық білім беру бөлімінің басшысы Н.С.Дуйсековтың «Үздік спортқ жанашыр ауылдық округ әкімі» номинациясының иегері.Өз жұмысында адалдық танытып,кәсіби маманның келбеті болуға лайықты қызмет атқарып жүр.Мектеп ұжымы мен округ тұрғындар шебер де іскер басшыдан қамқорлықты сезініп марқайса,тәртіп пен талап арқылы тиянақтылық мектебінен өтті. 2019 жылы аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымымен бірлескен марапаттау шарасында «Білім саласына қолдау көрсетіп жүрген ауылдық округ әкімі» номинациясы иегері.Ернар Бахтиярұлы мектепке ала таңмен бірінші келіп,жұмыс соңында мектептің есігін жауып шығатын.Ернар Бахтиярұлының бойынан әріптестері ерекше бағалайтын нағыз ер азамтқа тән қасиеті бар.Әр бір жас маманға,әріптестеріне өзінің іс-әрекетімен,өнегелі істерімен,сөзімен,жүріс-тұрысымен өнеге көрсеткен нағыз үлгі алуға лайықты іскер тұлға.Округ әкімі болған шақта туындған мәселелердің түйінін шешуде біліктілігімен ерекшеленіп,дамуына зор ықпалын тигізді.Атқарған еңбегі үшін Батыс Қазақстан облысының әкімі А.С.Көлгіновтің қолынан 2018 жылдың желтоқсан айында облыс әкімінің Алғыс хатына ие болды.Ернар Бахтиярұлының еңбек жолы Тәуелсіз Қазақстанға өз Отанына адал қызмет ету,экономикалық өрлеуіне үлес қосу және саналы да сапалы ұрпақ өсіру міндеттерін ойдағыдай орындап болашағынан зор үміт күттірер әліде талай биіктерді бағындырып Қазақстанның еңбек сіңірген мемлекет және қоғам қайраткері боларына кәміл сенеміз.
Батыс Қазақстан облысы
Казталов ауданы
Жаңатаң ауылы
Жаңатаң негізгі орта мектебі
Бигалиев Азамат Мағзомұлы