Home » Білім және тұлға » Жеңімпаздарға жол көрсеткен Жеңіс Ұстаз!

Жеңімпаздарға жол көрсеткен Жеңіс Ұстаз!

«Білімді сауатты адамдар — бұл 21 ғасырда адамзат дамуының қозғаушы күші» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі әрбір ұстаздарға үлкен ой салады. Себеп кез-келген елдің болашағы жастардың, ал олардың болашағы ұстаздардың біліктілігі мен оның өз шәкірттерінің жан дүниесіне көңіл бөлетін, сонымен қатар жас ұстаздарды жаңа технологиямен қаруландырып, әдістемелік кеңес беріп, жол сілтеп шығармашылыққа бағыттайтын ұстаздарды ұлық демегенде кім деп тануға болады.  Мұғалім үнемі шығармашылық, ізденіспен жұмыс жасап отырса, жаңашылдыққа жақын болғаны өзгелердің үлгісін өз ісінде пайдалана білсе оған өзіндік қолтаңбасын қосып отырса-оқушы тәрбиелеу мен білім берудегі жетістігі сол болмақ.

Қазіргі ауыл оқушыларын білім нәрімен сусындатып отырған Ақпәтер ЖОББ алтын ұя мектебемізде талай жүректің кілтін тауып, талай шәкірттің өз өмірінде орнын табу үшін аямай тер төгіп, білгенін үйреткен ұстаздар қаншама?

Солардың бірі де, бірегейі-Ақпәтер ауылының топырағында 1966 жылы дүнииеге келіп, жоғарғы білімін 1990 жылы Орал педагогикалық институтының дене тәрбиесі факультетінде жалғастырып, еңбек жолын туған ауылында дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі, мектептегі күрес үйірмесінің жетекшісі қызметтерін атқарудан бастаған, қазірде әлемнің әр бұрышында ел абыройын асқақтатып жүрген шәкірттері бар елеулі тұлға- Стамғазиев Жеңіс Қанатұлының еңбек жолынан сыр шертеміз…

Ж.Қанатұлының  осы уақытқа дейігі атқарған үздіксіз еңбегі ауылдың қарапайым қара домалақ балаларының болашағына жол ашып, өз жолдарын табуға септігін тигізді. Өз сабақтарында ғылыми әдістемелік жаңалықтарды, спорт жүйесіндегі жаңа технологияның әдіс тәсілдерін үнемі шебер пайдалана білетін, оқушыларына талап қоятын ұстаз, үздік жаттықтырушы есебінде танимыз.

2008ж. Ақпәтер ауылында өткен облыстық «Дзюдо клубының қалаушысы профессор Дзигаро Каноның туған күніне арналған мектеп командаларының біріншілігің бағдарламасына» сүйене отырып, мектепішілік дәстүрлі біріншілік үнемі ұйымдастырып бастаған, талапшыл жаттықтырушы қазіргі күнде сабақ өткізудің стандартты емес түрлерін қолдайды. Дене тәрбиесі бойынша сабақтар және сабақтан тыс іс-шаралар өткізудің стандартты емес формаларын қолдану оқушылардың интелектуалық және шығармашылық әлеуетін дамытуға зор ықпалын тигізеді. Осыған байланысты, «Ұлттық ойындар және күрес өнері», «Төменгі старт, старттық көрсеткіш», «Ептілікке баулу»; тәрбие сағаттар «Жалпы аурулар жөнінде», «Дене тәрбиесінің шығуы және оның қажеті» сынды өткізген сабақтары бар. Өз тәжірибесінде «Дзюдо күресіне үйрету» авторлық бағдарламасын, «Қыздырыну жаттығуларын әдіс жаттығуларымен алмастыр» тақырыбындағы ғылыми жұмысын тәжірбиесінде үнемі пайдаланады.

Қазіргі заман талабына сай оқыту мен тәрбиелеудің соңғы түрлерін игеріп, кәсіби шеберлікті ұштап отыру барлық мұғалімнің парызы. Дені сау, салауатты, рухы биік шәкірт тәрбиелеп, шәкірттермен шығармашылық жұмыс жасауда спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, шығармашылық қабілеттерін шыңдап, оқушылардың уақытын тиімді пайдалану және жат қылықтардан сақтандыру мақсатында 1990 жылы «Палуан» күрес үйірмесін ашты. Осы шынайы ниеттен туындап ашылған күрес үйірмесінен талай саңлақтар тәрбиеленді, әлі тәрбиелену үстінде.

1-5 сынып оқушылары «Жас палуан» топтарына, 6-11 сынып балаларын «Палуан» топтарына бөліп жұмыстанды. Үйірме мүшелерімен уақытын еш жібермей дайындалу нәтижесінде, шәкірттері жетістіктерін жоғары деңгейде көрсете білді. Үйірме жұмыстаарының алғашқы нәтижесі 1992 жылдың самбо күресінен облыс біріншілігіне төрт оқушы қатысып, Сағатаев жеңімпаз атанса, С.Қаратаев II орын, И.Сакенов III орын, И.Сәкенов III орын иеленді. Сол жылдарда Қазақстан біріншілігінде жүлдегер атанған Ш.Түменов Ресейдің Кстово қаласында өткен спорттық клубтар арасындағы самбо күресінен әлем чемпионатына қатысып, жақсы дайындығын көрсете білді.

Осы жұмыстардың нәтижиелігін көрсете отырып, күрес қимылдарының дене шынықтыру сабағында қолданылу қажет деп табылып, 2002-2003 оқу жылынан бастап 6-8 сыныптардың күнтізбелік оқу бағдарламасына аудандық әдістемелік кабинеттің, мектеп әкімшілігі келісімімен III-IV тоқсандарға дзюдо жекпе-жегінің элементтері енгізілді. 2004 жылы дзюдо күресінен ҚР ның жасөспірімдер арасында өткен біріншілікте М.Джумагельдин жүлделі I-ші орынды иеленіп, 2005 жылдың қаңтарында Астана қаласындағы спорт интернатына емтихансыз қабылданды. Кіші жасөспірімдер арасында II дүркін ҚР-ның біріншілігінің жүлдегері. Жасөспірімдер арасында (Теміртау, 2010 жеңімпазы атанды, Халықаралық турнирдің жеңімпазы, жүлдегері (Чехия 2010), Азия біріншілігінің жеңімпазы болды.

Ауыл мектебі балаларға білім, тәрбие беру орны ғана емес, осы ауылдың мәдени ошағы, тарихи шежіресін ұстап тұрған мекеме. Соған дәлел 02.02.2014 ауылда ашылған өлкетану мұражайында Ж.Қанатұлының және палуандарының жетістіктері бағаланып, бұрыш жасақталды. Ауыл мұғалімі-кең білімді, мәдениетті, ізгілікті, зиялы жас ұрпақты дамыту, оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық бағытта жұмыс жасайтын өзіндік шені қалыптасқан ұлы тұлға. Өз ауылына сүйіспеншілік, оқушымен тіл табыса отырып, көп еңбктенудің арқасында ғана шынайы жетістікке жетуге болады.

Күрестің әліппесін үйретіп, хас шеберлердің негізін қалаған жаттықтырушыдан халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері де тәрбиеленді. Олар: Серіков Нұрбол самбо күресінен әлем (Румынья, Бухаресов) чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері;

Қаратаев Серік-әскери самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы;

Ихсатов Батырбек-грепп-линг күресінен спорт ардагерлері арасынан әлем чемпионы, Астана қаласы

Жетістікке жеткен шәкірттері: Сериков Нүрбол- жасөспірімдер арасында самбо күресінен Қазақстан Республикасының жеңімпазы(2010), әскери самбо күресінен жастар арасында Халықаралық турнирдің жеңімпазы(Чехия 2010), жасөспірімдер арасында самбо күресінен Халықаралық турнирдің күміс жүлдегері (Чехия 2010), самбо күресінен жастар арасында Қазақстан Республикасының жеңімпазы (Павлодар 2011), Азия біріншілігінің жеңімпазы (Ташкент 2011), самбо күресінен жасөспірімдер арасында әлем біріншілігінің қола жүлдегері (Латвия 2011), самбо күресінен ересектер арасында Әлем кубогі кезеңінің күміс (Орал 2012) жүлдегері. Дзюдо күресінен жастар арасында ҚР біріншілігінің күміс (Қарағанды 2012) жүлдегері. Самбо күресінен жастар арасында ҚР біріншілігнің жеңімпазы (Қарағанды 2012), самбо күресінен жасөспірімдер арасында Әлем біріншілігің қола жүлдегері(Болгария 2012). Қазіргі таңда: жекпе-жек спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінде жаттықтырушы қызметін атқарады.

Хамзин Аңсар-самбо күресінен ҚР спартакиясының күміс жүлдегері (Тараз 2010), самбо күресінен Халықаралық турнирдің күміс жүлдегері (Киргизия 2010), қазақ күресінен жастар арасында ҚР біріншілігінің күміс (Ақтөбе 2012) жүлдегері.

Нұрмұханов Мейірхан-жасөспірімдер арасында ҚР-ның жеңімпазы (2010), ересектер арасында самбо күресінен Әлем кубогі кезеңінің қола жүлдегері (Орал 2010), самбо күресінен жастар арасында ҚР-ның жеңімпазы (Павлодар 2011), Азия біріншілігнің қола (Ташкент 2011) жүлдегері.

Хамзин Ерназар-кіші жасөспірімдер арасында ҚР біріншілігінің күміс жүлдегері (Теміртау 2010), қазақ күресінен жастар арасында ҚР біріншілігінің қола (Ақтөбе 2012) жүлдегері . Самбо күресінен жастар арасында ҚР біріншілігінің күміс (Қарағанды 2012) жүлдегері. Самбо күресінен (81кг) ересектер арасынан ҚР-ның кубогінің жеңімпазы.

Дүйсенғалиева Шаттыгүл-жасөспірімдер арасында самбо күресінен ҚР біріншілігінің күміс (Атырау 2011) жүлдегері, Әлем біріншілігінің қола (Латвия 2011) жүлдегері, самбо күресінен жасөспірімдер арасында ҚР біріншілігінің жеңімпазы (Степногорск 2012), Әлем біріншілігінің қола (Болгария 2012) жүлдегері, әйелдер арасында самбо күресінен ҚР кубогінің қола (Семей 2012) жүлдегері, 23 жастарға дейін самбо күресінен ҚР біріншілігінен II-орын (Алматы 2013) жүлдегері.

Елешов Жанаман-жасөсіпірімдер арасында дзюдо күресінен ҚР біріншілігінің күміс (Қызылорда 2011) жүлдегері, 23 жастарға дейінгі самбо күресінен ҚР біріншілігінен II-орын (Алматы 2013), жасөспірімдер арасында самбо күресінен ҚР самбо күресінен ҚР біріншілігінің күміс (Жаркент 2013) жүлдегері.

Неғмет Серікбай кіші жасөспірімдер арасында ҚР біріншілігінің қола (Повладар 2011) жүлдегері, самбо күресінен Азия балалары спорт ойындарының жеңімпазы (Якутия, Ресей 2012), самбо күресінен Евразиялық ойындардан (1997-98 ж.т) жүлделі I-орын (Алматы 2013)

Қабрайқызы Құралай-әйелдер арасында самбо күресінен ҚР кубогінің қола (Семей 2012) жүлдегері, самбо күресінен Евразиялық ойындардан (1997-98 ж.т) жүлделі I-орын (Алматы 2013). 23 жастарға дейін самбо күресінен ҚР біріншілігінен II-орын (Алматы 2013) жүлдегері.

Амангелді Бақытжан- жасөсіпірімдер (1997-98 ж.т) арасында дзюдо күресінен ҚР біріншілігінің қола (Ақтау 2013) жүлдегері. 23 жастарға дейін самбо күресінен ҚР біріншілігінен II-орын (Алматы 2013) жүлдегері.

Даутов Армат- жасөсіпірімдер (1995-96 ж.т) арасында самбо күресінен ҚР біріншілігінің қола (Жаркент 2013) жүлдегері.

Иманғалиев Мейірбек- дзюдо күресінен (60кг) кіші жасөсіпірімдер арасында   Республикалық турнирдің жеңімпазы атанды (Атырау 2013).

Халықаралық жарыстардағы жетістіктері үшін жоғары оқу орындарында грант жеңіп алған шәкірттерім: Қабрайқызы Құралай, Дүйсенғалиева Шаттыгүл, Серіков Нұрбол-БҚМУ студенттері.

«Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»-дейді, дана халқымыз. Бүгінде ұстаздан өнеге алып, өздері де ұстаздық қызметті атқарып жүрген ізін басушы шәкірттері: Айсағалиев Есен (БҚМУ, мамандығы: дене шынықтыру пәні мұғалімі); Спорт мектебі әдіскері /Орал қаласы/

Қаратаев Серік (БҚМУ, мамандығы: дене шынықтыру пәні мұғалімі); М-1 жекпе-жектен жаттықтырушы/

Төлегенов Мирлан (БҚМУ, мамандығы: дене шынықтыру пәні мұғалімі); Дзюдо күресінің жаттықтырушысы/Маңғыстау  облысы/

Байсов Сырым  (Ж.Досмұхамедов ат.пед колледж);  Дзюдо күресінің жаттықтырушысы/Жәнібек ауданы/

Жумасейтов Жандос (БҚҒА, мамандығы: дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;) Дзюдо күресінің жаттықтырушысы/Атырау  облысы/

Джумагелдин Митхат (Л.Гумалев ат Евразиялық университет, мамандығы дене шынықтыру пәні мұғалімі;) Спорт мектебі әдіскері/Астана қаласы/

Нурмуханов Мейірхан  (БҚҒА, мамандығы: дене шынықтыру пәні мұғалімі), Дзюдо күресінің жаттықтырушысы/Ақпәтер ауылы/

Мырзахметов Айбек (БҚМУ, мамандығы: дене шынықтыру пәні мұғалімі); дене шынықтыру пәні мұғалімі /Ақпәтер ауылы/

Джумагалиев Нурхат(БҚМУ, мамандығы: дене шынықтыру пәні мұғалімі); дене шынықтыру пәні мұғалімі /Ақпәтер ауылы/

Махметова Венера (БҚМУ, мамандығы: дене шынықтыру пәні мұғалімі); дене шынықтыру пәні мұғалімі /Ақтау қаласы/

Бұлар Жеңіс ұстаз тәрбиелеген шәкірттерінің бөлігі ғана, шәкірт жетістігі ұстаз  еңбегінің көрінісі екені сөзсіз.

Қоғамсыз өмір жоқ екенін түсіне отырып, ауыл тынысы, мәдени шараларға  да белсене қатынасып, кең көлемдегі жарыстар мен байқаулар, қолдау шараларын жылма-жыл өткізуді дәстүрге айналдыра білген жаттықтырушының шәкірт тәрбиелеп, қоғамда қалтқысыз еңбек еткеніне-30 жыл толып отыр. Осы 30 жыл еңбек өтілінде аудандық, облыстық және  Қазақстан Республикасының Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Бүгінгі білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын дене тәрбиесі арқылы балаларға патриоттық тәрбие беруде,  еліміздің егемендігін нығайту жағдайында жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеу, олардың елін, жерін сүйетін, ана тілін ардақтайтын, ұлтын пір тұтатын, азамат болып өсуін қамтамасыз ету білім беру жүйесінің жалпы ұстаздар қауымының басты мақсаты десек, Ж.Қанатұлы сол мақсатқа талмас қанат, жасымас жігері арқылы жете білген қажырлы тұлға.

Қорыта келгенде қазақ елінің намысын қорғай білген ұлы тұлға деп есептеуге келетіндей жеңімпаздарды тәрбиелеген алдымен ұстазға алғыс айтылуы керек. Ал Жеңіс Қанатұлы Ұстаз атты ұлы тұлға бейнесіне әбден лайық. Бүгінде ұл мен қыз тәрбелеп отырған адал жар,  үлгілі әке, біздің мектебіміздің жалпы ауыл халқының мақтанышы, БІЗДІҢ ТҰЛҒАМЫЗ!

Батыс Қазақстан облысы
Казталов ауданы
Ақпәтер ауылы
Ақпәтер жалпы білім беретін мектеп ұжымы 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.