Home » Мақалалар » Өзін-өзі тану пәні — келешек ұрпаққа рухани азық  

Өзін-өзі тану пәні — келешек ұрпаққа рухани азық  

Сарбасова Эльмира Қыдырбекқызы
Алматы обылысы, Іле ауданы,
М. Түймебаев ауылы
№20 орта мектептің
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Өзін-өзі тану пәнінің өсіп келе жатқан жас ұрпаққа берер тәрбиесі өте көп деп айтар едім. Бұл пәннің ерекшелігі- балалардың бірінші өзіне құрмет көрсете білуі және өзгелерге, қоршаған ортаға деген құрмет көрсетуіне жол ашады. Келешек ұрпаққа рухани дамуына, бойындағы адамгершілік қасиеттерінің ашылуына көмектеседі.

«Өзін- өзі тану» пәні- өзге пәндерден ерекшелігі, ол дәстүрлі пәндер сияқты қоршаған орта туралы емес, адамның өзі және оның ішкі жан-дүниесі туралы пән. Мейірімділік, ізгілік, өзгені өз бауырындай қабылдай білуге, өзіңе тілеген жақсылықты өзгелерге де соны тілей білу, бұның бәрі жүрек қалауы екенін түсіндіреді.

Әр бала өзінің руханилығымен, өзінің тазалығымен және өмірді таза күйінде қабылдай алуымен талантты. Өзін-өзі тану сабақтарында баланың жалпы адамзаттық құндылықтар адамгершілік қасиеттер, жарасымды қарым-қатынас туралы түсініктер кеңейеді. Мақсат-міндеттерінде  әр баланың өз жүрегінде жалпыадамзаттық рухани құндылықтар (Ақиқат, Дұрыс әрекет, Ішкі тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау) бар екендігіне көздерін жеткізіп, өмірде осы құндылықтарды басшылыққа алуға үйретуді көздейді.

Құндылықтар деп- адам үшін өте маңызды заттар мен құбылыстарды, қасиеттер мен жай күйлерді атайды.

Абсолюттік (мәңгілік) жалпыадамзаттық құндылықтар тұлғаға рухани-адамгершілік білім берудің негізгі өзегі болып табылады. Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар табиғи және жүре пайда болған құндылықтарды да қамтиды. Өйткені жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан алғанда олар адами қасиеттер болып табылады.

Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару арқылы ізгілікке жол ашады. Мәңгілік құндылықтар- рухани адамгершілік білім негізі және оның өзегі болып табылады. Олар атап айтсақ: Ақиқат, Дұрыс әрекет, Ішкі тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау. Осы құндылықтар адамның ұлтына, нәсіліне, тұратын ортасына байланыссыз және уақытпен өзгермейтін жасаушы мән. Олар бөлінбейді, өзара байланысты, өзара тәуелді және бір-біріне етене еніп, адами адам руханилығын және оның мәдениетінің бірыңғай негізін құрайды.

– Ақиқат- шынайылықтағы Сүйіспеншілік

– Дұрыс әрекет — іс-әрекеттегі Сүйіспеншілік

– Ішкі тыныштық — сезімдегі Сүйіспеншілік

– Қиянат жасамау — қарым-қатынастағы Сүйіспеншілік

Жалпыадамзаттық мәңгілік құндылықтар біртұтас, өзара  тығыз байланыста болады, бір-бірімен ынтымақтаса отырып, адамның руханилығы мен мәдениетінің негізін құрайды.

Сонымен қатар өзін-өзі тану пәнінде, әрбір тақырыпқа берілген дәйексөз, бабаларымыздың өскелең ұрпаққа қалдырған даналы сөздерін жетік меңгеруін, оның астарлы жағы мен тәрбиелік мәнін ашып көрсетеді. Болашақ ұрпаққа қалдырған рухани мұраны бойларына сіңіріп, ойларында сақтап айтып жүруіне берер көмегі көп деп айтар едім.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.