Home » Баяндамалар » Менің  мектеп басқарудағы артықшылықтарым

Менің  мектеп басқарудағы артықшылықтарым

Менің  мектеп басқарудағы артықшылықтарым
Мои особенности в управлении школой
My school management preferences 

Идирисова Дариға Түймебайқызы
Идирисова Дарига Туимебаевна
Idirisova Dariga Tuimebayovna

Коммунальное государственное учреждение «Средняя школа имени Жарылкасына Отарбаева» отдела образования Сарысуского района управления образования акимата Жамбылской области

State Institution “Secondary School named after Zharylkasyn Otarbayev” of the Education Department of the Sarysu District of the Education Department of the Akimat of the Zhambyl Region

 Аннотация

        Ұстаздық жауапкершілігі зор, қадірлі мамандық екенін айта келіп, ұстаздықтың салмағы қандай екенін, қадірлі мамандық иелеріне басшылық ету үшін білімді басшы ғана болу аз екеніне талдау жасап,заманауи басшының міндеті мен шағын жинақталған мектептің жеткен жетістіктеріне және өзінің мектеп басқарудағы өзіндік ерекшеліктеріне кеңінен тоқталған.

 Аннотация

Отметив, что преподавание — ответственная и престижная профессия, он проанализировал важность преподавания, роль современного лидера и достижения малокомплектной школы, а также особенности управления школой.

Annotation

Noting that teaching is a responsible and prestigious profession, he analyzed the importance of teaching, the role of a modern leader and the achievements of a small school, as well as the specifics of school management.

 

«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін — білім»

М.Әуезов

         Ұстаз сөзімен биіктік, тереңдік ұғымдары тығыз байланысты. Сондықтан мұғалім – мұхит тұңғиығындай терең білімді адам болуы тиіс. Тереңдік ұғымының ұстаз сөзіне тән болу сыры да осында жатыр. Ана да, дана да, ақын да, хакім де  -бәрі-бәрі сол ұстаздан тәлім алады. Осыдан соң «Ұстаздықты бар мамандық иесі» дейсін. Осыған қарап-ақ биіктік ұғымын ұстазға тікелей қатысын аңғарамыз.

Ұстаздық жауапкершілігі зор, қадірлі мамандық болғандықтан, бұл мамандықтың иесіне бірқатар талаптар да қойылған. Ілім үйрету – ең сауапты әрі қадірлі іс болып есептелген. «Ұстаз» деген кім? Ұстаз – шәкіртін өмірге баулушы, оған өмірлік азық боларлық пайдалы білім мен жанына ізгіліктің нәрін егуші, жақсы мен жаманды, обал мен сауапты үйретіп, адамгершілік қасиеттерді сіңіруші, өзінің  тәжірибесімен бөлісетін жанашыры әрі ақылшысы. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі қоғамды ертең алға сүйрейтін озық ойлы адам тәрбиелеуші, өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялаушы. Мен үшін ұстаздықтың салмағы осындай. Салмағы санана салмақ түсірердей осынау қадірлі мамандықтың қадірін білгеннің қасиеті артары сөзсіз. Ендеше қадірлі мамандық иелеріне басшылық ету үшін мынау сан құбылып, кейде алай-дүлей, бұрқ-сарқ қайнап жататын тіршілікте ақыл мен мінезге қоса, үлкен ерік -жігер керек.

Басшы адамға істейтін ісін, сөйлейтін сөзін, қабылдайтын шешімін алдымен ақыл таразысынан өткізіп алу, әдеп- инабат, адамгершілік жағынан кінәратсыздық, салихалық пен мейірімділік, ізгілік пен кең мінезділік тән.

«Асылы, адам – өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға оған ажар түр беруге оны әшекейлеп, өрнектеуге еңбек етеді».

Ғабит Мүсіреповтың осы бір аталы сөзі үнемі жадымда тұрады. Шындығында солай ғой. Тіршілікте мейлі үлкен іс тыңдыр, мейлі өз қарымына сай келетін шаруа жаса, игілікке арналса,  халыққа пайдасы тисе, дүниенің базарын да, ажарын да танисың, түйсінесің, содан ләззат аласың.

Күннің жер жүзін жайнатып, әлемге мәңігілік өмір сыйлағаны сияқты, ілім де жанды нұрға бөлеп, адамның мерейін өсіреді. Басшы болу үшін оның терең ілім – білімі болу керек. Білім адамды надандық тұмшалаған қараңғы қапастан жарық, кең әлемге алып шығады.Бұл жағынан алғанда, ақылды да парасатты басшының білімі – миуа ағашының жемісі іспеттес. «Білім – адамның ішкі нәрі, сыртқы шырай, кәрі» деуге болады. Оның жемісі – көптің игілігі, оның жарығы айналасына түседі, оның нәрі қайырымдылық, қамқорлық тамырлары арқылы төңірегіне тарайды. Оның биік те мығым діңі, яғни әлеуетті тұлғасы көптің сүйеніші. Сол үшін білімді басшыны басқалар қатты құрметтеп, ізет тұтады.Білім, әрине, тек басқаларға үйрету үшін қажет емес, қызығын иесі көрмеген білімнің мәні болмайды. Сондықтан шығар, бұрынғының ақылмандары:

«Адам білім мен дәулетін әуелі өзі пайдаланып, содан кейін басқаларға үлестіріп беруі керек», — дейді екен. Білімді басшы әрқашан да алды -артын бағамдап алып, әрекет жасайды. Қолға алған ісінің ақыры қалай аяқталатынын, сөйлеген сөзінің түбі неге соғатынын ойлап, болжап алады. Яғни, тәмсіл сөзде айтылатындай, кірер  есігін ғана имес, шығар есігін де  біліп алып,  табалдырықтан  содан кейін аттайды.Білікті  басшы  тарих тағлымын,ата-бабалардан қалған өмір сабақтарын, жол-жосынды, үлгі-өнегені зердесінде ұстап, өз кезенің өзгешіліктерін ескере отырып, пайдаланады.  Ол әрқашан өзінің іс-қылығына сын көзбен қарап, өзім білермендіктен сақтанады. Білімді де білікті басшыға тән ерекше қасиет – зиянды нәрсенің өзінен пайдалы сабақ ала білу, яғни пайымшылдық, жасампаздық. Жеке өмірдегі шешім қабылдауға қарағанда басқарудағы шешім қабылдау өте қатал процесс.Шешімдерді қабылдау, бұл – алға қойған  мақсатыңның қалыптасуы мен сол мақсатқа жетудегі іс-қимылды түгелдей  қамтиды.Дұрыс шешім қабылдау басшы  бойындағы негізгі қасиеттерінің бірі болуы тиіс. Өз басым ойланып, мәселені анықтамай, қарастырылмаған шешімдерді қабылдай алмаймын. Сондықтан ұжым мүшелерімен ақылдаса отырып, барлық жағдайға қанық болып, көзім жеткеннен кейін ғана обьективті шешім қабылдауға тырысамын.

Заманауи басшының міндеті – әрбір педагогтың өзін-өзі шығармашылық  тұлғалық тұрғыдан дамытуына, кәсіби өсуіне, қайта құруларға, өздігінен білім алу және өзін-өзі тексеруге, өз біліктілігі аясында басқарушылық шешімдерді қабылдауына жағдай жасау.

ХХІ ғасыр  — тек білімділер мен біліктілердің ғасыры. Ата-бабамыздан қалған нақыл сөздерде келтіргендей «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» десек, «Дүние де өзі мал да өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз» — деп Абай атамыз айтқандай, біздің қазіргі заманымыздың ұлы тұлғасы, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты  Қазақстан халқына  Жолдауы еліміздің дамуына жол ашатын, телегей табыстарға қол жеткізетін, зор мүмкіншіліктерге сілтеме жасайтын бірден -бір стратегиялық жоспар болып табылады. Елбасының Жолдауында нақты он міндеттер көрсетілген. Соның ішінде жетінші міндет «Адами капитал -жаңғыру негізі» тақырыбында «Білім берудің жаңа сапасы» деген бөлімінде  Ұлт басшысы барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді  құруды жеделдетуіміз қажет дей келе, жас  ұрпақтарымыздың білім баспалдағы ошақтарына келгеннен бастап жаңартылған бағдарламалар, оқулықтар,  стандарттар мен жаңа кадрлардың негізінде білім алып бәсекегк қабілетті өршіл, рухани бай, сапалы тұлғалардың санын арттыру көзделген.

Елімізде дәстүрлі түрде өткізілетін білім қызметкерлерінің тамыз кеңесінде облыстық мектептер арасында рейтинг бойынша «Үздік шағын жинақталған мектеп» номинациясы бойынша «бір миллион теңге» сертификатын иелендім. Бұл дегеніміз ұстаздарымыздың  еңбегінің арқасы деп білемін. Білім беру жүйесіндегі қаншама өзгерістерге қарамастан, ұстаздар қауымы балаға білім беруден шаршаған емес.

Халықтың баласын оқыту  — жауапты іс. Осындай жауапты  жұмысты қиындығына  қарамай атқарып келе жатқан  ұстаздардың  ерен еңбегінің еленгеніне мен қуаныштымын. Бұл сертификат  бізді жігерлендіріп, жұмысқа деген үлкен жауапкершілігімізді күшейтіп, белсенділігімізді арттырды десем қателеспеймін.

Қазіргі таңда әр топ өз жұмыстарын бастап, жақсы көрсеткіштерге жету үшін аянбай еңбектенуде.

Мектеп ұстаздары шығармашылықпен айналысу барысында көптеген авторлық бағдарламалардың жеңімпаздары, атап өтетін болсам Республикалық авторлық бағдарламаға- 5 мұғалім қатысып жеңімпаз атанса, облыстық байқауда – 13 авторлық бағдарлама Дипломдармен марапатталды. Аудандық  авторлық бағдарлама байқауына қатысқан ұстаздардың – 32 жеңімпаз атанды. Оқушылар арасындағы ғылыми жоба байқаулар барысында 12 оқушы жеңімпаз атанды.

Республикалық «Bilim ordam-2018» тележурнал байқауының жеңімпазы атанып

І дәрежелі Дипломға ие болып, 250 000 теңге иелендік. Облыстық «Табиғатты аяла » жас өлкетанушылар экологтар мен табиғатты зерттеушілерінің форумында «Денсаулық және қоршаған орта»  номинациясы бойынша Абдуллаева Кенжекул ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.

«Шағын жинақты мектеп жағдайында «Lesson study»-ді ұйымдастыру жолдары» тақырыбындағы облыстық ғылыми конференцияға қатысып үздік жасаған баяндамамыз үшін Дипломмен мектеп директоры ретінде өзім және бағдарлы жөніндегі орынбасарым марапатталып, жинаққа баяндамамыз енді.

Заманауи басшы шәкірттерін жан-жақты зерделей танып, оның жан-жүрегіндегі қат-қабат иірімдерге жол тауып, зердесін зерделеп, мінез-құлқындағы кішкене қасиеттерін ұштап, адамгершіліктің асқар шыңына өрлейтін, білімнің биік белестерін бағындыратын соқпақтарға бағдар беретін ерен еңбек иесі – ұлағатты ұстаз, бүкіл қазақ халғының ғасырлар бойы жалғаса берер ұлт мәдениетінің шырақшысы, шынайы  тұлғасы.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Бержанов Қ. «Тәрбие мен оқытудың бірлігі», -Алматы, 1973.
  2. Бабанский Ю. Педагогика. –Москва, 1988. 23-тарау.
  3. «Жас дарын» ХІ Республикалық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары, 2019 ж.
  4. «Ғылым және жаңашылдық -2013» Тараз, 2013ж.
  5. Ұзақбаева С, «Тамыры терең тәрбие» -А, Білім, 1995ж.
  6. «Қазақстан-2050» стратегиясы ҚР Президенті. Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халықтарына Жолдауы.
  7. Робин Шарма «Жетістікке апарар жол» — Алматы 2001 ж.
  8. Басшыға арналған нұсқаулық.2017ж,

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.