Home » Мақалалар » Рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру

Рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру

?????????????

Сарсекенова Айслу Багитовна
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы ПҚБАИ
«Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді
оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы, тренер

            Қазіргі әлемдік білім беру кеңістігінде жастардың бойында әлемнің біртұтас бейнесін қалыптастыруға, көп түрлі мәдениеттерді құрметтеуге тәрбиелеуге, руханилыққа, адамгершілікке қызығушылығын оятуға, өскелең ұрпақтың әлеуметтік белсенділігін дамытуға баса назар аударылып отыр.

Адам саналы болып өсіп жетілуі үшін, бала өмірге келісімен дұрыс тәрбие беріп, қажетті біліммен де қамтамасыз ете алуымыз қажет.

Айналамыздағы адамдарға керемет күш-қуат беру, рухани күш қуатты болуға тәрбиелеу, адамгершілік пен руханилықтың бірлігінен туады. Руханилық – адам жанының ізгілігі. Руханилықтың негізінде адам мінез-құлқы қалыптасады. Ар-ұят, өзін-өзі адамгершілік бақылау мен бағалау жүзеге асырылады. Руханилыққа басымдылық берілуі арқылы адам жанының ішкі қуатының оянуына, ізгі және адами қасиеттерінің қалыптасуына мүмкіндік ашады. Қазіргі кезде өз ойына, сөзіне, іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарайтын, табысты  еңбек етуге дайын үйлесімді адамды тәрбиелеу аса маңызды.

ХХІ ғасырдағы адамның руханилығы, оның шығармашылық интеллектісі, жаңалықтарға ашықтығы қоғамның негізгі капиталы ретінде бағаланады. Қазақстан Республикасындағы қазіргі білім беру жүйесі адамгершілік пен руханилықты дамытуға бағдарланғаны анық. Қазіргі жастар ар-ұят пен абыройды бағалауға, жаңалықты қабылдауға әзір болуға, ұлттық және жалпыадамзаттық мәдениетті дамытуға, рухани байлыққа ұмтылуда.

Қазақ  ежелден баласын ұят болады, жаман болады, обал болады деген үш тиым сөздермен тәрбиелеген, бізді де әке-шешеле­ріміз осы ырым және тыйым сөздермен тәрбиеледі.

Абайдың отыз алтыншы қара сөзі Адамгершілік пен ар – ұят Абай өз заманында жазып қалдырған баға жетпес мұрасы бүгінгі және келесі таңымыздағы жастарға ақыл — өсиет, тәлім – тәрбие ретінде сабақ болады. Ар – ұят бар жерде шындық пен әділдік болады және тәрбиесі бар жас ұрпақтың адамгершілік рухы жоғары болады. Абай түсінігіндегі «адам – ақылдылық пен еңбек сүйіспеншіліктің әділдік пен білімділіктің, махаббат пен адалдықтың, адамгершіліктің жиынтығы». Жастардың мінез – құлық, адамгершілік тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген Абай: «Тез үйреніп, тез жайма, Жас уақытта көңіл – гүл» деп жазған.
«Күллі ғажайыптардың ішіндегі ең тамашасы – жақсы тәрбиеленген адам» депті Эпиктет деген данышпан.  Жақсы қасиет қайдан дариды? Да­ныш­пандар мен ғұламалардың ұрпақ тәрбиесіне қатысты насихат­тары мен өсиеттері, даналық сөздері, ұлтымыздың ырымдары мен тыйым­дары тәрбиенің түп қазығы, тар­қатылмас түйіні. Ең мықты заңдар халықтың дәстүрлері екенін ұмытпағанымыз абзал.

Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Елбасымыз рухани жаңғырудың бірнеше принциптерін ұсынды. Бәсекелестік қабілет ғаламданудың жаһандық жүйесіне енуде, ХХІ ғасырдың талаптарына дағдыланудың қамына кірісу сапалы табыстың кілті екенін атап айтты. Дүниеде барлық адам, барлық халық тәуелсiздiк пен бостандықты, теңдiктi аңсайтыны анық. Сол жолдағы тынымсыз күрес әлемнің кей түкпірінде әлi де жалғасып жатыр. Тәуелсiздiк ұғымының терең астарын тарих қойнауынан, ата-бабамыздың өткенiнен, оның санғасырлық арманынан iздегенiмiз жөн шығар.

Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы» деген сөзі ата-бабаның  рухани аманатын ертеңгі  күнмен  жалғастырушы  жеке тұлға болмысын  қалыптастыру – бүгінгі білім жүйесіндегі алға  басудың негізгі факторына айналып отыр.

Рухани – адамгершілік тәрбие  ерте  балалық  шақтан бастау ала отырып , адамның  өмірінің  әр кезеңдерінде  жүйелі дами  келе , осы  тәрбие  үрдісін  дұрыс ұйымдастыру  нәтижесінде  рухани  бай, дамыған  жеке тұлғаны  тәрбиелеуге  өріс ашады.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат – мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр.

Рухани жаңғыру – бұл адам сана сезімінің, сенімі мен сапасының, білімі мен өмір сүру тәсілінің көрсеткіші. Ал, жастардың рухани байлығы дегенде бірінші кезекте, олардың білімділігі, ана –тілін білуі мен мәдени деңгейі, дүниетанымдық ой-өрісі тұрады.

Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді. Білім – табысты болудың басты факторы. «Жас мұраты, білім, тәлім — талабы…
Өнер, оқу — жастықтың қару жарағы» деген ақын
Ілияс Жансүгіров. Қазақтың жақсы нақыл сөздері бар: «Ақыл жастан…», «Жақсы жастан шығады…», «Үлкенге – ізет, жасқа – жол» деген жастарға жол ашылды, білім алып, ақылды, рухани бай болсын.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.