Home » Мақалалар » ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕЛІК ТАПСЫРМАЛАРДЫ ҚҰРАСТЫРУДА  STEM ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ

ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕЛІК ТАПСЫРМАЛАРДЫ ҚҰРАСТЫРУДА  STEM ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ

Ж.Балапанова
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Атырау облысы бойынша ПҚБАИ
«Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту
әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы

Қазіргі кезде цифрлық технологияның жедел дамуы мен адам қызметінің барлық
саласын цифрландырудың жылдам дамуымен байланысты STEM
білім беру маңызды және өзекті мәселе, білім беру жүйесінің
барлық деңгейлерінде ерекше назар аударуды талап етеді.
Н.Ә. Назарбаев

 Бүгінгі таңда медицинада, құрылыста, химияда, физикада, биотехнологияда және басқа да ғылыми аймақтарда ақпараттық технологияларды белсенді қолданатын оқу орындарының түлектеріне сұраныс артып келеді. Мектептерде STEM оқытуды қолданудың қаншалықты мүмкіндіктері бар? Орта білім беру стандарттары аясында STEM оқытуды жүзеге асыру үшін ғылыми-жаратылыстану пәндерін кіріктірудің жолдары ұсынылады. «STEM» аббревиатурасын алғаш рет АҚШ бактериологы Р.Колвэлл 1990 жылдары ұсынды. STEM(ғылым, технологиялар, инженерия және математика).

Біріншіден, бірнеше пәнді (химия, биология және физика) кіріктіруге мүмкіндік туады. Мысалы, тіршілік үшін судың рөлі және физикалық қасиеті, молекуладағы химиялық байланыстары, құрамы туралы білімдерін талап ететін тапсырмалар енгізілген, биология, химия және физика пәндерінің мұғалімдері жоспарлаған, биологиялық, химиялық, физикалық көзқарастағы су қасиеттерін зерттеу тақырыбындағы сабақтар.

Тағы бір мысал, адам қаңқасын зерттеуде графикалық редакторларды пайдалану биология мен информатиканың кірігуі болып табылады немесе фотосинтез процесі және жарықтың қасиетін оқуда физика мен биологияның кіріктірілуі.

Білім алушылардың бірнеше пән бойынша білімі мен бірнеше пән мұғалімдерінің кеңестерін пайдалана отырып, оқу жобаларын құру арқылы STEM бағдарламаларын іске асыру мүмкін болады, мысалы, математика, физика және информатика бойынша білімдерін қажет ететін бейнероликтерді жазу үшін тіркелген ауданы бар ұшқышсыз әуе көлігінің үлгісін жасау.

Мұғалімдер топтағы білім алушыларға белгілі бір уақыт пен бірнеше пәндер бойынша дағдыларды қажет ететін ғылыми тәжірибені практикада қолдануға тапсырма бере алады. Мысалы, бұршақ өсімдігін немесе белгілі бір биіктіктегі басқа да қарапайым өсімдіктерді өсіруге арналған тапсырма. Сонымен қатар, ересектер кәсіби қызметпен айналысатын, ғылыми-зерттеу әлеуетін дамыту және сыни ойлау дағдыларын дамытатын, топырақтың құрамын есептеп анықтайтын және суару режимін жоспарлайтын, өсімдік бағанында қашықтықты есептеген кезде, командалық жұмыс тәжірибесін алуда интеграцияланған оқытуды ұйымдастыру маңызды. Креативті ойлау және белсенділік қарқыны бағытын таңдау мүмкіндігі болғанда әр білім алушының жеке қабілеттері ескеріледі.

Информатика сабағында тәжірибелік тапсырмаларды құрастырып, орындаған кезде оқушылардың ақпаратты қабылдау мен есте сақтауы, есте сақтау дағдысының артуы, зейіні мен эмоционалдық қасиеттері қарқынды дамитындығы, назарының тұрақталатындығы, қорыта білуі, жіктеу қабілеттері артады деп есептеймін. Оқушылар LearningApps сервисімен жұмыс жасағанды ұнатады, барлық тапсырмаларды уақытылы орындайды, олардың толық орындалуына қол жеткізуге тиімді. LearningApps — бұл әр түрлі пәндер бойынша интерактивті оқу-әдістемелік қосымшалар жасауға мүмкіндік беретін білім беру мекемелеріндегі білім беру процесін қолдау үшін арналған сервис деп есептеймін.

Тапсырмаларды орындау барысында олардың қиындықтарын талқылап, талдап, бағалайды. Берілген тапсырмаларды орындауда білімнің жоғары деңгейіне жетуге деген келесі қадамдарын құра алады. Бір – бірінен көмек сұрайды және көмектеседі.

Оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен белсенділігін артыруда LearningApps сервисі шын мәнінде қалыптастыруша бағалау құралы болып табылады. LearningApps құралдары әртүрлі интерактивті тапсырмаларды жасауға мүмкіндік береді: викторина, сұрыптау, топтастыру, жіктеу, мәтінді енгізу, кроссворд, уақытша таспа және т.б.
Осы қосымшалардың бірін таңдау сабақ барысында мақсаттарға жету мен білімді игерту көзделеді. Мен осы қосымшаларды сабақтың білімді тиянақтау, топтық және жұптық, жаңа материалды игерту, үй жұмысын тексеру  кезеңдерінде көптеп қолдануға болады деп есептеймін.
Кей жағдайларда өз қосымшаңызды құрастырмас бұрын, басқа да әріптестер құрастырған қосымшаларды қарап шығуға кеңес беремін. Себебі әріптестер жариялаған немесе құрған қосымшаларды қарай отырып, өзің құруға талпынған қосымшаға жаңа идеялар алуға, сапалы қосымшалар табуға болады. Дайын қосымшаларды пайдалану кейде уақытты үнемдеуге де тиімді болуы мүмкін.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. 2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат
  2. http://learningapps.org/ — приложение для поддержки обучения и процесса преподавания с помощью интерактивных модулей.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.