Аймаханбетова Нұрбибі Құрманғазықызы
Нұр-Сұлтан қаласы
МКҚК №72 «Жанарым»
Балабақшасының тәрбиешісі
Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған
ашық оқу қызметі
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Математика негіздері.
Тақырыбы: «Ойнайық та ойлайық»
Мақсаты:білім,білік,дағдыларын бекіту.
Міндеттері:
Білімділік: Оқу жылына алған білімдерін бекіту, көрші тұрған санды табуды,10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауды; қарапайым есептерді қосу және алу арқылы шешуді;кеңістікті бағдарлау; заттар мен геометриялық пішіндер туралы білімдерді;заттарды талдауды,сипаты бойынша артық затты алып тастауды.
Дамытушылық: Заттарды шамасы бойынша салыстыруды,кеңістікте бағдарлауды және ақыл ойы мен дағдыларын,назар аударуын дамыту.
Тәрбиелілік: Балалардың өзін-өзі бағалау дағдысын қалыптастыру,өзара түсіністікке және қызығушылығын арттыруға тәрбиелеу.
Әдістемелік тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, демонстрациялық ойын Көрнекілік құралдар: Цифрлар карточкасы. «Ғажайып текше» Геометриялық пішіндер.түрлі-түсті қағаздан жасалынған гүлдер, д/о «Біз топта нешеуміз!»,өз бетінше орындауға арналған тапсырма жұмыстар, демонстрациялық суреттер, тәулік бөліктерінің, жыл мезгілдерінің суреті.
Алдын- ала жүргізілетін жұмыстар:
І. Ынталандыру кезеңі
Шаттық шеңбері
Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба,Жер Ана!
Амансың ба,достарым!
Сендерді көрсем қуанам.
ІІ. Ұйымдастырушылық- ізденістік кезеңі
Балалар,бүгін біз математикадан жыл бойы алған білімімізді ортаға саламыз!
Бүгінгі тақырыбымыз «Ойнайық та ойлайық!»
Балалар ,сендер дайынсыңдарма?
Олай болса,бізге «Ғажайып текше» көмектеседі. (Балаларға ойынның шартын түсіндіру)
Оқу қызметінің барысы:
1.Геометриялық пішін: «Шеңбер» «Жыл мезгілдері», «Ай аттары»,
«Апта күндері»
Дид/ойын: «Тәулік бөліктері»
— Тәулік бөліктерін атайықшы?
/таңертең, күндіз, кеш, түн/
Таңертең – ұйқыдан оянамыз, жуынамыз,
таңғы асты ішеміз.
Күндіз – түскі ас ішеміз, серуендейміз,
кітап оқимыз.
Кеш – кешкі ас ішіп, ұйқыға дайындаламыз.
Түн — түнде тынығып ұйықтаймыз.
2.Геометриялық пішін: «Үшбұрыш»
1.Д/о «Сана,ата!» 10 көлемінде тура және кері санау.
Мақсаты: 10 көлемінде тура және кері санау,
көрші сандарды табу.
1.6-дан кейін тұрған санды ата? (7 )
2.3-санының алдында тұрған санды ата? (2)
- 5-тен біреуге артық санды тап? ( 6 )
4.8-ден біреуге кем санды ата? (7)
5.4-санының сол жағында орналасқан санды ата? ( 3 )
6.1-санының оң жағында орналасқан санды ата? (2)
2.Д/о «Біз топта нешеуміз»
Мақсаты: санау және көп-аз ұғымын жетілдіру.
- «Сергіту сәті»
«Өз гүліңді тап!»
Тәрбиеші балаларға гүл эмблемаларын таратады.музыка әуеніне бөлменің ішінде балалар көбелек болып ұшып жүреді.музыка аяқталғаннан кейін балалар формалары эмблемалардың формасына сәйкес келетін өз гүлдеріне келіп қонады.(гүлдер баулардан жасалған,олардың ортасына
шаршының,шеңбердің,тіктөртбұрыштың,сопақшаның,үшбұрыштың формаларына ие)
4.Геометриялық пішін: «Сопақша»
1.«Тапсырманы шеш»
Мақсаты: 10 санының құрамын білу.
- «Кеңістікті бағдарлау»
Мақсаты: геометриялық пішіндер
арқылы,қағаз бетінде кеңістікті бағдарлай білу.
5.Геометриялық пішін: «Төртбұрыш»
Д/о :«Қарама-қарсы сөздер»
Мақсаты:кең-тар,жіңішке-жалпақ,
астында-үстінде,қалың-жұқа,жуан-
жіңішке,тең,артық,кем,оң-сол,жылдам-баяу,
ауыр-жеңіл,биік-аласа,ұзын,қысқа,бірдей,
алдында,соңында,ортасында ұғымдарын бекіту.
- Геометриялық пішін: «Тіктөртбұрыш»
«Ауызша есептер»
1.Орманда 3 қоян ойнап жүрді.Бір уақытта
1 қоян шаршап кетіп қалды.
Сонда қанша қоян қалды?
2.Ағаштың бұтағында 4 құс отыр,
оларға тағы да 2 құс ұшып келді.
Барлыға неше құс болды?
3.Көгалда 7 қонжық ойнап жүр,
олардың екеуі ағаштың артына
тығылып қалды.Көгалда неше қонжық қалды?
ІІІ. Қорытынды:
- Балалар, бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма? .
- Қандай тапсырмалар орындадыңдар?.
- Бүгінгі оқу қызметінде сендерге не ұнады, қандай тапсырма қиын болды?.
Балаларды мадақтау,марапаттау.