Home » Жаңалықтар » ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2021 жылғы 5 тамызда ҚР педагогтерінің Тамыз конференциясы аясында «Өрлеу «БАҰО» АҚ Басқармасының ұйымдастыруымен «Педагогтің кәсібилігі және үздіксіз кәсіби дамуы» тақырыбында секция отырысы өтті.

Іс-шараға ҚР БҒМ өкілдері, ЖОО ректорлары, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының өңірлік білім басқармаларының басшылары, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының директорлары, «НЗМ» ДББҰ ПШО өкілдері, шақырылған қонақтар қатысты.

Алғашқы болып сөз алған «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма Төрағасы Әсел Зейнулқызы Мұхаметжанова құттықтау сөзімен секция отырысын ашып, сәттілік тілеп, отырыс модераторы Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің профессоры Дуйшон Шаматовқа сөз берді. Ол өз кезегінде спикерлерді таныстыра отырып, отырыс жұмысын әрі қарай жалғастырды.

Еуропалық білім беру қорының сарапшысы Джулиан Стэнли, өз сөзінде педагогтің кәсіби дамуындағы ең үздік тәсілдер туралы заманауи ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен таныстырып өтті. Азия-Тынық мұхиты аймағы елдері бойынша UNESCO есебіндегі Қазақстан туралы тарауының авторлары Элейн Шарплин, Гүлмира Қанай және Алима Ибрашева, еліміздің педагогтері мен сарапшыларымен бірлесіп педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының сын-қатерлері мен ұсыныстарын талқылады. Қазақстан үшін UNESCO есебі маңызды оқиға, себебі мұнда алғаш рет біліктілікті арттыру жүйесін халықаралық деңгейде талдау жүзеге асырылады.

Өз кезегінде сөз алған М.Х. Дулати атындағы Тараз аймақтық университетінің Халықаралық ынтымақтастық орталығының жетекшісі, PhD докторы Исабекова Гүлнұр ЖОО педагогінің кәсіби даму мүмкіндіктері мен траекториясы туралы айтып өтті. Мектепке дейінгі білімнен бастап жоғары білімге дейінгі білім берудің барлық деңгейлерін қамтитын кәсіби даму жолдарының ерекшеліктері сипатталып, қатысушылар мен тыңдаушылар назарына жеткізілді. Петропавл қаласы «Алтын бесік» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Дарбаева Мадина, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жаңғыртуға қойылатын талаптарын ескере отырып, педагогтердің кәсіби дамуының бағыттарын, нысандары мен әдістеріне тоқталды. Алматы қаласы «Жаңа мектеп» ББ директоры Гүлнар Қарамендинова, педагогтердің кәсіби өсуі үшін жағдай жасаудағы мектептің тәжірибесімен бөліскен болса, «Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық    колледжі» арнайы пәндер оқытушысы Индира Серікбай, педагогикалық колледж оқытушыларының кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруға арналған іс-шаралар кешені туралы әңгімеледі, Өскемен қаласы №10 гимназия КММ, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Лидия Фоминых, жас педагогтің кәсіби өсу жолын ашудың түрлі әдістерін нақтылады.

Отырыс соңында модератор Дуйшон Шаматовтың ұсынысымен қатысушылар мен YouTube тікелей эфир көрермендерінен және Facebook «НЦПК «Өрлеу» ресми парақшасына келіп түскен сұрақтарға жауаптар берілді.

Секция отырысы өте жоғары деңгейде өтті. Бұған қатысушылардың, көрермендердің Тамыз конференциясы аясында секция отырысын ұйымдастырған «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма басшылығы атына жазылған жылы лебіз, ризашылықтары дәлел.

Бегалина Орынбасар Абусағитқызы,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының Нұр-Сұлтан
қаласы бойынша ПҚ БАИ, бас маман

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.