Home » Мақалалар » Бала  еңбегін  қанауға  қарсы 12 күн!

Бала  еңбегін  қанауға  қарсы 12 күн!

Сейткожаева Алма Турсыналиевна

Алматы қаласы  Білім басқармасының  Қазақстан  Республикасы  Білім және ғылым министрлігінің  хаты  негізінде  жыл сайын  жазғы демалыс  қарсаңында  1-12 маусым  аралығында  «Бала  еңбегін  қанауға  қарсы  12 күн» Ұлттық   ақпараттық  науқаны  өткізілді.

Мақсаты: қоғамның назарын ,  соның ішінде  ересектерді , балаларды  және  олардың ата-аналарын  балалар еңбегінің  ең нашар  түрлерін қолданудың  алдын алу  мәселелеріне  көңіл аудару.

Отбасы — сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю — отбасынан басталатыны рас!
Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.

Отбасы – бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің негізгі құралы болып келеді. Сондықтан ол – адам үшін ең үлкен орта.

Отбасында басты мәселелердің бірі – баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу- әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады. Осы орайда, «Бала  еңбегін  қанауға  қарсы  12 күн» Ұлттық   ақпараттық  науқаны  өткізіліп жатыр.   Аталған  науқан «Бала  еңбегін қанауға  жол жоқ!» ұранымен  өткізілуде. Науқан шеңберінде  онлайн  режимінде  және оффлайн форматында  мектебімізде   көптеген іс-шаралар  өткізіліп жатыр. Атап айтсақ,  тақырыптық  көрмелер,  әңгімелесулер, викториналық сұрақтар,  түнгі қала рейді,  күндізгі  көше рейдтері өткізілуде.  Бұндағы  жалпы  жұмыстың  мақсаты   жазғы демалыс уақытындағы  балалардың қауіпсіздігін  қамтамасыз ету болып отыр.  Қазіргі таңда көптеген   келеңсіз жағдайлар  орын  алып  жатқандықтан, солардың алдын алу  мақсатында ұйымдасытырылып жатқан  іс –шаралар.  Мектеп  мұғалімдері  және мектеп әкімшілігі  түнгі қала  рейді,  күндізгі уақыттағы  адам көп шоғырланатын    ірі сауда орталықтарын, көтерме базарлар,  көлік жуу орталықтары,  жазғы демалыс орындарына   жаппай  рейд жасап  жатқандығын  айта кетпеске болмайды.  Жоғарда айтылып кеткендей  жасөспірімдер  еңбегін қанауға жол бермеу.  Заңсыз жұмыс жасату фактілерін  анықтау болып отыр.  ҚР әрбір   азаматы, әрбір  жасөспірімі заңмен  қорғалған.  Зорлық –зомбылыққа жол бермеу, заңсыз іс –әркеттерді болдырмау үшін  жоспарланған іс –шаралар жетерлік.

Сол себепті,  жазғы демалыс уақытындағы   жасөспірімдер  қауіпсіздігі барлық білім беру ұйымдары, ішкі істер  бөлімі  жағынан,  бала құқығын қорғау орталықтары  тарапынан  қатаң қадағалауда  деп ойлаймын. Әрине, бірінші кезекте  ата-ана  өз баласының  барлық іс –әрекетіне  толық жауап беріп, оны  қадағалауға міндетті.  Отбасындағы жасөспірімдерге дұрыс тәлім-тәрбие беру. Үлкенді құрметтеу отбасы мүшелерінің бір-бірінің тәрбиесіне жауапкершілік, борыштылық, адамгершілік сезімдерімен қарау керек  екендігі  айтпаса да түсінікті.

Қорыта келгенде  бала еңбегін қанауға жол жоқ,  зорлық-зомбылыққа  жол бермеу. Әрбір  азамат  ҚР  байлығы!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.