1992 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Сондықтан бұл күн ел тарихында жаңа «Мемлекеттік рәміздер күні» ретінде мәңгі есте сақталып, мерекелік көңілге бөлейді. Нақтырық айтсақ, дәл 4 маусым Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Спорттық мектеп нысандары арасында
#МеніңрәміздерімМеніңмақтанышым, #Мемлекеттікрәміздеркүні, #МенҚазақстанныңпатриотымы, #ЯпатриотКазахстана хештегтерімен арнайы жалпықалалық акция ұйымдастырылып, бүгінде жалғасын табуда. Мұндай патриоттық іс-шаралар бейбітшіліктің қамында, Отанына деген сүйіспеншілік пен ата-бабаларымыздан мұраға қалған жерінің қасиетін бүгінде өсіп келе жатқан жас ұрпақтың санасына сіңіріп, рухты ұрпақ тәрбиелеуге баулыйды. Осы тұста «Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ
@sport_nursultan бастап отырған жалпықалалық акциясының іске асырылуы мерекелік күнді ерекшелей түсті. Оның ішінде Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «Спортты олимпиадалық түрлері бойынша дамыту» дирекциясы бастаманы бірінші болып бастап берді. Сондай-ақ, Мемлекеттік Рәміздерді кеңінен насихаттап арнайы бейнебаян презентациясын жасап, ұжымдық орындауда Мемлекеттік гимнін бір мезетте орындады. Спортшылар арасында Мемлекет нышандарға қатысты сұрақ-жауап ұйымдастырылды.
Ту, елтаңба, әнұранымыздың шығу тарихына сипаттама берілді:
1. ҚР Конституциясы 34 бап. 2 бөлім. Әркім Республикасының мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті.
2. Ту — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көгілдір түсті.
Ашық аспан — бейбітшіліктің, аманшылықтың белгісі.
Күннің нұр шұғылалы алтын бейнесі — еркіндіктің, тәуелсіздіктің, бостандығымен жомарттығы мен қырағылығының нышаны.
Өрнек — белгілі дәуірдің өзіне тән қолтаңбасы, ол халықтың көркемдік талғамының көрсеткіші.
Авторы: Шәкен Ниязбеков
— ҚР Конституциясы 36 бап. 1 бөлім. Қ. Р қорғау — оның азаматының қасиетті парызы және міндеті.
3. Елтаңба — елтаңбаның негізгі арқауы болып тұрған — шаңырақ.
Шаңырақ — киіз үйдің күмбезі. Ол күн бейнесін, уықтары одан тарап жатқан алтын сәулелерді елестетеді. Елтаңбадағы тұлпар бейнесі — дала Пырағы. Оның ғажайып шапшаңдығы ер жігітті жеңіске, тәуелсіздікке, бостандыққа жетелейді. Елтаңбаның маңдайшасына бесбұрышьы жұлдыз — таңмен бірге туатын Шолпан жұлдызының белгісі. Халқымыздың «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманынан туындаған.
Елтаңбаның төменгі бөлігінде ел аты — «Қазақстан» деген жазу бар.
Авторлары: Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уалихан
4. Гимн
Сөзі: Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев
Әні: Ш. Қалдаяқов
Топпен:
«Менің рәміздерім — менің мақтанышым»!
«Спортты олимпиадалық түрлері бойынша дамыту» дирекциясының баспасөз хатшысы Мұстафина Ж.А