Home » Мақалалар » АГЕНТТІК ӨКІЛДЕРІ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

АГЕНТТІК ӨКІЛДЕРІ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Жансая Құрманғалиқызы,
«BILIM AINASY» Жамбыл облысы
Тараз қаласы

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева  және «Парасат жолы» республикалық орталығының жетекшісі, жазушы, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді.

Жұмыс сапары барысында ақпараттық үгіт-насихат тобының мүшелері аймақтағы білім мекемелерінің басшыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Жазира Жақсылыққызы білім саласындағы ішкі талдау жұмыстарына қоғам белсенділерін қатыстыру керектігін атап өтіп,  2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның орындалуы туралы ақпарат берді. Оның ішінде жоспардың тармақтарын өңірдегі  жайында сөз қозғады.

Басқосуда білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенова білім

беру саласындағы іске асырылып жатқан «Адалдық алаңы», «Адал ұрпақ» жобаларының маңыздылығына тоқталып, саладағы автоматтандырылған қызметтердің жемқорлық тәуекелдерін алдын алуға бағытталғанын жеткізді.

Келелі кездесуде сөз алған Сәдібек Түгел білім беру жүйесінде заңсыз әрекеттердің белең алуына жол бермей, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыруды және заң шеңберінде өз міндеттерін адал атқаруға шақырды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.