Home » Мақалалар » Ғасыр ақыны

Ғасыр ақыны

 Мұқағали Мақатаев қай тақырыпқа барса да, не туралы жазса да, шығармаларының астарына адамның ғұмыры мен тағдыры айтылады. Поэзия! Ақын рухы – ұлт рухының ажырамас бөлшегі. Мұқағали Мақатаев – ешқашан ортаймайтын, ешқашан сөнбейтін мол қазына қалдырған ақын. Ғажайып ақындардың бірі – Мұқағали Мақатаев кішкентай бала кезінен бастап қаншама қиыншылық көрсе де, мойымай өлең –жырға әуес болған.  Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. Мұқағалидың өлеңдері шын шабыттың, қиын күйзеліс пен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған. Ақын ұлы сезімге бас иіп, өз өлеңдерінде махаббат тақырыбын кеңінен суреттеген. Мұқағали атаның әр өлеңі өзінің мағынасымен, шынайылығымен, тазалығымен оқырманын өзіне баурап алады және ой салады. Мұқағали атамыздың әсерлі жырлары әр қазақтың жүрегін жаулап алды. Сондықтан да осындай ақынына халқы «Ғасыр ақыны» деген ат берді.
Мұқағали атамыздың жырын тыңдайтын, сүйіп оқитын ұрпағы бар да , аты санамызда мәңгіге қалады.
Мұқағали мұрасы, маржан поэзия – мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қадірлейтін мұрасы.

Ақынның 90 жылдық мерей тойына байланысты республикалық, обылыстық,аудандық  деңгейлерде әр-түрлі шаралар өткізіліп жатыр. Осы тұрғыда мектепте көптеген іс-шаралар өтті.Мектеп оқушылары әртүлі конкрустарға қатысып жүлдегерлер атанды.ADEBI.KZ электронды ақпарат,білім сайты «Мұқағали-мәңгілік жыр!»мерейтойына орай ұйымдастырылған жалпы республикалық байқауға қатысып, «Қазақтың қара өлеңі»номинациясында даралығын көрсетіп ерекше қабілетімен Үздік деп танылған Бақытжан Ибрахим,Алматы қаласы Мәдениет үйінің ұйымдастырылуымен Алматы телеарнасының қолдауы негізінде «Есіңе мені алғайсың»атты конкрусқа мектебімізден Бағдат Айша, Берікқазы Нурислам,Бақытжан Али,Аккузин Айтұмар,Мәдинетов Алихан,Садвакас Рамазан,Нұрқасым Бағдат,Қазақбаева А,Қуандық А.мина,Сағымбек Диас сынды дарынды оқушыларымыз қатысып жүлделі орындарға,ал жетекшілері алғыс хатпен марапатталды. Алматы қаласы білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастырылуымен өткен «Жалғасы бар, Жырымның жалғасы бар…» атты Мұқағали оқуларынада біздің талантты оқушыларымыз қатысты. «Ақпанда туған алыптар» атты Республикалық конкурсынада оқушылар белсенді қатысып,дәрежелі дипломдармен марапатталды. Әр сынып жетекші өз сыныбымен іс-шаралар, сыныптан іс-шаралар өткізіп, Мұқағали атамыздың өмірін,жырын,поэзиясымен таныстырып ,насихаттау жұмыстары жүргізілді.
Ақынның сөзі өлмесе, өзі де өлмегені. Мұқағали – жалпыхалықтық, ұлттық тұлға. Әрбір өлеңін оқығанда, оның қазақ екенін жазбай танисың, ұлт ақыны екенін айқын аңғарасың.

Осындай ұлы ақынның топырағынан шыққанымды мақтан етемін.

№102 ЖББМ тарих және құқық пәнінің мұғалімі
Досжан Гүлназ

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.