Home » Мақалалар » Нар тұлғалы  азамат.

Нар тұлғалы  азамат.

Қасым Олжас Мейрамұлы
Алматы қаласы Жетісу ауданы
«№102 ЖББМ» КММ
қҚазақ тілі мен әдебиеті  пәні  мұғалімі

 

1936 жылы мамырдың 18  жұлдызында  Алматыда дүниеге келген  қазақтың бір  туар  орыс тілді  ақыны, тілтанушы, саясаткер, ядролық қару-жарақтарды жаппай қолдануға қарсы тұрушы —Олжас Омарұлы Сүлейменов  биыл 85 жасқа толады.

Қазақ халқында   «Қолда барда  алтынның қадірі жоқ, қолдан шығып  кеткен соң өкіндім», деген  сөзді  жиі айтатыны бәрімізге белгілі,  оның  ішінде  өзімді  айтсамда болады. Бауырында  күнде көріп жүргендіктен, таулардың  биіктігі байқалмайды  дегендей,  ортамызда аман-есен жүрген  нар тұлғаларды бірде  бағаласақ, бірде бағасына жетпей жатамыз. Соның бірі де бірегейі  Олжас ағамыз деп айтсақ  болады.  Оның қазақ халқына жасаған еңбегі ұшан –теңіз,- деп айтсам артық емес шығар.

Өзіңе  үлгі тұтар тұлға деп санайтын адам туралы сөз қозғау қиын ғой,  дегенмен де айтуға болады, егер ол шын көңілден, жүректен туған болса.  Егер ол  өнегелік ұстанымдары, оның ең бастылары — адамгершілік, адалдық, борыш үғымдары басшылыққа алынса.  «Ӏзгі Сөз — Ӏзгі Ой — Ӏзгі Әрекет». Осы  өсиет бізге есімдері мен құнды мұралары келіп жеткен  бабаларымыздың  басты  қасиеттерінің  бірі болған. Сол тәрізді ақын Олжас Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығы да осы моральдық үш қасиеттің  бастапқы мәнін бейнелейді. Бүгінгі таңда оның қазақ жеріндегі ең танымал ақын екендігіне күмән келтіретін адам да аз болар. Олжас туралы жазылған дүниелер жетерлік, солардың бәрінің басын қосып жинақтаса, бірнеше томдық еңбек болары сөзсіз.  Ақынның әрбір жаңа ірі туындысы қызу талқыланды.  Себебі, ол жазған туындылар оқырмандарын  бей-жайсыз қалдырмады. Тың туынды жаза білді. Оқырмандарын сонысымен  қуанта, қызықтыра алды. Біз Олжас ақынды   қазіргі танымал қаламгерлердің ішінен оқырмандар мен сөз қадірін түсінер адамдар дәл осылай үлкен құмарлықпен оқитын  ақын ретінде көрдік.

Олжас Сүлейменовтің   бір ғана  ядролық қару-жарақтарды жаппай қолдануға қарсы тұрушы  ретінде  оның  Отанға, туған жерге, елге деген жанашыр  тұлға, елінің патриоты  екен сөзсіз  ұғуға  болады.   Оның  бұл әрекеті  әлемді дүр сілкіндірді. Туған елге  жанашыр перзент осындай болса керек. Елінің ертеңіне, халқының  болашағына  үлкен жауакершілікпен  қарап, осы жолда  өзін құрбан етуге  даяр азаматтар  көп болса деп  ойлаймын.  Осы орайда Елім дейтін ер болмаса, ерім  дейтін ел қайдан  болсын, деген  халқымыздың сөзі еріксіз  еске оралады. Сол себепті,  №102 ЖББМ қабырғасында  Олжас ағамыздың -85 жасқа  толу мерейтойында шет қалып жатқан  жоқ. Түрлі мерекелік іс –шаралар  өткізілуде. Мақсаты өскелең ұрпақтың бойына  отансүйгіштікті, ұлтжандылықты  елге  адал қызмет етуді үйрету.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.