Home » Мақалалар » Білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытудың кейбір әдіс-тәсілдері

Білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытудың кейбір әдіс-тәсілдері

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар
және инжиниринг университеті.
Білім беру мектебі оқытушысы,
педагогика және психология магистрі
Ахметова Галия Мутиевна

Тұлғалық-бағдарлы білім беру білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытудың негізі болып табылады.

Қазіргі уақытта білім беру жүйесінде тұлғалық-бағдарлы білім беруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін оқыту формалары бар. Олар түрлі деңгейлі оқу бағдарламаларының бірнеше нұсқасын колдануға, оларды білім алушылардың таңдап, ең жақын даму аймағына сәйкес жеке жылдамдықпен ұйымдастырылуына, әрбір тұлғаның дер кезінде кәсіби көмек алуына, оқытудың шығармашылық сипатта болуына, материалды проблемді ұсынуға мүмкіндік береді. Ол мүмкіндікті қазіргі ІТ технологиялар мен бағдарламаларды қолдана отырып жүзеге асыруға болады. Қарым-қатынасты дамыту негізінде білім беру білім алушының жеке тұлға ретінде және ақыл-ой зердесін дамытуда үлкен роль атқарады.

Әр білім алушының еңбегі пайдалы болуы керек. Өзінің ғана емес, өзгенің де еңбегі жауапкершілікпен қаралуы керек. Өзі оқи отырып, өзгені оқытуға үйрену – басты ұстаным. Мұндағы диалогтық оқытудың негізгі мақсаты: әр тұлғаның қабілетін дамыту, еңбек етуге баулу, коммуникативтік қабілетін ояту, ынтымақтастыққа тәрбиелеу, өзін-өзі басқаруға, бақылауға, байқампаздыққа жетелеу. Бұл коммуникативтік құзыреттіліктің құрамдас бөлігі болып табылады.

Диалог пен шағын топқа негізделген сабақты ұйымдастырудың тәжірибесін талдай отырып, мына ережелерді ұсынайын:

Бірінші ереже. Сабаққа барлық қатысушылар қандай да бір деңгейде тартылуы қажет. Бұл мақсатта сабаққа қатысушыларды талқылау үрдісіне катысуға мүмкіндік беретін технологияны қолдану пайдалы.

Екінші ереже. Оқушылардың психологиялық даярлығына қамқор болу кажет. Сабаққа келушілердің барлығы бірдей жұмыстың қандай да бір түріне тікелей қатысуға психологиялық даяр болмауы мүмкін. Осыған байланысты, сергіту, қатысушыларды жұмысқа белсенді қатысуымен мадақтап отыру, білім алушының өзіндік жетілуіне мүмкіндік беру пайдалы.

Үшінші ереже. Қатысушылардың саны мен оқыту сапасы бір-біріне тікелей қатысты. Мәселен, шағын топпен жұмыс өнімді болады. Өйткені сабақ барысында  әрбіреуін тыңдау маңызды. Сондықтан да шағын топтың құрамы – 5-7 адамнан тұруы тиімді болып табылады.

Төртінші ереже. Жұмысқа арналған орынды даярлауға көңіл бөлу керек. Бұл алғаш көрінгендегідей жай мәселе емес.

Бесінші ереже. Жүру барысы мен тәртібіне аса мән беру қажет. Топта жұмыс жасау ережелерін алдын-ала келісіп алып, оны бұзбауға тырысу қажет. Мысалы, барлық қатысушылардың кез-келген көзқарасқа шыдамдылық танытуын, әр адамның сөз бостандығына деген, өзіне деген құқын сыйлауға келісу пайдалы.

Алтыншы ереже. Сабаққа қатысушылардың топқа бөлінуіне үлкен көңіл бөлу қажет. Алдымен оны еріктілік негізде жүргізген жақсы. Кейін кездейсоқтық таңдау принципін қолданған дұрыс.

Шағын топта оқыту бір мезгілде бірнеше міндетті шешуге мүмкіндік береді. Бастысы – ол коммуникативтік білік пен дағдыны дамытады, оқушылардың арасында эмоционалдық байланыс орнатуға көмектеседі, тәрбиелік міндетті қамтамасыз етеді, өйткені топта жұмыс жасауға, жолдастарының пікірін ескеруді үйретеді. Сонымен қатар, сабақ барысында шағын топты қолдану, практика көрсетіп отырғандай білім алушылардың жүйкесіне түсірер салмақты шешеді, олардың іс-әрекет түрін алмастыруға, сабақтың негізгі сұрақтарына зейін аударуға мүмкіндік береді.

Топтық жұмыстың мәні – адам арнайы жасалған ортасында алынған тәжірибесін сыртқы әлемге ауыстырып, оны сәтті қолдана алуы. Алайда шағын топта оқыту технологиясын ұйымдастырушылары үшін таза оқу мақсатынан басқа, топта жүріп жатқан өзара әрекет үрдісінде өзге адамдардың құндылығы есепке алынып, олармен қатынасқа, олардың колдауына деген қажеттілік қалыптасуы маңызды. Сондықтан да тұлғалық- бағдарлы оқыту тобында сәтті нәтиже үшін қажетті екі негізгі қызмет жүзеге асуы қажет: бірлескен жұмыс барысында қойылған міндетті шешу (оқу, т.б.), топ мүшелеріне қолдау көрсету.

Педагогикалық мақсатқа жету үшін оқу үрдісінде барынша белсенді қолданылатын әлеуметтік-психологиялық тренингтер мен психотехникалық жаттығулар да үлкен құралдар арсеналын құрайды. Зерттеу контексінде бұл әдістер тобын қарастыру маңызды, өйткені мұндағы оқу өзара әрекеттесудің дидактикалық шарты ретінде және білім алушының тұлғалық өсуі мен әлеуметтік бейімделуін қарастырады.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.