Home » Ашық сабақтар » География сабағында карта- сызбаларды қолдану

География сабағында карта- сызбаларды қолдану

Ерашева Дина Танатаровна
Қаныш Сатбаев атындағы №7 мектеп-лицейі
география пәнінің мұғалімі

            Географиялық карталардың атқаратын рөлі. Карта географиялық ұғымдардың басы мен аяғы. Картасыз кішігірім экскурсия, экспедицияға да шығу мүмкін емес.Карта –  көмекші құралдың рөлін атқарып қана қоймай, сонымен бірге географиялық білімді тереңдетуге және кеңейтуге өз үлесін қосады.Карта – географиялық ұғымдар арасындағы байланысты меңгерудің көмекші құралы.Карта — географиялық заңдылықтарды жоғары дәрежеде анықтауға мүмкіндік береді, яғни кеңістікте орналасу заңдылықтарын және Жер шары бетіндегі құбылыстардың арақатынасын, жиынтығын және баиланысын анықтайды. Қартамен жұмыс жасаудың төмендегі негізгі әдістерін атауға болады:

Картаны оқу (географиялық жағдайын, шекарасын анықтау, әр елдер бойынша табиғат жағдайын сипаттау).

Бірнеше карта түрлерін алып салыстырмалы анализ жасау. Оларды глобуспен салыстыру.

Кескін картамен жұмыс жасау.(Кескін картаға түсіру техникасын меңгеру) Жазбаша берілген географиялық ұғымдарды өз бетімен карта сызба құрастыру дағдысында қалыптастыру. Оқушылар кескін картамен сыныпта жаңа тақырыпты өткенде, бекіту мен сарамандық жұмыстар арқылы білім тексергенде және үй тапсырмасын орындағанда жұмыс жасайды. Көп кезеңдерде бұл жұмысты оқушылар атласпен салыстыра отырып, кескін картада қажетті нысандардың орнын тауып, оларды белгілеп жазады.Кескін карта жер бедері, жер беті сулары, елді мекендер және пайдалы қазба кен орындарына байланысты географиялық атауларды есте сақтауға үлкен көмегін тигізеді. Жоғары сыныптарда кескін карта күрделі картографиялық жұмыстар жасауға, яғни, картограмма құрастыру, карта диаграммамен экономикалық картосхема жасауға пайдаланылады. Мысалы, шаруашылық салаларының орналасуын өткенде оқушылар кескін картадан шартты белгілерді пайдаланып, шикізаттардың орналасқан аудандарын, ескі және жаңа өнеркәсіп аудандарын,  көрсетеді. Мұғалім кескін картамен барлық оқушыларды жұмыс жасауға үйіруге мүмкіндігі бар. Ең ақыры, кескін картамен жұмыс, оның күрделі түрлері, оқушыларды қарапайым карта жасауға үйретеді. Қазіргі уақытта кескін картамен мектепте барлық сыныптар жұмыс жасайды: жылдан – жылға география пәнін оқығанда ол бірте – бірте күрделене түседі. Сонымен бірге оқушылар өз бетімен жұмысты кескін карта арқылы орындай алады.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.