Home » Мақалалар » Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі

Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі

Мауленова Аккенже Жолдасбековна
Қаныш Сатбаев атындағы №7 мектеп-лицейі
география пәнінің мұғалімі

 

Қазіргі уақыт талабы – әрбір оқушыға саналы да, терең білім беру. Әрбір мұғалімнің басты міндеті – оқушыларға белгілі бір білімдер жиынтығын беру ғана емес, сонымен қатар оларды оқуға деген қызығушылықты дамыту, оқи білуге үйрету. Әрбір ұстаз оқытудың жаңа технологияларын қарастырып, өзінің әдістемелік шеберлігін арттыра отырып, шығармашылықпен жұмыс жасау жолдарын үйрету сияқты тынымсыз ізденудің арқасында ғана нәтижеге жетеді. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырудағы негізгі мақсат — олардың шығармашылық қабілетін дамыту. Ал, бұл мақсатқа жету оқытудың көптеген міндеттерін шешуге мүмкіндік береді, яғни:
-жаңа материалды берік және түсініп оқуына;
-білімін өз бетімен оқып толықтыруға;
-жоғары оқу орындарына жақсы дайындалған талапкерлерді беруге;
-сол талапкердің таңдаған мамандығын шығармашылықпен игеруге;
Оқушылар бойында танымдық қызығушылықты қалыптастырудың әдістерін пайдалану үшін мынадай оқу моделін алған тиімді:
— Ой шақыру;
— Мәнін ұғыну;
— Ой толғау;
Қазіргі таңда әлемдік оқу үрдісінің өзегі – жаңа технологиялар екені баршамызға мәлім. Жаңа технологиялардың бірнеше түрлері бар. Әлемнің бірнеше елінен сынақтан өткізілген жаңаша оқыту 4 бағытты қамтиды. Олар модульдік технология, рейтинг жүйе, дамыта оқыту технологиясы, сын тұрғысынан ойлау. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс – тәсілдермен ерекшеленеді.  Әдіс – тәсілдерді мұғалім ізденіс арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне, қарап іріктеп қолданылады. Мұғалім өзіне тиімді, пайдалысын жетілдіре түседі. Демек берілетін білім де, тәрбиелік тәлім де шәкірттің шамасына үйлесімді, таным – түсінігіне сәйкес келсе ғана жүзеге асады.Қай ұстаз болмасын қазіргі күн талабына сай оқытудың ең тиімді жаңа әдіс – тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың білімін тереңдетіп, оны практикада қолдана білуге таным белсенділігін арттыруға тырысатыны анық. Бірақ қандай да бір әдіс тәсілді таңдамас бұрын мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынас, бір біріне деген құрмет білдірілуі керек. Біз оқушыға әу бастан «сіз» деп сөйлеп оқушыны да соған үйретуіміз қажет. Оқушы ол батут секілді десе де болады. Істеген ісіміз, сөйлеген сөзіміз сол батуттан өзімізге қайтып келеді. География пәні – өзіндік ерекшелігі бар пән. Ол жалпы құрлық – жер бетін, планетамызды, ондағы тіршілік ететін өсімдік – жануарлар дүниесін, жер бедерін, байлығын және өмір сүріп отырған бірнеше мыңдаған ұлттар мен ұлыстардың тіршілігін зерттеп үйрететін ғылым.Өзімнің сабақтарымда модульдік технологиясың жиі қолданамың.

Модульдік технология.

Бұл оқыту технологиясының негізі – оқушының танымдық белсенділігін, танымдық іс – әрекеттерінің әр түрлі іс – әрекеттерін (есту, көру) ойлау, зейін (назар) қабылдау әрекеттерін, ойын арқылы және сөздік байлықтарын дамыту. Енді бір пайдалы жағы – бірізділігі, жүйелілігі, дарынды оқушылармен жұмыс істеуге қолайлы. Оқыту модулі үш құрылымдық бөлімдерден тұрады: кіріспе, сөйлеу, қорытынды.

География пәні ең қызықты, оқушылардың белсенділігін, танымдық қабілетін арттыруға мүмкіндігі жоғары пән. Дегенмен әрбір сыныптың танымдық қызығушылығының тәжірибесі мен даму дәрежесі әртүрлі. Ал әрбір сыныптағы әдіс пен тәсіл оқушылардың танымдық қызметінің белгілі бір деңгейіне есептелінеді. Сондықтан да оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту үшін сәйкес оқыту әдісін таңдай білу керек.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.