Алиева Асемгуль Сериковна,
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
«№50 «Жұлдыз» балабақшасына қарасты
шағын орталығы» МКҚК-нің тәрбиеші.
Мақсаттары мен міндеттері: Балаларды ойын түрінде тірек кестелер және модельдер арқылы қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс анық айтқызу, грамматика құрылысын сақтай отырып дұрыс сөйлем құру және де лексикалық тақырыптар бойынша балалардың сөз қорына және тәжірибелеріне сүйене отырып байланыстырып әңгіме құрастыру.
Балалардың шығармашылық елестеуін, есте сақтау қабілеттерін, көру зейінін, конструктивті және кескінді бейне арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Тапқырлыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Белгілерді кескінді бейнелерге түрлендіре отырып, мнемокестелермен, модельдермен және тірек үлгілермен жұмыс істеуге және әдістер мен тәсілдерді игеруге дағдыландыру, оқыту уақытын қысқарту.
Психологтар мен педагогтардың бақылауы бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың оқуға деген ынтасы ерте пайда бола бастайды. Егер отбасында және балабақшада балаларды жазу мен оқуға үйретпесе де, олардың кейбіреулері оқуды меңгеріп, жеке әріптерді тани бастайды. Өз беттерімен оқуды меңгергенше, балалар ең алдыменәріп бойынша оқиды. Бұл әріп бойынша оқу қанағаттанғысыз. Ол бойынша оқығанда балалар көптеген қателіктер жіберіп, не туралы оқығанын білмей, оқу ырғағын жайлайды.
Мнемотехника дегеніміз не? Ол балалардың қоршаған орта туралы алған білімдерін тиімді есте сақтауы, хабарламаны сақтап және жаңғыртуы, тіл дамуын қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдер жүйесі. Осындай бір тұтастық жұмыс, балалардың сөздік қорын, түсінігін, сөйлемнің грамматикалық құрылымын, тілге тән дыбыстардың дұрыс айтылуын үйретеді.
Заттарды, картиналарды, сөздерді ықтиярсыз есте сақтаудың сапасы, баланың осыларға қаншалықты әсерлі іс-әрекет істеуіне іс-әрекет процесінде оларды егжей-тегжейлі қабылдау, ойластыру, топтастыру қандай дәрежеде өтетіндігіне байланысты. Мысалы, суреттерді жай ғана қарап шыққанда оларды баланың есінде сақтау анағұрлым нашар балады, ал осы суреттерді, мнемотехника арқылы өз орындарына, мысалы, бақшаға, ас үйге, балалар бөлмесіне, қораға дәл келетін жеке заттарды қою ұсынылғанда бала оларды есінде жақсы сақтайды. Ықтиярсыз есте сақтау баланың орындайтын қабылдау және іс-әрекеттерінің жанама қосымша нәтижесі болып табылады.
Мнемотехника – оңай жолдың қиынына қарай құрылады. Мнемокесте қарапайымнан басталып, күрделене түседі: мнемошаршы, мнеможол, мнемокесте.
Бастысы – бала өзі әңгіме құрамайды, алдындағы әңгімені қайталайды. Жалығып отырған балаларға осындай сабақ жүргізілуі және оң нәтиже беруі тиіс. Өйткені, бала мектепте сурет бойынша әңгімелей алу керек. Сурет бойынша әңгіме құру үшін сөз байлығын кеңейту керек. Жұмысты бірінші мнемоквадраттан құраймыз, сосын мнеможолға көшеміз, мнемокестеде не бейнелеуге болады? Негізі, мнемокесте – ол графикалық немесе жартылай графикалық ертегі кейіпкерлерінің немесе табиғат құбылысының суреті, болмаса өзіне белгілі заттың бейнесі.
Мнемотехника әдісін пайдаланудағы оқу қызметінде …
Кіші және орта балабақша жасындағы балаларға түрлі-түсті мнемокесте беру керек, өйткені балалардың есінде тек бөлшек бейнелер ғана есте қалады: шырша-жасыл, жидек-қызыл. Кейіннен суретті кішкене қиындатып немесе басқа суретпен ауыстырылады.
Мнемотехникалық әдіс балалардың сөз материалынесте сақтауда қал-дыру үшін қолайлы. Сонымен қатар, дыбыстық және көру қабілеттері де дамиды. Мектепке дейіңгілердің жас ерекшеліктеріне қараса, осындай қор
ытындыға келуге болады, сөйлейтін суреттерді пайдалану әңгіме
құрастырғанда, өлең, логоритмикалық жаттауды жеңілдетеді және есте сақтау процесін тездетеді.