Алматы қаласы Түрксіб ауданы №89 Жалпы білім беретін мектебінде “Алматы мектептері” жобасы аясында «Экоболашақ» атты ғылыми-практикалық семинар өтті.
Табиғат пен адам арасында ажырамас байланыс бар. Ол біздің үйіміз және адамдарға қажетті заттардың барлығын береді. Сондықтан, оның маңыздылығын ұмытпай, тепе-теңдікті бұзбай өмір сүруіміз керек. Табиғат пен адам – біртұтас. Адамзат планетаның экологиясына назар аударуы керек.
Экожүйені бұзу – өз үйімізді бұзғанмен бірдей. Қоршаған ортаға қамқорлық пен сүйісепншілік қажет. Сонда ғана, адам табиғатпен үйлесімді өмір сүре алады. Міне, бұл семинардың мақсаты да осы.
Семинар тақырыбы өте сәтті таңдалғаны, семинарға мектеп ұжымы мен оқушылардың бар ерік-жігерлерін салып дайындалғаны көрініп-ақ тұр. Семинар бірнеше кезеңдерден тұрды.
Бастауыш сынып мұғалімі Дауытова Ипархан Ауытовна 1 “А” сыныбында «Ғарышқа саяхат»тақырыбында сынып сағатын өткізді.
Сынып сағаты тосынсыйларға толы болды. Балалардың ғарышқа деген қызығушылығын ояту, тақырыпты тереңнен ашу мақсатында мұғалім ғарышкер киімімен келген екен.
Ғарыш – бұл шексіз кеңістік. Астрономдар, заманауи телескоптардың көмегімен, басқа ғаламшарлар мен жұлдыздарды үнемі бақылап отырады. Осы зерттеулердің нәтижесінде, көптеген ғылыми жаңалықтар ашылды. Біз Күн жүйесі жайлы және метеориттер мен кометалардың қалай пайда болатыны туралы білеміз. Бүгінгі күнде, ғарышта көптеген жасанды жер серіктері бар, олардың көмегімен теледидар, телефон және радио байланыстары жүзеге асырылады. Сынып сағатынан балалар ерекше шабыт алып шықты. Мен өскенде ғарышкер болам деген оқушылар да табылды.
Сонымен қатар 4 “В” сынып оқушысы Шаламов Алексей “Удивительные уголки моей страны” атты жобасын, ал 3 “В” сынып оқушысы Железоглу Яков “В поле на горе в лесу, Пчелы жизнь Земле несут” атты жобасын сәтті қорғап шықты. Тақырып толықтай ашылып, көрнекіліктер өте сәтті жасалған екен.
Биология пәнінің мұғалімдері Ауыт Саида Полатжановна және Азимова Шерингуль Зунунбековна “Экологический калейдоскоп” атты интерактивті сабақ өткізді. Бұл сабаққа оқушылар өте белсенді қатысып, әртүрлі сұрақтарға жауап беріп, бірнеше ойындар ойнатылды.
Сондай-ақ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Яшина Надежда Петровна “Берегите природу” атты экотеатр бағытында сабақ өткізді.
Сабақтың жоғары деңгейде өткенін қатысқан мұғалімдер мен оқушылардың қошеметінен байқауға болады. Оқушылар экологиялық проблемаларды театрландырылған қойылым ретінде қойып, біраз адамның табиғатқа деген көзқарасының өзгеруіне себеп болды десек те болады.
Экология мәселесі қазіргі таңның өзекті мәселелерінің бірі. Қайда жүрсең де, қайда барсаң да осы экология тақырыбы барлық жерде қозғалып, шешімін табуға тырысады. Бүгінгі күннің өзекті мәселесін қолға алған №89 жалпы білім беретін мектебінің ұжымына алғыс айтамыз.
Семинарды ұйымдастырып, оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятқан, табиғат ананы қорғауға шақырған ұжымның еңбегін қалай сипаттасақ та жарасар.
Себебі халқымыз табиғатты
“Жер-анаға” теңеп, қадір тұтып, құрметтеген, оған зиян тигізбеген.
Табиғат – біздің асыраушымыз, табиғат пен адамзат – біртұтас екендігін санадан шығармауымыз тиіс. Экожүйені бұзумен біз табиғатқа ғана емес, өзімізге де зор зиянымызды тигіземіз. Қоршаған орта біздің қамқорлығымыз бен сүйіспеншілігімізге мұқтаж. Қоршаған ортаны қорғау әр пенденің міндеті. Табиғат — адамзат өмір сүріп жатқан орта, ортақ үй, ортақ мекен. Үйің мен бау-бақшаңды қалай күтіп баптасаң, табиғатқа да сондай жанашырлықпен қараған жөн.
BILIM AINASY
Алматы қаласынан
Ақерке Аманқызы