Home » Жаңалықтар » «Капустник»

«Капустник»

Алматы қаласы Білім басқармасының Бостандық аудандық білім бөлімі және КММ “ №60 гимназия ” 3-11 сынып оқушыларының қатысуымен театрландырылған “Капустник” ұйымдастырылды.

Іс-шарада Бостандық ауданы білім бөлімінің бас маманы Тасмаганбетова Бейнегуль Кунтуовна және “Дидар” жекеменшік мектебінің мұғалімі Черубаев Аслан Аскарович, сондай-ақ қала мектептерінің ұстаздары қонақ болды.

Іс-шара барысында №60 гимназияның оқушылары өлеңдер оқып, ән айтып, би билеп, шағын спектакльдер қойып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Балалардың шет тіліне оқуға, үйренуге деген құштарлығы келген қонақтарды риза еткені қошеметтерінен көрініп-ақ тұрды.

  

Бұл шараның басты мақсаты — оқушылардың ағылшын тілін үйренуге және оқытылатын тіліне деген қызығушылығын, ынталарын арттырып, ұжымда жұмыс істеу дағдыларын дамыту, оқушылардың шығармашылық әлеуетін шыңдау.

Аталмыш шараның сценарийнің еркіндігі балалардың өзін-өзі ашық жарқын ұстауына ықпал етті. №60 гимназияда мұндай іс-шаралардың, байқаулар, тәрбие сағаттарының жиі өткізілетіні байқалып тұр. Өз кезегінде балалар да өз өнерін көрсетуге барын салады.

Қорыта айтқанда, шетел тілін меңгеру өте маңызды. Ол оқушылардың ой-өрістерін кеңейтеді, халықаралық достыққа, мәдениетке тәрбиелейді. Оқушының жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасауға бағыт алып отырған бүгінгі білім беру жүйесінде әлемдік стандарттар талабының негізгі компоненттерінің бірі деп танылған көптілдік оқытуға көңіл бөлу бүгінгі заман тапсырысы болып табылады. Шетел тілінің мұғалімі оқытудың жаңа технологиясын жан-жақты меңгеріп, соңғы жарық көрген ғылыми әдістемелік әдебиеттердегі тәжірибелі ұстаздардың оқыту әдістерін оқып үйреніп, оларды өз жұмысында орынды қолдана білуі керек.

Адамдық борышың,
Халқыңа еңбек қыл, — деп Шәкәрім ақын жырлағандай халыққа еңбек етудің бір жолы — ол бала тәрбиесі. Бүгінгі оқушы арқылы ертеңгі болашақты тәрбиелеп жатқан Абуова Шынар Богенбайкызы мен ұжымына табыс тілейміз.
Шәкірттеріңіз үміттеріңізді ақтап, биік белестерді бағындырсын.

BILIM AINASY
Алматы қаласынан
Ақерке Амангелдіқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.