Home » Балабақша » «Әріптестік пен ынтымақтастық негізінде ата-аналар қоғамдастығымен өзара іс-қимыл»

«Әріптестік пен ынтымақтастық негізінде ата-аналар қоғамдастығымен өзара іс-қимыл»

Алматы қаласы Әуезов ауданы КМҚК №174 бөбекжай-балабақшасында «Әріптестік пен ынтымақтастық негізінде ата-аналар қоғамдастығымен өзара іс-қимыл» тақырыбында аудандық семинар өтті.

Семинарға қонақ ретінде Әуезов аудандық Білім бөлімінің басшысы – Г.Р. Саттарова, Әуезов аудандық Білім бөлімінің әдіскері –
Г.Ж. Ногайсарина және Әуезов ауданының бөбекжай-балабақшаларының әдіскерлері қатысты. Семинардың ашылу салтанатында алғашқы сөз кезегін алған КМҚК №174 бөбекжай –балабақшасының меңгерушісі Шакирова Курбанкул Утеповна келген қонақтарды семинардың өтілу барысымен таныстырды.

Жылдық жоспарға сәйкес, өскелең ұрпақты ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Осыны негізге ала отырып ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау мақсатында “Ұлттық тәрбие — ұлттық құндылық” көрмесіне саяхат жасалды. Көрмені педагогтар мен ата-аналар бірлесе отырып, ұйымдастырды. Ата-аналар мен педагогтардың бірлескен жұмыстарының нәтижесін қонақтарға көрсете білді.
Келген қонақтар көрмеден рухани мұрамыз неғұрлым бай, алуан арналы, өткен мен бүгінгінің мәдени мұраларының жарасымды жалғасып жатқанына тамсанып қайтты.


Семинар барысында “Әріптестік мен ынтымақтастық негізінде ата-аналар қоғамдастығымен өзара іс-қимыл” жүргізілді. Ересек және мектепалды топтың тәрбиеленушілері мен ата-аналарының қатысуымен “Күн астындағы Күнікей қыз” ертегісінің желісі бойынша ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында көркем сипатталды.
Қыздар әжелерімен бірге жүн түтіп, әсем ән де шырқалды. Ертегі жоғары деңгейде сахналанып, көрермен қошеметіне бөленді.
Ертегіге тәрбиеленушілер, педагог мамандары мен ата-аналардың қатысуы балабақша қабырғасында үштік одақтың ынтымақтастықта жұмыс жасауының жемісі деп білеміз.

Семинарда аудиториямен жұмысты әдіскер жүргізіп, қонақтарға педагогтардың өз білімін көтеру жұмыстарының барысымен таныстырды. Мақсаты педагогтардың әрбір баламен жеке жұмыс жасауы, балалардың шығармашылықпен айналысуы болып табылады. Әр педагог мамандардың жұмыстарының іс-тәжірибелерімен бөлісіп, нәтижеге қол жеткізгендігі айтылды.
Семинар соңында рефлексия айдарында әдіскерлер №174 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі мен ұжымына өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізіп, тамаша көңіл-күйде тарқасты.

— Тәрбие – тал бесіктен екенін ескерсек, бала тәрбиесінде оның қоғам мүшесі ретінде енді ғана қалыптасып келе жатқан шағында, яғни балабақша қабырғасында тәрбиешілердің, балабақша педагогтерінің де атқаратын рөлі ерекше. Бала – біздің болашағымыз. Болашақ ұрпақ тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қараған жөн. Әсіресе, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруіміз қажет. Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиені ұштастыра отырып, әрі қарай дұрыс дамып-жетілуіне себепкер болу балабақша ұжымының да келешек ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі, — дейді балабақша меңгерушісі Шакирова Курбанкул Утеповна.

Еліміздің ертеңі болар тұлғаны қалыптастыру жолында қанаттарыңыз талмасын.

“BILIM AINASY”,
Алматы қаласынан,
Ақерке Аманқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.