Жамбыл облысы әкімдігі
білім басқармасының баспасөз қызметі
Оқу жылы дәстүрлі түрде 25 мамырда аяқталады. Бұл туралы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ж.Бекбатырова Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте мәлімдеді.
1-10 сынып аралығындағы оқушыларға соңғы қоңырау 25 мамыр күні онлайн өтеді. Ал 11-сынып түлектеріне аттестаттарды тапсыру және соңғы қоңырау 3-4 маусымда өтеді. Мектеп бітіру кештерінде санитарлық талаптар мен қауіпсіздік нормалары сақталуы қажет. Іс-шара мектеп аумағында, ашық алаңда әр сынып үшін бөлек өткізіледі, уақыт аралығы — 20 минут. Әрбір түлекпен 1 не 2 ата-анасы қатыса алады. Оқушылар маскамен қамтамасыз етіліп, қашықтықты сақтау керек. Бұдан бөлек мектеп немесе педагогтерге сыйлық алу үшін ақша жинау, автокөліктерді жалға алып, қала ішінде экскурсия жасау және мейрамхана, дәмхана, көңіл көтеру орындарында отырыс ұйымдастыруға тыйым салынады.