Home » Мақалалар » Кітапхана — оқырман білімінің  күн шуағы.   

Кітапхана — оқырман білімінің  күн шуағы.   

  Маңғыстау облысы  Мұнайлы ауданы
№ 7 жалпы  білім  беру орта
мектебі КММ кітапхана менгерушісі
Келімбердиева Айсулу Ізбасар қызы

Мектеп кітапхансы оқырмандардың  ақпараттық мәдениетін қалыптастыратын білімнің күн шуағы.
Кітап адам баласының бойына жақсы  қасиеттерді  қалыптастырып, рухани  жан-жақты  дамып  жетілуіне әсер етеді. Кітапхана осы оқу орынында білімге ұмтылған жас ұрпақтың, сондай-ақ ұстаздардың білім  сапаларын артыруға  бейімделген  аса маңызды орын  болып  есептеледі.
Қазіргі  кезде еліміздегі белең алған пандемия жұқпалы  ауру кезінде кітапхана жұмыстары уақытша  тоқтатылып тұрғаны, қашықтықтан оқуту кезіндегі электрондық оқулықтардың қолданылуы, оқырмандар  санының азайуы әрине  бізді  қынжылтады,бірақ  барлығыда уақытша. Кітапты қолыңа ұстап, қалаған тақырыпты ашып, түсінбесең  қайта  оқу, қарау, жазу үшін, сайтқа кіремін, бірлік саламын демейсің, қаражат жұмсамайсың, қалаған кезіңде кітабыңды қолдануға  мүмкіндігің болады
Осы кезге дейін мектебіміздің  кітапханасына оқушыларымыз келіп, өздеріне  қажетті әдебиеттерін,
қосымша оқулықтарын жаздырып алып,білімдерін толықтырып, МАН, Дарын жарыстарына шығармашылық  жұмыстарымен шұғылдануда, пән олимпиадаларына дайындалуда, тағыда  басқа  ақын- жазушылардың  әдеби кештерін  ұйымдастырып өткізуде маңызды деректерін тауып, өз уақытында пайдаланып отырды.
Кітапханамызда  көптеген іс- шаралар өткізіліп, түрлі қол- өнер, сурет  көрмелері ұйымдастырылды.
Біздің  мақсатымыз осындай іс- шараларды ұйымдастыруда жалпы оқырмандарды біліммен сусындатып, ой- пікірлерін дамытып, кітапханамызды шынайы мәдениет ошағына айналдыру. Кітапхана оқырманның жеке басының дамуын, білімге деген қызығушылығын  арттыруды  көздейді.
Маңызды  негізгі  міндетіміз- әрбір оқушы өзінің керек кітабын тауып, жағымды ортада өз бетімен білімін жетілдіруге және өзіндік тұлғасын қалыптастыруға жағдай жасау.Сонымен қатар, құнды кітаптар қорын  пайдалана отырып, оқушыларды жаман ортаның әсерінен, , есірткі, түрлі қылмыстардан бойларын аулақ ұстауға үйрету. Оқушыларды кітапты сүйе білуге, оқу мәдениетіне, тарихи, өнегелі және патриоттық әдебиетпен қарым -қатнасын арттыру. Мектеп партасында отырған бүлдіршіндер мен жасөспірімдерді
рухани байыту кітапхана қызметкерлерінің төл ісі.
Жоғарыдағы жетістіктерді, оқушының кітапқа деген ынта- ерекшеліктерін есепке ала  отырып, кітапхана қызметкерлерінің  алдына қойылғын негізгі  міндеттері:
1.  Жан- жақты дамыған баланы тәрбиелеуге ат салысу;
2.  Оқушылардың ой- өрісін кеңейтуге, оқу деңгейін арттыруда, сапалы білім алуда қажетті ықпал жасау;
3.  Мектебіміздегі педагог ұстаздарымыздың кәсіптік шеберлігін арттыру  мақсатында септігін тигізу
Кітап- білім бұлағы, кітапхана – білімнің  шуағы!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.