Home » Мақалалар » Екеуміздің қайсысымыз: «Мен мұғалім емеспін» — деп айта алады.

Екеуміздің қайсысымыз: «Мен мұғалім емеспін» — деп айта алады.

Шалва Амонашвили. «Отбасы тәрбиесі өнері» кітабынан.
Аударған: Таскалиева Гулдана Ерсайновна.

 

Біз ата-анамыз!
Өз балаларымыз бола тұра біз немен айналысып жүрміз?
Біз болашақ ана және әке болу үшін туылғанбыз.
Әке немесе ана болу – бұл бізге табиғатымыздан берілген: адамзаттың ұрпағын көбейту керек. Біз өз табиғатымыздан, болмысымыздан педагог болып жаралғанбыз. Біз тәрбиелеу үшін жаратылғанбыз.
Әке және ана педагогикалық мамандықтың мәні.
Бірақ бұл мамандық ерекше. Әке және ана өз балаларының басты тәрбиешісі, басты ұстазы.
Жаратқанның біздің басымызға жазған қарызынан құтыла алмаймыз. Керісінше жасасақ, күнә, сатқындық болар еді. Өз балаларымызды тәрбиелей отырып, біз жаратқанға қызмет еткендей боламыз.
Балаларды тәрбиелеуде бізді, ата-ананы кімдер алмастыра алады?
Мүмкін бала күтушілер, мүмкін қызмет көрсетушілер, мүмкін мұғалімдер?
Бұлар бізге тек көмектесе алуы мүмкін.
Бірақ балаға анасы мен әкесінің орнын ешкім алмастыра алмайды.
Өтінемін, сізде қандай да бір педагогикалық мамандықтың дипломы жоқтығын естен шығарыңызшы. Бізге бұл дипломдар қажет емес, жаратушының өзі біздің қамқорлығымызға баланы сеніп тапсырып, тамаша жоғары біліктілікті беріп қойған.Егер де біреу «Мен мұғалім емеспін» — деп айтатын болса, ол өз жауапкершілігінен қашқаны, яғни бала тәрбиелеуде жіберген қателіктерін ақтап алғысы келгендігі. «Мен мұғалім емеспін» -дегені: «Кешіріңіз мені, бала тәрбиелеу менің қолымнан келмей жатыр» — дегені. Ата-аналық жүрек бар – біз білімділікті содан іздеп көрейікші.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.