Салимбаева Куралай Елтаевна
№171 бөбекжай –балабақшасының тәрбиешісі
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев
«Қыс келген күні»
Тысқа шықсам,
Күн шыңылтыр, қар жауған.
Ызғар, аяз атырылып бар маңнан,
Асып анау асқар-асқар таулардай,
Қыс жетіпті тонын теріс аударған.
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын. Ол 1931 ж. 8-ші наурызында Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Бұған тиісті ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз.» Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші туған күніне байланысты мынадай сөз айтады: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпанда дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен». Азан шақырып қойылған аты — Мұхаметқали. Әкесі қарапайым шаруашы: колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туылған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері — Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады («Неңді сенің аңсаймын,бала шағым?»). Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады. Адам баласы табиғаттың тылсым дүниесі әу бастан ақ танып білуге талпынды. Мен, тәрбиеленуші шәкірттеріме Мұқағали Мақатаевтың 90-жылдығына арналған кеш өткізу туралы ойлағанда, өзіме қойған алғашқы сауалым «Қандай тақырыпты таңдасам? » деген болды. Ойлана келіп керемет табиғатпен байланыс тапқан «Қыс келген күні» өлеңін тақырып етіп алуды шештім.
Балалармен өлеңдерді оқи отырып, адам мен табиғат арасындағы тығыз байланысты түсіндіргім келді.
Қыс мезгілін көз алдарына елестету үшін мына тамаша сөздерді оқыдым:
Қыс – мезгіл ішіндегі ең пәк, ең ажарлы, ең сұлуы. Кең даланы ақ көрпеге орап, ақ дүниенің кіршіксіз белгісі болып жататын ақ қардың аңғалдығы, күн түссе еріп кететін нәзіктігін-ай!
Басқан сайын табаныңа жабысып, қытырлаған дауыс құлағыңа жеткен кезде құрышы қанып, көңілі босап сала беретіні де рас. Бұл – аппақ қардың дауысы. Қылышын сүйретіп келген қыстың аязы бетті қарыса да, тоңдырса да жаныңызда бір жылулық бар. Бұл – мезгілдің адамға әсері.
Қыс – аппақ қар секілді кіршіксіз сезімдердің бастамасы. Шанасын көтерген балақайлар, олардың жүзіндегі қуаныш, қамсыз көңіл – бәрі-бәрі адамды бей-жай қалдырмайды. Қыстың самалына тоңған сыңай танытып, құшағыңызға тығылған сүйіктіңізді көргенде әлем сіздің алақаныңызда тұрғандай күй болады. Көктем бүр жарған сезімдерді қайта оятушы болса, қыс сол нәзіктікті ұстайтын, берік ететін мезгіл.
Омбы қарға көміліп, аунаған сайын қардың салқыны сезілмей де қалады. Табан астында – аппақ көрпе, төбеңізде – күн сәулесі. Бүкіл әлем күнәсіз періште дүниеге оң көзімен қарап тұрғандай. Сәулемен шағылысып көздің жауын алатын қар ұшқыны бейне бір жақұт тәрізді. Қолыңызға түссе еріп, бетіңізге тисе сусып сала беретін мамық қардың сізге айтары бар секілді…
Төрт мезгіл ішіндегі ең ұлы пейзажды жасайтын – қыс. Қаңтарда қақап, ақпанда сеңі соғылып, наурызда қоштасатын мезігілдің сезім алдындағы пәктігін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Терезеңізге сезім білдіріп жүрген аязды көресіз бе…?
Қыс – тазалық пен пәк көңілдің, тұнықтық пен тылсым құбылыстың мезгілі.