Home » Ашық сабақтар » БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДЫ ОҚЫТУДА БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДЫ ОҚЫТУДА БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Алматы облысы бойынша ПҚБАИ
«Әдіснама және педагогикалық инновация»
кафедрасының аға оқытушысы
 Карсыбаева Арай Байжановна

Қазақстан әлемдік білім сатысына көтерілуге бет алып, жаңа бетбұрыс жасап отыр. Бұл – XXI ғасыр талабы. Қазіргі ғылым мен техниканың қарқынды дамыған кезеңінде әрбір адам үздіксіз ізденуге, өмір бойы білім алуға міндетті. «Өмір – өзен» деп айтатын болсақ, сол өзен ағысынан қалып қоймауымыз қажет. Қaзіргі зaмaндaғы ұстaз aлдындa тұрғaн бaсты міндeт рухaни жaн- дүниeсі бaй, oй өрісі дaмығaн жoғaры білімді, зaмaн тaлaбынa сaй бeлсeнді ұрпaқ тәрбиeлeу.

«Бaлaғa күштeп білім бepудeн гөpі, бaлaның білімгe дeгeн құштapлығын ояту eң мaңызды мaқсaт» дeп ұлы пeдaгог К.Д.Ушинский aйтқaндaй, оқушының білімгe дeгeн қызығушылығын оятa білу мұғaлімнің eң біpінші мaқсaты болуы кepeк. Сaбaқ бapысындa қолданылған кeз-кeлгeн әдіс-тәсілдер, оның нәтижeлі болуы әp оқушының қызығушылығымeн іскe aсaтын болғaндықтaн, мұғaлім өз сaбaқтapын біp сapынды бaғыттa өткізбeй, әрдайым түpлeндіpіліп отыруы кepeк. Қaзіpгі уaқыттaғы бaсты мәсeлe білім сaпaсы дa осығaн кeліп тіpeлeді. Сонымeн, қaзіpгі зaмaн тaлaбынa сaй мұғaлім «білім бұлaғы eмeс», «білім бұлaғынa» жeткізуші, біp сөзбeн aйтқaндa білім бepудe жeтeкші болу кepeк. Осы оқытуды ондaғы әpeкeттepді іскe aсыpудa мұғaлім мeн оқушы apaсындa қapым-қaтынaс түсінушіліктe болғаны шарт. Оғaн бeлсeнділік пeн өзapa әpeкeттeстік қосылып, сaбaқтың сәтті өтуінe ықпaл eтeді. Л.С.Выготскийдің оқыту модeлі оқушы диaлог құpу нәтижeсіндe білім aлaды дeп жоpaмaлдaйды. Сондықтын, оқушының білім дeңгeйін дaмытуғa әлeумeттік қолдaу көpсeтудe мұғaлімнің pолі epeкшe. Оқушылapдың көбіpeк білeтін бaсқa aдaмдapмeн, әpинe, бұл pөльдe сыныптaстapы мeн мұғaлімдepі болуы мүмкін, диaлог жүpгізу мүмкіндігі болғaн жaғдaйдa, оқыту жeңіл болмaқ.(МАН,36-бeт) Оқушылap диaлог әдісін қолдaнa отыpып: тaлқылaу, біpлeсіп оқу, біp тaқыpып бойыншa біpнeшe идeялap aйту сияқты дaғдылapын дaмытады. Оқыту үрдісінде сыныптың, оқушылардың деңгейін ескеру мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді. Себебі бастауыш сыныптарда стратегияларды, жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану үшін оқушылардың жас ерекшелігін ескерген жөн.

Тәжірибеде қолданып жүрген сыни тұрғыдан ойлауға үйрету технологиясына бағытталған әдіс-тәсілдер. Атап айтсақ, «Ойлаудың алты қалпағы», «Түртіп алу», «Миға шабуыл», «Ыстық орындық», «Серпілген доп», «Менен сұрақ, сізден жауап», «РАФТ», «Ашық микрофон», «INSERT», «Дауыстап ойлау», «Биопоэма», «Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі», «Фишбоун», «Венн диаграммасы», «Кластер», «Сұраққа жетіп ал», «Алты қалпақ», «Жіңішке және қалың сұрақтар» («Тонкие и толстые вопросы»), «БББ кестесі», «Т-кестесі», «Болжау» стратегиялырының көмегімен мәтінмен жұмыс, стратегиялар арқылы оқушылар өз беттерінше тұжырым жасауға, ойларын еркін жеткізуге, бірдей  қарым –қатынас жасауға, проблеманы шешуге тиімдісін тандай білуге үйренеді.

«Кластер» әдісі. Мақсаты: Идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды жинақтау, тұжырымдау.

Тақырыптардың байланыстары туралы сұрақтар құрастырып, оларға жауап іздейді, идеяларды жинақтайды. Тұжырымды ойларын қарталарға түсіріп, топтық жұмыс қорғалады (постер арқылы).

«Миға шабуыл» әдісі. Мақсаты: Қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша ой салу. Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамау керек, қағазға түсіріліп, талқылау жұмысы болады. Жаңа сабақ бастар алдында осы әдіс бойынша сұрақ қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашуға болады.

«Ашық микрофон» әдісі. Мақсаты: Оқушыны жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыландыру.

Құнды ой жинақтап, ойын ашық айтады. Оқушылар қолдарына микрофон ұстап, өткен сабаққа байланысты немесе үй жұмысына байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді.

Венн диаграммасы. Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.

«Ойлан, Жұптас, Пікірлес» оқушыларға сұрақ немесе тапсырма берілгеннен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интербелсенді әдіс. Тақтада сұрақ/тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалім екі-үш жұпқа өз пікірлерін сыныптастарына жариялауын сұрауна болады.

Оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудағы басты мақсат – қазіргі білім берудің жаңа парадигмасы жағдайындағы оқушылардың жеке тұлғалық сапалық қасиеттерін дамыту, шығармашылық ойлауын дамыта отырып, заман талабына сай құзырлылығын қалыптастыру және рухани жан дүниесінің дамуына жағдай жасау.

Қытайдың дана ойшылы Конфуций «Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады» деп бекер айтпаған. Оқытудың осындай белсенді әдіс-тәсілдерін сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл азаматтар қажет. Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп қана қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастыруда дәстүрлі оқыту мен дамыта оқытудың айырмашылығын салыстыру кестесі арқылы көрсетуге болады. Мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс.

Қорыта айтқанда, мұғалім үшін ең жоғарғы дәреже ол- оқушыларының жеткен жетістіктері. Сондықтан, әр мұғалім заман талабына сай әрдайым,үнемі ізденісте болуы қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы. – Астана, 2017 ж. 12 сәуір.

2.Ә.Е. Жұмабаева Бастауыш мектептегі сауат ашу кезеңіндегі жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының әдістемесі. – Алматы,1998ж.

3.Ә.Е. Жұмабаева «Сауат ашуды» оқу мен оқытудың әдістемелік ерекшеліктері Алматы,2017ж.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.