Мектептегі оқу процесінің барысы әртүрлі педагогикалық әдіс-тәсілдермен жүйелі түрде оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытып, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыруға негізделеді. Оқушыларыға білім беру субъектісі ретінде қарап, ойын технологиялары арқылы дамыту, білім беру, тәрбиелеу өз нәтижесін көрсетеді. Тұлға – педагогикалық субъект ретінде меңгерілетін, қалыптасатын, білім мазмұнына ендірілетін, қызметтік формаға ие болатын адам тәжірибесі. Білім беру саласында оқушылардың әр пәнді игеруге деген құлшынысын арттыру үшін жаңа педагогикалық технологияны тиімді пайдалану қажет, себебі жаңа технологияларды қолдану мұғалімдер мен оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, пәнге деген қызығушылығын арттырады.
«Өрлеу» БАҰО АҚ Алматы облысы бойынша ПҚБАИ-нің «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының меңгерушісі , PhD доктор М.К.Бисенбаеваның ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерімен «Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамытуда белсенді оқу әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану» тақырыбында вебинар ұйымдастырылды.
Вебинар барысында жалпы білім беретін мектептердегі қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді дұрыс пайдалану жолдары туралы аудан ұстаздарымен ой бөлісті. Вебинарда жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамытуда қолданылатын белсенді әдіс-тәсілдер, сабақты оқу мақсатына сай жоспарлау, саралау тапсырмаларының берілуі туралы пән мұғалімдері өзара іс-тәжірибе алмасты.
«Өрлеу» БАҰО АҚ Алматы облысы бойынша
ПҚБАИ-нің «Әдіснама және педагогикалық инновация»
кафедрасының меңгерушісі , PhD доктор:
Бисенбаева Меруерт Кежегуловна