Home » Мақалалар » Әдіснама және педагогикалық пікір

Әдіснама және педагогикалық пікір


2021 жылдың 25 қаңтар мен 05 ақпан аралығында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының аға оқытушысы Арай Байжановна Карсыбаеваның жетекшілігімен «Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында ұйымдастырылған біліктілікті арттыру курсынан өтудемін. Курс барысында стандарттың негізінде бастауыш сыныпта оқытылатын негізгі пәндер бойынша оқу бағдарламаларына, оқу жоспарларына, критериалды бағалаудың түрлеріне, қысқа мерзімді жоспарға толық тоқтала отырып, мағлұматтар берілді. Осы ұйымдастырылған біліктілікті арттыру курсынан алған білімді іс-тәжірибе де дұрыс бағытта қолданамын деп жоспарлап отырмын. Білімге деген құштарлығымызды оятып, өткен білімді алдыңғы біліммен ұштастыра отырып, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгерте білген курс жетекшісі Арай Байжанқызына және осы курсты ұйымдастырған «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтына» алғыс білдіремін.

Алғыс білдіруші:
 Жамбыл ауданы,
Ү.Кәрібаев атындағы орта мектептің

бастауыш сынып мұғалімі
Орынбасар Н.Б.
Қарсыбаева Арай Байжановна

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.