Қазақтың қолданбалы өнері дайындалатын материал түріне қарай ағаштан, сүйектен, теріден, металл, текстиль материалдардан дайындалған болып бөлінеді.
Қолданбалы өнер – дәстүрлі тұтыну және сәндік бұйымдарын жасайтын ұсақ өндіріс. Қолөнершілер негізінен табиғи шикізаттарды пайдаланып, қарапайым еңбек құралдарының көмегімен көркем композицияның шешімімен тұрмысқа қажетті мүліктер, музыкалық аспаптар, қару-жарақ, құрал-саймандар жасайды. Әрбір қолөнер туындысы өз заманының материалдық мәдениетінің үлгісі және халық талғамының, әлеуметтік қоғамдық жағдайының, діни сенімінің, салт-дәстүрінің нақтылы көрінісі.
Қазақтың ұлттық бұйымдарының түрлері: киіз, тұскиіз, текемет, сырмақ, қоржын, алаша, аяққап, тұтқыш, ою — өрнек, құрақ құрау. #15 «Санаториялық мектеп-интернатымыздың оқушылары ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай ұлттық бұйымдарды жасап, өз еңбектерімен бөлісті. Суреттерден оқушыларымыздың өз қолдарымен жасаған жұмыстарын көруге болады.
Алматы қаласы
Директордың тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары: Ералиев Асхат Бекназарұлы.