«Анығын Алла біледі»
Біздерді бір-бірімізді танып білуіміз үшін, ру, тайпаларға бөлген себебі — арғы түп тұқиянымыз бір ата мен анадан еді.
Жер әлемдегі өздерін ұлы санаған мемлекеттер мен елдер ұлы даланың перзенттері біздердің шынайы тарихымызды жасырып келді. Ол әу баста ұлы бабамыз Түріктің ұрпақтары, сонан соң Арилердің, жүйрік атты Турлардың, Алаш-қазақтардың, сол мыңдаған жылдар бойығы өмір сүрген дәуірлеген кезеңдері еді.
Тіпті жоғалудың азақ алдында тұрдық. Тәңірі жарылқап дала перзенттерінің аманаты — шежіре тарих арқылы қайта жаңғырды. Бабаларымыз аманаты ауызша да, жазбаша да халық жадында ғасырлар бойы сақталып келді. Олар өз тарихын тау-тасқада, алытын-күміс, фольгағада, қағазғада тіпті саз-балшық тақтайшаларға да жазып қалдырған екен. Осы күндері әлемнің түкпір-түкпірінен дерек көздері ашылуда. Бүгінгі күні Егемендік алып, өз алдымызға Қазақ елі болған дәуірде өз шежіре-тарихымызды өзіміз жазып саралайтын уақыт келді.
Алла тағала біздің қауымды қазақ ұлтын, әу бастан-ақ, яғни әлім сақтан бері жарылқап қойған соны, бүгіндері сезініп ұғуымыз қажет. Осы жайтты бұрынғы дәуірлерде ұға білген себебі тіршілік бастағанда адамзат ұрпағына берілген Ананың тілі – біздің қазақтың тілі, түріктің тілі. Ертеректе әлем жұртының көпшілігі осы тілде сөйлеген. Өкінішке орай, салт дәстүрімізге салғырт қарап, тілімізді құрметтей алмай 30 жылды өткізіп алдық. Бұл үрдіс — бабалар аманатына зор қиянат. Ештен де кеш жақсы – деген халық мақалына сай алда қадірімізді ұмытпайық ағайын.
Екінші – біздің халыққа асты-үсті байлыққа толы ұлы дала кеңістігін сыйлаған. Осы далаға ұқсас дарқан болмыс кеңшілік мейірімге толы парасатты перзентті беріп, алтын-күміс, темірді балқытып, дала кеңстігінен ұлан ғайыр байлықтарды игеруге жетеледі.
Үшінші – қарқынды даму үшін біздерге жылқы малын серіктестікке берді. Аспан көкпен таласқан жүйрік-арғымақтар біздерге тиесілі болды. Мінсеңіз көлік — ішсеңіз сусын, жесеңіз қазы-қарта ет еді. Жаратушының біле білсеңіз осы үш баға жетпес сыйы халқымыздың қадір қасиетін арттырды. Күн көзінің нұр шашқан алтын шапағындай барған жерлерінде мәдениетпен өркениеттің ізін қалдырды. Әлемнің төрт құбыласында ат тұйяғының сайраған іздері қалды.
Енді шежіре сандығын ашайық. Бұл деректер өте ұзақ сыр шертеді. Бұл далаға кімдер келіп, кімдер өтпеді. Хандарда өтті, қарада өтті, әлемді таңдандырып ілімімен сусындатқан дара да өтті. Бірақ та біздер пендеміз ғой соны ұмытпайық. Періштелер көкте ғана.
Енді Бегендік (Бекен, немесе Бегентек) шежіресінен үзінділер келтірейік Мейрам сопы атамызда хан болған адам. Бірде оны Мейрамхан енді бірде князь Мейрам деп жазады. Ол кезде Арғындар Қауқаздың арғы-бергі жерлерін мекендеп ғұмыр кешкен. Қырымда ол жерлерді – Бештау, қазіргі Пятигорск қаласы Князь сөзінің түп нұсқасы «Кім әз» деген сөз.
Алдыңғы төртеуі бір анадан туған, ол кісінң есімі – Зазия атамыздың бірінші әйелі, екінші әйелінің есімі – Айнамкөз одан Өткірсопы туады. Бірақ бұл адам атасы Арықсопының қолында өсіп тәрбиеленеді. Одан Еламан және Бөкөш екі ұл туған олардан таралған ұрпақтар бар. Үшінші әйелі – Қарқабаттан Болат туылған. Бұл атамыз осы бес атаның алғашқысы болып, ағаларының арқасында хан сайланған. Әулиеата қаласы астанасы болған оған дәлел қаланы қақ жарып осы күнге дейін Талас өзені ағып жатыр.
Бегендіктер орта жүз қазақтарынан басқа түріктердің Теке тайпасында кездеседі. Жиырмасыншы ғасырда олар: Мерв, Теджан, Байрамали жерлерінде орналасты. Теке тайпасын әлемге әйгілі еткен бір себеп Ақал-теке атты жылқы тұқымы біздің қазақтарда да. Теке жәуміт атты сүлік қара түсті жүйрік арғымақтар болған.
Енді негізгі айтпағымыз Сары қыз ана жайында болмақшы бұл кісі Ақорданың әмірі Қарақожаның ұлы Тоқтамыш (Тоқтас, Тоқтасын) бабамыздың кіші ханымы. Бұрмаланған орыс тарихы негізсіз жазылған. Шындығына барар болсақ Тоқтамыш Алтын орданың ханы еді. Ол кісінің анасы Қотан-Құншақ, Қоңырат тайпасынан еді. Негізі Тоқтас атамыз бірнеше әйел алған, көбісі біздерге беймәлім. 1360 жылы Маңғыстау даласында дүниеге келді. Ол түркімен елінде ақсақ Темірмен үзеңгілес өсті. Қияң кескі шайқастарда елін жерін, даланың халқын қорғады. Негізі ол Бегендік шіл көздерінің хан тағына лайық Ұлы даланың текті ұрпағы Көзханның (Қозғанның) он бесінші бұтағы еді. Бұл адам ұзақ жасаған, ақсақ темір дүниеден өткен соң билікті балаларына тапсырып, өз жұртында Сібір даласында тыныш өмір кешті. Оның тікелей батыр ұрпақтары қазақ хандығын құру үшін Керей Жәнібек сұлтандармен бірігіп, ат салысты.
Азғана бір көріністі баяндаған әңгімені арқау етейін Әкесі Сары қыздың Айғаным бұл кісі әрі бай, әрі елдің билеуші ағасы екен. Бұл оқиға осыдан бұрын яғни 1425 жылдар шамасы қыздың жасы ол күнде 15-16 да болса керек, елімді шабуға жау келе жатыр. Ол жауға қарсы шығып қайрат көрсетерліктей біздің елде шама жоқ, егер де уақытың болып, мүмкіндік болса, осы келе жатқан жаудан елімізді құтқарып көріңіз деп Тоқтас бабамызға әрі жедел, әрі құпия хабар жіберіпті. Осы хабарды қара сөзбенде, өлең жолдарымен де жолдаған екен. Соңғы бір бөлігі мынандай мағынада жазылған, негізінде өлең мәтіні ұзағырақ.
Ақыл айла жеткенше
Хабар сізден келгенше
Құтты хабарды ел сезгенше
Отан үшін, Ел үшін
Қазақтың Ұлы байтақ жері үшін
Жан тән аямай күресетін батырсыз.
Сала өзені мен көлі үшін,
Сондықтан сізге сенеміз.
Күйзелуші мынау бізге
Берер деп Тоқаң батыр қол ұшын – деп хатты аяқтайды.
Осы хатты оқысымен, тынығып тамақтанған хабаршыға, әрі тың, әрі белді жүйрік қос ат мінгізіп, оның қасына қай жағынан болсын сенімді екі батырды қосып, оларға да хабаршығада мінгізгендей сенімді екі аттан мінгізіп, суыт аттандырады. Олардың артынан бабамыз іле-шала, хабаршының айтуы бойынша жаудың ту сыртынан қуып жетіп берып, жауды қапы қалдырады. Шабуыл жасап, сол жауға күйрете соққы беріп жеңеді. Жауды жеңгеннен кейін, Айғаным байдың өтініп сұрауы бойынша, қырық жігітімен байдың еліне келе жатқанда елдің шетіне кіре бергенде құрғақ сайға қарай, шапандарын жамылып, кетіп бара жатқан бір топ қыздың ортасында, үлде мен бүлдеге оранған ақ жүзді қызыл шырайлы қыз былай дейді: Салт атты бір топ жас батырлардың алдында ірі тұлғалы, астында түйедей ақтан кері атпен елдің шетіне кіре берген қаба сақалды кісіні көріп таң қалады. Бетім-ау деп екі саусағымен екі бетін шымшып, жыртады.
Сонда әлгі қыздың жанында кетіп бара жатқан жолдас қызы әлгі сұлу қызға «Сары қыз-ау, сенен де сондай сөз шығады екен-ау» — дейді. Сары қыз «Ә, солай ма еді. Менен бір кешірілмейтін қате болды. Олар естісе менің әкеме де маған да бір үлкен сын болды» деп өксіп жылап бетін басады. Қыздардың сол сөздерін аңдап байқап қалған нөкерлердің басшысы кең сарайға кіріп, отырғаннан кейін естіп көргенін Тоқтас батырға дәттейді. Ерте заманда ер азаматтар, әсіресе сол замандағы падишах, хан, сұлтан, дін адамдары, қазақ батырлары сақал-мұрттарын ерте өсіреді екен. Сондықтан орта жасқа мол кірген атамыздың сақал-мұрты ұзын болса керек.
Тоқтас атамыз Айғаным байдың сый құрметін көріп, аттануға ыңғайланып жатқанда, Айғаным батырға өзінің кісілерін жібереды. Келген адамдар байдың айтқандарын жеткізеді. Тоқаңа мал мүлік, алтын-күміс, гауһар-лағыл басқа да асыл тастар мен қымбаттыаңдардың терілері қажет емес екендігін жақсы білемін. Егер де менің жалғыз қызым батырға ұнаса, сол қызын беремін дейді деп, хабар береді жіберген кісілердің басшысы. Сонымен Айғаным бай атамыз Тоқтасқа қызын әйелдікке беріп. Адам айтқысыз үлкен той қылып, қызына атақты адамдарға лайықты 12 қанат ақкигіз үй тігіп, қазақтың дәстүрлі жиһаздарымен қыз-келіншекке лайықты дәстүрлі киімдерімен, төрт түлік малымен қызға арналған аттарымен, күйме арбасымен болашақ күйеубаласына қосып қызын аттандырыпты. Бұл оқиға сонау башқұрт елі Қазан қаласының маңында болған екен.
Көне шежіреде, Алаштан шыққан хандар тізімінде, Шыңғыс қағанда, ақсақ Темірде жоқ. Керісінше Қозған (Гоз Каан, біздіңше Көз хан) аты жазылған. Өмір сүрген уақыты 934 ж – 1025 ж 91 жасқа келген. Ақжігіт атамыз бұл кісінің жеті ұлы болған. Бірінші – Ораз (Ораз Қозған нағашысы Баян ханның қолында тәрбиеленген), сондықтан осылай бөлектенеді. Екінші ұлы – Тұрал, үшінші Тәңірберді, төртінші Әзкелді, бесінші Қазкелді, алтыншы Қожамкелді (бұлар көптігінен қара қозған атанған), жетінші Құлтай (Құлтай қозған). Сонау Х ғасырдан бері бұл қозғандар осылай бөлінеді екен.
Тоқтамыштан біз білетін алты ұл: Керімберлі, Қадірберділер Литва Украина елдерінде қалған. Айтеке (Айбас), Байтеке, Тайтеке, Тінібек аталары таралған. Тайтекеден таралған ұрпақтар біздің елде. Үлкен Тінібектер, Айтеке, Байтеке ұрпақтары Жиделі Байсында Қозған ата еліне кетіп қалған. Қарақожадан үш ұлтуады. Қотан жырау, Тоқтамыш, Қожамберлі. Сарықыз анамыз Тоқтас батырға үш шарт қойған екен. Бірінші анау атыңның үстінен үш рет секіріп түсіп, үш рет мініңіз. Екінші елге барғанда мені бәйбішелеріңнен бөлек жерден қоныс беріңіз. Үшінші өзің жасың келген адам болуыңа байланысты олай-бұлай болып кетсеңіз, әмеңгерлікке кіші бауырыңыз Қожамберліні тағайындап, соған тапсырасыз да, менен алыс емес қонысқа қоясыз. Айтқанындай Сарықыз Тоқтас дүниеден өткен соң Қожамберлімен әмеңгерлік жолмен тұрмыс құрған. Сонан соң үш ұл туады, Байназар, Есназар, Шолақ ұрпақтары.
Мақала авторы Жанкулов
Оразбек қажы Жүкенбайұлы
Қадірменді Сарықыз анамыздың ұрпақтары кесенені жаңадан салу мақсатында сіздердің қаржылай көмектеріңізді сұраймыз. Ат салысайық. KASPIGOLD: 87015387390 Toleutay Burashev