Home » Жаңалықтар » Киелі мекен-Қармақшы

Киелі мекен-Қармақшы

Ерекше топырағыңын сәні мүлде,
Жақпаған бұл өмірдің әні кімге?
Тербетіп елін күймен Қорқыт ата
Қобызын тартып жатыр әлі күнге…

    Адамзат баласы жаралып, тіршілік еткен сонау ықылым замандардан бері қаншама ұрпаққа құтты ќоныс, жайлы мекен болған бұл үлкені қасиетті мекен –Қармақшы деп аталады

Бұл топыраќта біздің  Алтындыасар, Жетіасар, Сырлытам қалашықтары    бағы жанып базары қызған Шірік- Рабаттың үлкен қала болғанын оның 3 бөліктерден тұратының: Бәбіш-мола, халық оны Қосқала деп кеткен, онан кейін Шірік-Рабат, Баланды сияқты тарихшыларға белгілі тұсы бар. Осы кезеңдегі археологтар ерекше қызығушылық танытқан оғыз дәуірінің қаласы  тас мүсінді қобыз табылған  Сортөбе, айта берсек жалғасын таба беретін көне  қираған қалалардың «Жібек жолының» ізі сайрап жатыр. Қармақшы ауданының жеріндегі 102 тарихи-мәдени ескерткіш қазіргі таңда мемлекеттің қорғауына алынған. Олардың 48-і — археологиялық, 44-і құрылыс және сәулет ескерткіштері болып табылады.

Осы ескерткіштердің ішінде ерекше аталатыны  аймақта жерленген түркі тілдес халықтардың ардақ тұтар абызы Қорќыт ата және аңызда арқадан келген қырық қыздың жалғызы  Ақсақ қыз, Қазақстандағы ең алғашқы ғазауат, дін жолындағы қасиетті соғысты жариялаған, үш жүздің пірі болған Марал ишан   бейіттері жатыр.Ел басқарған көсемділігімен айыр тілді шешендігімен де халқымыздыѕ тарихынан айрыќша орын алатын Жанқожадай батырымызға батасын берген  Жәрімбет әулие    бидің отаны,   Бұл дала Қорқыт баба бастаған жыраулық дәстүр кеңінен тараған. Сыр  сүлейлері  оның ішінде Қарасақал Ерімбеттің, Тұрымбет жырау Салқынбайұлының,  Тұрмағамбет Ізтілеуұлының, Дүр Оңғар Дырқайұлы,   Әзілкеш ақын, , Балқы Базар, Шораяқтың Омары, Ешнияз сал Жөнелдікұлы, Мұзарап Жүсіпұлы, Сабыт Дүзбенбет, Жиенбай, Рүстембек, Көшеней, Алмас Алматов  және өзіндік тарихы бар 100 шайырдың мекені деп аталады.  Ақын-жыраулардан бөлек  Алдашбай ахун, Ораз ахун Бекетайұлы, Әлібай ахун Қосқұлақұлы , Жүніс молда сияқты әулие-ишан тұлғаларды мекені деп айтамыз

Қармақшы ауданы жер аумағы — 31,0 мың км² аймақты алып 55 мыңнан астам халық өмір сүруде.  1928 жылы құрылған еліміздегі аграрлы-индустриалды аудандардың бірі. «Қармақшы» атауы нақты деректер жоқ, ертеден бастау алғаны ақиқат Қараөзек арнасының Сырдария өзенімен қиылысқан жерін ежелгі тұрғындар «Қармақшы өткелі» деп атаған.Аңыздарға сүйенсек Қармақшы ата 1630-1710жылдары өмір сүрген Найманның  Бағаналы руынан тараған деген деректер бар. Себебі  XVII-XVIII  ғасырлар аралығында сыр өзеннің оң жағалауын тарихи жағдайлармен найман рулары жайлағаны айтылады.   Халық аузындағы ол кісіні әртүрлі атпен атап жүр соның бірі Нұрмолдабаласы Жүсіп, кейбір айтушылар Ошанұлы Дәулен , Нұрмағанбет Ермағамбет деп аталады . Сырдарья өзенінен Қарадүзен қабақта малын жайып,  балық аулап қолға түскен несібесін халқымен бөлісіп жеген қайырымды, ақындық  өнері бар, әулие аты толық  белгісіз қармақ салған Қармақшы ата деп аталып кетті.

Қазіргі таңда Қармақшы ата мазары сексеуілді- бұталы тоғай ішінде Жосалы кентінің сыртқы жағында  орналасқан. Атақты орыс тарихшы- археологы  Ио́сиф Анто́нович Кастанье́ кітаптарында 20 ғасыр бас кездерінде екі мазардың осы маңда келушілердің назарын аударатыны  айтылады оның бірі Кетенияз болса ол сақталмаған, ал Қармақшы атамыздың мазарының қабырғалары, намазхана үйінділері  сақталған.Орыс тарихшысының жазбалары бойынша Қармақшы ата кесенесі төрт бұрышты қылып салынып жоғары жағы конус тәрізді  болған,  кіреберіс маңдайшаға киік басы  қойылған деген дерек бар. Кеңес одағының кезінде  сәулет өнерінің профессоры  Мендіқұлов Малбағар мазарды зерттей келе  архиктектурасына қарап 18-19 ғ мазары екенін айтады.           Ал асау Сырдарьяның  толқыны ата мазарының біраз бүлінуіне әкеліп соқтырған, оның ішінде  ел айтулары бойынша 1954 жылдары мазарға қатты зақым келіп, біржақ қабырғасының құлағаны байқалады. . Міне осы мазарға қарай отырып Қармақшы атауы ауданға берілгенін білуге болады. Тәуелсіздік алғанан кейін тарихи мұраларды түгендеу кезіңде ел ағалары 2009 жылы мазар алдына ескерткіш тастарын қойды, ал 2014 жылы төлқұжаты дайындалып мемлекет қорғауына алынған. Аудан тарихына ойыссақ Ресеймен байланыс орныға бастаған жылдардан (шамамен 1850 жылы) бастап осы өткел «Қармақшы форт-2» деп аталған. Оның алдында Қосқорған деп аталған   1904 жылы Орынбор-Ташкент темір жолының іске қосылған кезінен жергілікті жерден жоса бояуы алынатын бояулы тастардың көптеп шығып жатуына байланысты сол төбелердің атымен стансаны «Жосалы» орысша (Джусалинск) деп атаған.Қармақшы аудан аты болса орталығы 20 мыңнан астам  халқы бар Жосалы станциясы.

Ауданның әкімшілік бөлінісіне тоқталсам

22 елді мекен 2 кенттік әкімдігі мен 2 ауылдық округтерге біріктірілген:осы елді-мекендердің атауларының шығу тарихына аздап тоқталсам

1.Төретам-төре руының адамы төбеге жерленіп сол кісінің атымен аталған

2.Тәйімбет .Көмекбаев –ұлы Отан соғысының ардагері Кеңес Одағының батыры атымен аталатын ауыл

3.Тарғыл тауы- көктемде жаңбырдан кейін боз түске еніп тарғыл болғандықтан тау түсіне байланысты берілген

4.Ақжар-бұл атау өзен жағалауындағы жар топырағының ақ түсте көрінуі.

түсіне, алыстан қарағанда ағарып кӛрінуіне байланысты қойылған

5.Дүр Оңғар-Дүр Оңғар Дырқайұлы атақты жырау атымен аталған

6.Иіркөл-Сырдария өзенінен бөлініп қалған көл атауы

7.Ақай-Сырдарияның арғы бетінде Ақай деген Қоқан батырының кесенесі бар

Ауыл осы кесене атауымен берілген

8.Алдашбай ахун- атақты діндар кісі есімі

  1. Байқоңыр-Ауқатты бай қарапайым Қоңыр анамыздың атына берліген деп айтылады деген ұғымда берілген, кеңес одағы Жезқазған аймағындағы Байқоңыр атауын құпия обьект шатастыру мақсатында көшірме атпен қойған

10.Диірментөбе-Түркісіб теміржолы салынғанға дейін сол жерде

алыстан қарағанда диірменнің тасындай екі төбе болған, соған байланысты

аталса керек.

  1. Елшібай – жолайрық. Байқоңыр қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 9 км жерде. Кісі есімінен қойылған атау.
  2. Кемесалған –жер бетін ұлы топан су басқанда Нұһ Пайғамбардың осы жерде кеме жасап салған деген аңыз бойынша берілген
  3. Қарақ тауы, Қарақ жалы – төбе, жер атауы, тарихи мекен.

Қызылқұмның солтүстік бөлігінде, Қуаңдария өзенінің бойында, Қармақшы ауданынан 150-160 шақырым жерде орналасқан.

  1. Қуаңдария – құрғақ арна өзен арнасынын тартылған жері
  2. Іңкәрдария – құрғақ арна. Солтүстік Қызылқұмның оңтүстігінде

орналасқан ескі Жаңадария каналының оң жағынан айырылатын өзек

Географиялық қысқаша сипаттама берер болсақ. Аудан жерін толығымен Тұран ойпаты алып жатыр. Қиыр солтүстігінен Арал қарақұмының төбелі келген Жіңішкеқұм және Көлқұдыққұм құмды алабы, орталық тұсында Алақайдың ақтақыры және Жосалы даласы, оңтүстігінде Қызылқұмның төбелі құмдары орналасқан. Ауданның ең биік жері солтүстігінде (Тарғыл тауы, 160 м). Жер қойнауынан құрылыс материалдары барланған.Аудан жерінің орта тұсынан Сырдария өзені ағып өтеді. Одан Қармақшы, Шиелі каналдары тартылған. Оңтүстігінде Сырдарияның ежелгі арналары — Жаңадария, Іңкәрдария, т.б. өтеді. Шөлді аймақтағы өсімдіктер бірлестігін негізінен астық тұқымдастары бұталь құмды буталы, эфимериодты-жартылай бұталы, бұталы-сексеуілді, эфимериодтарға бай үлкен шөптермен және жарты лай бұталықты және эфимериодты-псаммофитті буталардан тұрады. Шөлді және шөлейт аймақтардағы өсімдіктерді түрлі құрамына қарай бірнеше топқа біріктіруге болады: құмды шөл өсімдіктері, сазды шөл өсімдігі, тастақ шөл өсімдіктері, сортан шал өсімдігі. Өсімдік жамылғысы негізінен бетеге, жусан, түймеда ғы, боздан құралады. Кейде жусан көлемді жерлерді алып жатады. Мұндай жерлердің түсі біркелкі ашық болып көрінеді. Кей жерлерде жусанның арасында изен, ебелек, теріскен, көкпек өседі. Еспе суы жер бетіне таяу жатқан сортанды жерлерде ши өседі. Шөл зонасындағы өзен аңғарларында өсетін ерекше өсімдіктер бар. Мұнда әртүрлі өсімдіктерден құралған қалын бүталар өседі. Оны тоғай деп атайды. Тоғай әсіресе Сырдария өзенінің аңғарларына тән.

Аудан халқы ерте кезден білімге ден қойған халық оның дәлелі облыстағы алғашқы оқу орындарының бірі 1895 жылы 15 мамырда ашылған. Мектеп Қармақшы орыс-қазақ түземдік училищесі аталып, оның меңгерушісі әрі мұғалімі Сырдария халық училищесі қызметкері М.Т.Широков болды. Қармақшы мектебі алғашында өзбек саудагері

М.Меркажановтың 7 бөлмелі үйіне орналасты. Кейін 1909 жылы жеке үйдің іргесі қаланып, онда 20 балаға арналған интернат ашылды. 1929 жылы 570 бала білім алды. 1962 жылы мектепке Ш.Уәлиханов есімі берілді.Қармақшы білімді жастар талай белестерді бағындырып жүр. Одан бөлек, Қармақшы ауданынан шыққан ұлт мақтаныштары Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан жауынгер ақын Әбзәли Егізбаев, Кеңес Одағының Батыры Тәйімбет Көмекбаев, Социалистік Еңбек Ерлері Цай Ден Хак, Әділбек Хайруллаев, Сәлима Жұмабековаларды да атап өткен жөн.

Аудан мал шаруашылығымен бірге, өзен жағасына Сырдың маржаны аталған күріш егу, бау-бақшамен айналысып, экономикамыздың дамуына өзіндік үлес қосуда..Міне Киелі мекен Қармақшының қысқаша тарихы осы, аудан  тарихи атауын қастерлеп, оны келешек ұрпаққа жеткізу – біздердің азаматтық борышымыз бен міндетіміз болып саналады.

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы
Темірбек Жүргенов атындағы №80
мектеп-гимназияның география пәні
мұғалімі Ниязов Серік Ұзақбайұлы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.